1. Сөз өнерінің табиғаты



бет13/29
Дата11.04.2023
өлшемі129,39 Kb.
#81591
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
билет жауаптары (копия)

Автор

  • Тақырыбы

  • Жанр түрі

  • Идеясы-ақынның айтар ойы мен мақсаты

  • Шумақ

    Бірнеше жолдар мағына жағынан, дыбыс үйлестігі жағынан қиюласып келіп шумақ құрайды. Өлең сөйлемдеріндегі синтаксистік бір ойдың бітуін шумақ деп атайды. Шумақ болу үшін өлең жолдарының көбі не аз болуы шарт емес, синтаксистік бір ойдың бітуі шарт.
    Қазақтың бір ауыз өлең дейтіні бір шумақ болады. Өйткені айтайын деген ой бітеді.
    Мысал үшін мына бір халық өлеңін алсақ, бір-ақ ауыз өлең және ой бітіп тұр. Сондықтан ол бір шумақты өлең болады.
    Хат жаздым қалам алып қауырсыннан,
    Қаршығам қаз іледі бауырсыннан.
    Шақырса тауда тарлан таң сәріде,
    Еділде бұғады үйрек дауысынан.
    Синтаксистік ойдың бітуіне қарай, шумақ та әр түрлі болады. Ол екі жол өлеңнен бітсе, екі тармақты шумақ, үш жол өлеңнен бітсе, үш тармақты шумақ, төрт жол өлеңнен бітсе, төрт тармақты шумақ деп аталады. Тармақ саны бесеу де, алтау да, он да, онан да көп бола береді. Ол – ойдың бітуіне қарай.
    6.Тармақ 
    Әр шумақта бірнеше тармақ болады. Шумақта тармақ екеуден кем болмайды. Тармақ деп өлеңнің бір жолын айтады. Өлең тармағы түрлі-түрлі. Екі тармақты және алты тармақты өлеңге мысал келтіреміз.
    1) Екі тармақты шумақ.
    Жанған шамым, шам шырағым,
    Сенсің менің атқан таңым!

    Сен жалғызым сен күнімсің


    Көкте жанған жұлдызымсың!
    (Бесік жыры)
    2) Алты тармақты шумақ.
    Бойы бұлғаң,
    Бетті бастым,
    Сөзі жылмаң,
    Қатты састым,
    Кімді көрсем, мен сонан
    Тұра қаштым жалма-жан.
    (Абай.)
    7.Бунақ
    Өлеңнің бір жолын тармақ деп атадық. Өлеңнің бір тармағында бір не бірнеше бунақ болады. Б у н а қ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Мысалы,
    1.Екі бунақты тармақ
    /Мүйізді қара/ /жұдырық/
    /Тоқпақтай боп/ /жұмылып,/
    /Бүлкілдеген/ /бұлшық ет/
    /Денеде бұлт-бұлт/ /жүгіріп/
    /Баттасқан болат/ /буындар,/
    /Түтін шалған/ /отты көз/
    /Еңбекке төніп/ /үңіліп, /
    /Бір жарықты/ /көруге/
    /Күні кеше/ /ынтық ед./
    (Сәбит.)
    Қазақ әдебиетіндегі жыр, желдірме деп атап жүрген өлең шығармалардың көбі екі бунақты өлеңге жатады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет