3. Сюжетпен фабула туралы ой-пікірлер Фабула(лат. әңгімелеу, баяндау, тарихын айтып айтып беру)- көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау.
Фабуланы Аристотельше шығармада болған жайттарды жымдастыру,
Лессингше шығарманың табанында тұтасып жатқан арқау,
Гегельше шығарманың негізі және жаны,
Островкскийше болған жайтты ешқандай бояусыз тұжырып айтып беру,
Кайзершеболған оқиғаны ықшамдап, схемаға түсіру
Томашевскийше өзара іштей байланысқан құбылыстар қосындысы
Кожиновше әрі айтып, бері айтқанда белгілі бір оқиғалар шоғырынан тұтасқан мәлімет, хабар.
Сюжет (фр.-зат)- көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі. Сюжет туралы ой пікірлер:
Горький: «Сюжет-адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр характердің, типтің өсу, жасалу тарихы»
Сюжеттің қасиетін түсіндірмек болған Алексей Толстой: «Менің міндетім-тыңнан тіршілік әлемін жаса, оқыраманды соған еңгізіп жіберу»-дейді.
Сюжеттен пайда болған өзгеше тіршілік дүниесінің-әдеби қаһармандар әлемінің «айрықша өз өмірі, өз тарихы, өз географиясы мен этнографиясы» болатынын кезінде Гончаров та айтып, дәлелдеген. Бұған қарағанда, сюжет арқылы жасалған «тың тіршілік әлемінде» өзінше бітім, өзгеше бүтіндік болатыны байқалады.
В.Кожинов: «фабула сюжеттен бұрын пайда болады»-деген пікір білдіреді.
Сюжет пен фабула туралы ой пікірлер бір-біріне байланысты. Сюжет пен фабуланы бөлек қарауға параллель жасаушылар сюжетті — әрекет, фабуланы оқиға деп ұғатыны мәлім. Бірақ әрекетсіз оқиға болмайды. Немесе өзара тұтасып оқиғаға айналмаған қимылды жүйелі әрекет деуге болмайды. Ендеше, оқиғаны әрекеттен бөлуге болмайтын сияқты, фабуланы сюжеттен бөлуге болмайды. Екеуін бір ұғымға сыйғыза тексерген Л.Тимофеев пен Шепелованың толғамдарынан толып жатқан нанымды дәлелдер бар.