1. Сөз өнерінің табиғаты


Ырғақ, яки ритм (грекше rhytmos – шамалас, мөлшерлес, сайма — сай) – қимылдың, құбылыстың, үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы



бет23/29
Дата11.04.2023
өлшемі129,39 Kb.
#81591
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
Ырғақ, яки ритм (грекше rhytmos – шамалас, мөлшерлес, сайма — сай) – қимылдың, құбылыстың, үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы. Ырғақ – жасанды емес, табиғаи нәрсе, өнерге ғана емес, өмірдің өзіне де тән нәрсе : мезгілі мен келіп, мерзімімен кетіп тұратын жаз бен қыс, көктем мен күз, күннің шығу мен батуы, толқынның жағаға соғуымен қайтуы, — Тютчевше айтсақ, мәңгілік тасу, тартылу – түп – түгел ырғақты құбылыстар. Адамның аяқ алысы, жүрек соғысы…. – бәрі ырқақ. Міне, осылар секілді, өлең де, бәрінен бұрын, ырғаққа негізделеді.
Өлеңнің түрін белгілейтін де, негізнен, ырғақ. Бірақ бәрібір, шумақтардың жік – жігін ажыратуға әбден болады. Өйткені әр шумақ – аяқталған синтаксистік ой, жинақталған синтетикалық шындық. Ал шумақ бар жерде тармақ, тармақ бар жерде бунақ болатыны сөзсіз. Әр бунақты біз тағы да тек ырғақ арқылы ғана ажырата аламыз.
/Қабақ түйіп// қара бұлт/ /тұрды сәл – ақ/
/Өте шықты/ /селімен // қырды сабап/
/Көкжүзіне / / керіліп / /келе қалды /
/Мәңгні бақи / /тозбайтын/ / сырлы садақ/
(І. Мәмбетов) Бүкіл әлем әддебиетіндегі өлеңдер де халықтың тіл ерекшеліктеріне лайық әр түрлі жүйеде жазылады. Ең көне түрі – метрикалық (грекше metron — өлшем) өлең жүйесі. Бұл жүйе тұңғыш рет көне Грецияда – б. э. б. VIII ғасырда пайда болғанда, кейін (б. э. б. III ғасырда) латын әдебиетіне ауысқан.Метрикалық жүйе — әуезді жүйе, оның арқауында да ән жатады. Көне дүние әдебиетіндегі өлеңдер әрқашан әнмен айтылған, жай оқылмаған, музыкалы мақаммен оқылған. Метрикалық өлең жүйесіндегі негізгі өлшем — ән; 
Әр елдер әдебеиітндегі силлабикалық (грекше sillabe — буын) өлең жүйесінің туу тарихы осындай. Силлабикалық өлең өлшеміндегі ең шешуші нәрсе – буын : ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ, бәрі де буынға негізделеді.
Өлеңді өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес. Керек десеңіз, тіпті ұйқассыз (ақ) өлеңнің өзінін өлеңге айналдыратын бірден –бір күш, құрал осы — буын.
43. СҰРАҚӘдебиеттанудың салалары Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым. әдебиет туралы ғылым мынадай үш түрлі ғылыми салаға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет