1. Сөз өнерінің табиғаты


Көркем шығарманың мазмұны мен пішінінің бірлігі



бет10/29
Дата11.04.2023
өлшемі129,39 Kb.
#81591
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
билет жауаптары (копия)

1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішінінің бірлігі.
Көркемдік ұғымы мазмұн мен пішін бірлігі мәселесімен тығыз сабақтасып жатыр.
Мазмұн мен пішін мәселесі өнерге, әдебиетке ғана қатысты көркемдік-эстетикалық ұғымдар емес, жалпы болмыс, өмірге де тікелей қатысты ұғымдар, философиялық категориялар. Өйткені, дүние-тіршіліктегі, табиғаттағы қандай да бір болмасын жаратылыстың, заттың, құбылыстың өзіне тән сыртқы түрі, көрінісі, яки пішіні, сондай-ақ ішкі қасиеті, яки мазмұны болатыны даусыз.Сыртқы пішіні-түрімен Көрінбейтін, ішкі мән-мазмұнымен танылмайтын зат, құбылыс болмайды.
Пішін, демек, кез келген құбылыстың, заттың сыртқы түрі, көрінісі. Ол мәнсіз, мағынасыз құр пішін, көрініс емес. Пішін белгілі бір мазмұнды танытушы. Оның омы белгілі бір мазмұнды көрнекі, нақты танытуы өзінің пішін ретінде көрінуінің, өмір сүруінің белгісі. Сондықтан, ол жай, мәнсіз пішін емес, мазмұнды пішін.
Ал мазмұн белгілі бір заттың, жаратылыстың ішкі мәні, қасиеті. Ол тек белгілі бір пішін арқылы айқындалыр, нақтылы көріне, таныла алады.
Өмірдегі белгілі бір құбылыстарды , жағдаяттар мен оқиғаларды суреттеуге, олардың қоғамдық-адамдық мәнін ашуға арналған көркем туындының пішінсіз, мазмұнсыз болуы мүмкін емес.
Әдебиет теориясы ғылымында пішін деп туындының құрылысын, сюжетін, жанрын, көркем бейнелерді, тіл, барша көркемдік бейнелеу-суреттеу құралдарын, амал-тәсілдерін айтамыз. Ал тақырыпты, идеяны мазмұнның элементтері ретінде танимыз.
Әрбір толыққанды көркем туынды өзіне ғана тән қайталанбас мазмұн мен пішін бірлігінен тұрады. Сондықтан көркем туындыны талдап-таразылағанда, көркемдік-идеялық ерекшеліктерін сөз еткенде оны мазмұн мен пішін тұрғысынан байыптау қажет. Бұл өнер туындысының хаос, стихия емес, көркемдік-идеялық тұтастық, көркем бүтіндік екенін тану үшін қажет.
Екіншіден мазмұн мен пішін бірімен-бірі тығыз байланыс-бірліктегі бірін-бірінсіз танылмайтын егіз ұғымдар.
Көркем туынды мазмұны дегеніміз-суреткердің өмңр-болмысынан өз дүниетанымы мен идеалына сәйкес таңдап-талғап алып, айтпақ ойы-идеясына сай орайластырып түрлі суреттеу тәсілдері арқылы көркем бейнелеп өнер шындығына айналдырған өмір шындығы.

56.Шығарманы ажарлау тәсілдері


Аллитерация- шығармадағы біркелкі дауыссыз дыбыстардың сөз басында қайталануы. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет