1. Сөз өнерінің табиғаты


Сөз — әдебиеттің шындықты бейнелі танытуының бірден-бір құралы екендігі. Жазушының тіл байлығы: полисемия, омонимия, синонимия, антоним, неологизм, архаизм т.б



бет12/29
Дата11.04.2023
өлшемі129,39 Kb.
#81591
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Сөз — әдебиеттің шындықты бейнелі танытуының бірден-бір құралы екендігі. Жазушының тіл байлығы: полисемия, омонимия, синонимия, антоним, неологизм, архаизм т.б.
Әдеби шығармаға әділ сын айтар адам бәрінен бұрын шығарманың тіліне, автордың сөз өрнегіне қарауы шарт. Көркем тіл жайы — әдебиет туралы ғылымның ең өзекті мәселелерінің бірі. Тіл, сөз жайын тексеретін ғылым үш түрлі: тіл білімі, стилистика және көркем сөз теориясы.
Бұл үш саланы бір-бірінен ажырата білу, әрқайсысының өзіне тән сыр-сипатын айқын тани білу шарт. Жазушының тілі шұрайлы, сөздік қоры мол болуы керек. Бұл – қалам иесіне қойылар бұлжымас талап. Тіл байлығы сөз өнеріндегі мазмұн байлығына әкеледі. Ал халыққа қажет шығарма — мазмұнды шығарма.
Тіл байлығының көздері көп. Солардың бірі – сөздердің көп мағыналылығы (полисемия). Әр сөз жеке атау күйінде тұрып-ақ бірнеше мағынаға ие. Жазушының еңбегіне байланысты творчествоның азабы деген ұғым бар. Сол азаптың ең үлкені – суреткердің сөз үстіндегі қызметі. Алайда шын таланттың рақаты да сол – азапта: миллион сөз ішінен бір сөзді таңдап тауып, дәл орнына дір еткізе түсіру – азаптан туған рақат. Жалғыз-ақ жазушы осыған жету үшін сөздердің өзге қырларымен қатар, полисемиялық сырларын да терең білуі қажет. Өйткені бұл, жоғарыда айтқанымыздай, тіл байлығының қайнар көзі.
Полисемизмде бір сөздің бірнеше мағынасы болатын болса, енді бір ғана мағынадағы сөздің өзі өзге сөздермен тіркесе келе бірнеше ұғымға көшетін жайы және бар. Мысалы, сынап деген сөз жеке тұрғанда зат болса, осыны өзге сөздермен тіркестіріп, айталық, сынаптай ағады десек, жаңағы заттық ұңымы қолма – қол өзгеріп, енді әлдененің жылдамдығын немесе сынапша жылтырайды десек, тағы бір нәрсенің түсін таныта бастайды.
Оның дәл осы жағдайда сөз іздер атырабының бірі – с и н о н и м и я ( грекше sunonymos-заттас ) –а й т ы л у ы, е с т і л у і ә р т ү р л і б о л ғ а н м е н, м а ғ ы н а с ы б і р – б і р і н е ж у ы қ, м ә н і ұ қ с а с с ө з д е р. Мысалы: шапшаң, дереу, жедел, тез, жылдам; мезгіл, мерзім, уақыт, шақ, сәт, кез, кезең; айқас, шайқас, ұрыс, қағыс, қақтығыс, тартыс, төбелес, тайталас, кескілес т.б. Осылар секілді синоним ішінен өз көкейіндегі сыр мен шындықты дір еткізіп дәл жеткізер ең қажеттісін ғана таңдап алады.
Бір емес, бірнеше синонимдердің бірін–бірі үстемелей, қабаттаса, қатар келуі арқылы жасалған сөз тіркесі (плеоназм) де көркем шығармада орнымен қолданылса, ой мен образға айрықша әсер, күш дарытады.
Соңғы жол – түп-түгел плеоназм. Бір топ синоним бір-ақ жолға сыйып, түйдектей тұтасқанда өлең өзгеше екпінмен, леппен ойнап шыға келген. Қысқасы, синонимдер біздің сөзімізді байытады, айқындайды, түрлендіреді. Синонимиясыз әдеби тілдің сыртқы әрі немесе ішкі нәрі жайлы әңгіме қозғаудың қажеті жоқ. Сөйлеу тілімізде синоним (заттас) сөздермен қатар омоним (грекше homos; onyma- аттас) – айтылуы, естілуі бір болғанымен, мән-мағынасы әртүрлі сөздер..
Суреткердің сөз қорындағы бір «алтын сандық» — архаизм (грекше archaios- ежелгі, көне) бүгінде ескіріп, әдеттегі қолданудан шығып бара жатқан, әсіресе ауызекі сөйлесулерде көп айтыла бермейтін көне сөздер.
Суреткердің сөз қорын молайтып, тілін байытар тағы бір қайнар бұлақ – неологизм (грекше neos-жаңа, logos-сөз) – жалпы қоғамдық дамумен сабақтас тыңнан туған соны мағыналы сөздер.
Әдеби шығармаларда идиомалар (грекше idioma-айрықша айшық) жиі ұшырайды. Идиома терминге қарама-қарсы: терминдер бір тілден бір тілге оп-оңай көше салатын болса, идиомаларды өз тілінен өзге тілге аудару-қиынның қиыны; кейде тіпті мүмкін емес. Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді деген қазақ тіліндегі айрықша айшықты өзге тілге сөзбе-сөз аударса, күлкі болар еді ғой. Сондай-ақ орыстың «выеденного яйца не стоит» дегенін аудару да мағынасыздыққа апарар еді. Сондықтан бір тілдегі идиоманың екінші тілден тек идиомалық баламын іздеп, табудан өзге аудару жолы жоқ
60.Әдебиет теориясының эстетика, өнер теориясы, философия, тіл білімі т.б. ғылымдармен байланысы
Әдебиеттану ғылымының пәні, зерттейтін обьектісі сөз өнері болғандықтан, ол да әдебиетке, өнерге жақын сезіледі. Әдебиет өмірді бейнелеп көрсетсе, әдебиеттану ғылымы соның мәнін, өзшелелеп айқындап көрсетуді мақсат етеді. Яғни, әдебиет ғылымында да ой бейнелілігі мен сезімталдық қажет, ол әдебиеттің қоғамдық-эстетикалық мәнін түсініп-білу қажет. Бұл жағынан алғанда, әдебиет ғылымы сөз өнерінің, жалпы көркем өнердің көп қасиет—жетістіктерін бойына сіңіріп, нәр алып, өркендейді.
Алайда, әдебиеттанудың өз ғылым болғандықтан, ғылыми-логикалық ой-жүйесіне тән жүйелеп талдау, қорытынды-түйін жасау, қисын-байланыстарды көре білу шеберлігі, теориялық ұғым-түсініктерді айқындауға жүйріктік те қажет. Бұл ретте
әдебиеттанудың зерттеу тәсілдері философия, логика, эстетика, психология ғылымдарымен ұштасады.
Ғалым сыры, тіршілік құпиясы, жазмыш жұмбағы-адамзат тарихының қай кезеңінде де болмасын, ақындар мен философтарды бірдей ой азабына салған мәселер
«Философия мен поэзия қарсы біткен екі заңғардың басында тұрғанмен, бір ғана жайт төңірегінде сөз қозғайды»,-деп жазады неміс философы М.Хайдгер. Философиялық шығарма мен қадым заман ақындарының туындыларынан ежелгі дүниетаным іздері байқалса, ол-философия мен поэзия арасындағы мәңгі бірліктің, сарындастықтың айғағы.
Әр адамның көңілінде әсемдік жайындағы өмір тәжірибесінен туған түсініктері болады. Сол түсінік оны үлкен идеяларға жетелеп, әсем сезімге бөлеп, бақытына жол сілтейді. Жүректе асыл, пәк сезімнің ұялауы оған күшті ерік, жігер береді. Ол табиғатты, өмірдегі, өнердегі әсем құбылыстарды тап басып, тани біледі. Ал сол адамдағы асыл ойды, әсем сезімді ғылым арқылы терең ашып түсіндіруге болады. Адамдардың шындықты, өмірді сезіммен танып, өмірді өнер арқылы ашуы-эстетикалық таным деп аталады.
Әдебиеттану ғылымының шеңбер-шегі әдеби процестің дамуына байланысты кеңейіп отырады.
Сондай-ақ әдебиеттану ғылымы қазақ әдебиетіне қоса дүниежүзі әдебиетіне қатысты ірі көркемдік құбылыстарды да талдап, олардың қорытынды түйін жасап, өмірлік қажетімізге жаратып отыруға тиіс.
Қазірде әдебиет теориясы ғылымы ұлттық мүддемен тікелей байланысты. Әрбір ұлт өз әдебиетін дамытуға елеулі мән береді. Атап айтқанда Батыс және Шығыс әдебиеті арасында елеулі айырмашылық бар екені рас. Батыс әдебиеті көбінесе кейіпкерлердің сыртқы бейнесіне көңіл аударса, шығыс әдебиеті кейіпкерлердің ішкі дүниесіне назар салады.
Қазақ әдебиетінде қазірде әдебиет теориясы ғылымы негізінен алғанда ұлттық мүддемен байланыстырыла зерттелуде. Ұлттық қадір-қасиет, психология, ойлау жүйесі төл әдебиетіміздің негізгі өзегін құрап отыр. Алдағы кезде де осы бағдар әдебиет теориясы ғылымында басымдыққа ие болады.
26.Драмалық жанр түрлері. (Аристотель, Гегель, Белинский, Байтұрсынов, Горький т.б.)
Драмалық жанр трагедия, драма, комедия болып үшке бөлінеді. 
Трагедия(грекше – tragos – ескі, ode – ән, жыр.). Трагедия сахнаға арналып жазылады.Мұндағы көрсетілетін күрестің өзгешелігі,автордың пікірінше, кездесетін қиыншылықты жеңіп болмайтын тәрізді.Трагедияның көпшілігі-ақ қаһарманның өлімімен аяқталады. Драматургияның бір түрі
комедия (грекше komadia – күлкілі қызық, ән) – өмірдегі келеңсіз, керексізқұбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, оспадарлықты, мінездегі мінді сықақөпен сынап, айналдыратын күлдіргі пьеса. Комедия, трагедияға керісінше, «өмірдің биік поэзиялық сәттерін» суреттемейді, қарапайым «күнделік прозасын, үсақ-түйегін, кездейсоқ жайттарын» (Белинский) суреттеғиді.
Драма – сахнаға қоюға лайықтап жазылатын драмалық жанрдың бір түрі. Дромадер әлеумет өмірінде кездесетін үлкен, аур халдермен қатар салт-тұрмыста күнбе-күн кездесетін күлдіргі  жайттарды араластырыла көрсетіледі. Егер трагедияда күлкінің кездесуі шарт емес болса, комедия түгел дерліккүлдіргі оқиғаға құрылады, өлім мүлде болмайды. Драмада бұл екі элементтің екеуі бірдей кездесе береді. Сондықтан бұл трагедия да, комедия даемес, өзінше бір түр болып есептеледі. Тарихи жағынан алғанда драма трагедия мен комедиядан кейін туған.
27.Эстетикалық ойдың даму кезеңдері
Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың өзінде-ақ ежелгі қытай, үнді, грек ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы әсерлене қабылдайтындығын байқаған. Соның барысында белгілі бір кеңіл күйлері — таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, өзілдеу, тебірену, толқу және т.б. болғандығын тілге тиек еткен. Әрі сол күйлердің өлемге деген таза танымдық қатынастан езінің сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін білген. Осы тебіреніс-толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында ежелгі дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, "сұлулык", "әсемдік", "аскақтык" және оған қарама-қарсы "сұрықсыздық", "мешеулік", сол сияқты "трагедиялық" жөне "комедиялық" туралы алғашқы түсініктер қалыптасады. Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша шолу жасап, көз жүгіртіп етейік. Оны философиялық ғылымдардың пайда болған жері Грекиядан бастау занды. Антикалық эстетика, ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі. 
28.Стиль – өнерге тән ерекшелік
Стил– қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі. Стильдің жұмыс стилі, газет стилі, ғылым стилі, т.б. түрлері бар. Әдебиетте көркем құралдар тұтастығы, әдіс ретінде қолданылады. Көркемдік компоненттер мен түр ерекшеліктерін өз қажетіне асыруда, мазмұн байлығын тереңдете түсуде суреткердің стилдік ерекшелігі айқындалады. Стиль суреткердің қолтаңбасын анықтаумен қатар, сөз өнеріндегі көркемдік әдіс-тәсілдерді, әдебиеттің бағыт-бағдарын ажыратады. Стиль түр мен мазмұнның бірлігін қалыптастырып, көркем мәтіннің тұтастығын қамтамасыз етеді. Әдебиеттану ғылымында стильдің дәуір стилі (қайта өркендеу, барокко, классицизм, реализм), түрлі ағымдар мен бағыттардың стилі, ұлттық стиль және суреткерге тән жеке стиль, т.б. түрлері кездеседі. Антикалық дәуірде стиль сөйлеу мәнері, сөйлеу тәртібі ұғымдарын берген, осы негізде классицизм кезеңінде стильдің 3 түрі (жоғары, орташа, төмен) анықталған. 17 ғасырда стиль филологиялық пән ретінде қалыптасса, 18 ғасырда философиялық эстетиканың назарын аударды. И.В. Гете мен Г.Гегель стильді дүниені танудың көркем белгісі санаған. Стиль жайында В.В. Виноградов “стиль көп мәндес” деген пікірді айтса, зерттеуші Л.Шепилова стильді әдіс ретінде танып, “әдіс – өмірді образ арқылы көрудің айрықша түрі” дейді. 20 ғасырдың 20-жылдары лингвистик. стилистика қалыптасып, кеңестік кезеңде стиль шығармалар әдіс ретінде танылды.Стиль тіл көрінісі ретінде өнердегі стильден ерекшеленіп, шығарманың мағыналы түрі, эстет. тұтастық ретінде мойындалды. Реалистік романның дамуы стильге жаңалықтар әкелді. М.М. Бахтинның пікірінше, пікірталас қарама-қайшылықтары жаңа стильді қалыптастырушы күшке ие болды. Қазақ әдебиеттану ғылымында А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” еңбегінде стиль туралы “Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді, әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен сөз тізіп, әдеттенуінен, салттануынан болады. Ол салттар жалпы сөз тізу салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз шығарушылар бәрінен бұрын лебіз дауысынан шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білуі қажет” дейді. Ол стильді тіл қисыны мен лұғат қисынының бірігуі деп таниды. Абайдың стилін тануда ол: “Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына оның шеберлігі керек, мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған” дейді. Зерттеуші Қ.Жұмалиев “Стиль – өнер ерекшелігі” (1966) атты еңбегінде қаламгердің жазу мәнерін, көркемдік шеберлігі мен талант табиғатын, ал З.Қабдолов “Әдебиет теориясының негіздерінде” суреткерге тән шығарм. ерекшелікті стиль ретінде қарастырды. Кеңестік әдебиетте төңкеріс кейіпкерлерінің тілі, сөйлеу мәнері бейнеленіп, қарапайым адамның сөзі, оның әңгімелері стиль ретінде көрініс тапты. Мыс., Б.Майлиннің “Мырқымбайы”, т.б. М.Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі қыр өмірінің суреттері, “Абай жолы” роман-эпопеясында дәуір келбеті мен адам іс-әрекеттері негізінде кең тыныспен өріс алса, С.Сейфуллиннің “Альбатрос” поэмасында өзгерістер лебі танылды. Бұл шығармалардан қаламгерлердің өздеріне ғана тән стильдік ерекшеліктері, шеберліктері көрінеді. Т.Әлімқұлов, А.Сүлейменов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Қ.Ысқақ, О.Бөкей, С.Мұратбеков, Д.Исабеков, т.б. туындыларында қарапайым халық тілі жаңа стильдік арнада көрінді.
29.Аралас жанрлар теориясы
Аралас жанрлар драмалық жанрды жиі кездеседі. Бір песаның өн бойында трагедия да, комедия да кездесетіндігі аз емес. Драма — сахнаға қоюға лайықтап жазылатын драмалық жанрдың бір түрі. Драмада әлеумет өмірінде кездесетІн үлкен, аур халдермен қатар салт-түрмыста кұнбс-күн кездесетін күлдіргі жайтгар да ұштастырыла, араластырыла көрсетіледі. Егер трагедияда күлкінін кездесуі шарт емес болса, комедия түгел дерлңккүлдіргі окиғаға күрылады, өлім мүлде болмайды- Драмада бұл екі элементгін екеуі бірдей кездесе береді. Сондықтан бүл трагедия да, комедия да емес, өзінше бір түр болып есептеледі. Тарихи жағынан алғанда драма трагедия мен комедиядан кейІн туған.

30.Шығармашылық және көркемдік әдіс мәселесі. Көркемдік даму және оның


Заңдылықтары
Әдеби–шығармашылық процесте стиль мен ағымнан гөрі әлдеқайда тұрақты және тұрлаулы зат бар, ол — әдіс. Әдебиет теориясында әдіс мәселесіне қатысты айтылған дау тудыратын ой-пікірлер, түрлі тұжырымдар көп. Әдіс деген атауды әркім әр түрлі айқындайды: біреулер көркемдік әдіс десе, біреулер шығармашылық әдіс, енді біреулер жай әдеби әдіс дейді.Мұның бәрі — бір ұғым. Романтизм немесе реализм ағым ба, әдіс пе? Біреулер әдіс десе, біреулер ағым дейді; ал үшінші біреулер әрі әдіс, әрі ағым деп, екеуіне бірдей телиді. Әдісті ағыммен алмастыруға да, стильмен шатастыруға да болмайды. Неге десеңіз, — стиль мен ағым тарихи категориялар болса, әдіс олай емес; стиль мен ағым — қайталанбайтын құбылыстар болса, әдіс — қайталанып отыратын құбылыс; стиль мен ағым құбылмалы нәрселер болса, әдіс — тұрақты нәрсе…Ендеше, әдіс — стиль де емес, ағым да емес. «Творчестволық әдіс, — дейді профессор М.Қаратаев, — өмірді образбен бейнелеп, көркем шындық жасау жолы. Екінші сөзбен айтқанда, өмірдегі болмыс дүниесінен өнер дүниесін, яғни тұтас бір шығарма көлемінде көркем образдар жүйесін жасау жолы. Көркемдік әдіс — бір адамға ғана тән стиль де емес, бір қоғамға ғана сай ағым да емес.Мұның екеуінен де әлдеқайда кең ұғым, барлық адамдармен қоғамға тән өнер атаулының бәріне ортақ тұрлаулы, тұрақты нәрсе екенін және заты көркемдік әдіс деген атымен бірге емес, өнердің өзімен бірге туып, өнер арқауы — өмірдің өзімен бірге дамып, жетіліп келе жатқан табиғи, тұтас құбылыс екенін дәлелдейді.Көркемдік әдіс — алдымен, шындықты шын мәніндегі суреткердің өз көзімен образды түрде тану жолы, содан соң, өзі таныған шындықты бар өнерін төге, бар шеберлігін сала көркем жинақтап, өзгеге таныту жолы. Көркемдік әдіс — өнер туындысында адам образын жасауға, сол арқылы шындықтың сырын образды түрде ашуға қажет өмір деректерін белгілі бір эстетикалық талғам биігінен тандаудың, қорытудың және жинақгаудың өзгеше принципі, сайып келгенде, өмір шындығын өнер шындығына айналдыра саралап, белгілі бір қоғамдық идеал тұрғысынан қайта туғызудың айрықша типі.Сонымен шығармашылық әдіс екеу — романтизм, реализм. Екеуінің де негізгі сипаттарын Ф.Энгельс белгілеп бергені — романтизмді «ерекше жағдайда ерекше характер жасау» жолы ретінде түсіндірсе, реализмді «детальдар шыншылдығымен» қоса «типтік жағдайда типтік характер жасау» жолы ретінде түсіндіреді. Бұл анықтамалар Софокл мен Аристотель пікірлерін де, Белинский пікірін де жоққа шығармайды, қайта солардың тұрлаулы тұжырымы сияқты.Әрине, романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп: суреттелер шындық қиялға негізделеді; қияли шындықтың өзі осы шақтыкі емес, не өткен, не келер шақтыкі; шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос жатады; автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, оқыс әсерлі келеді.Дегенмен осы ерекшеліктеріне қарамастан, романтизмді реализмнен бөліп әкетіп, араларына ылғи шек коя берудің қажеті жоқ. Романтизм (әсіресе оның прогресшіл түрі) мен реализм кей ретте, Белинскийше айтсақ, «бір-біріне кереғар келгенмен, түбінде бір мақсатқа апаратын бағыттас» әдістер. Оның үстіне әр суреткер осынау екі әдістің тек біреуімен ғана жазады; екеуінің басын бір жерге қоса алмайды, ол — не таза реалист, не таза романтик болуға тиіс деп түсінсек, қателесер едік. Керісінше, әрбір «ірі суреткерде — дейді Горький, — реализм мен романтизм бір-бірімен әрқашан жалғасып жататын сияқты.Бальзак — реалист, бірақ ол «Шегірен былғары» тәрізді реализмнен аулақ тұрған романдар жазды. Тургенев те романтикалық рухтағы дүниелер туғызған. Гогольден бермен қарай Чехов пен Бунинге дейінгі ірі жазушылардың бәрі сөйткен. Реализм мен романтизмнің бұлайша бірігуі — біздің үлкен әдебиетімізге әсіресе тән сипат».Қай кезде жасамасын, бәрібір, барлық қазақ жазушылары (Махамбет пен Абай, Ш.Құдайбердиев пен С.Торайғыров, М.Жұмабаев пен С.Сейфуллин, Б.Майлин мен І.Жансүгіров, М.Әуезов пен Ж.Аймауытов, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин мен Х.Есенжанов т.б.) жайлы да дәл осыны айтуға болар еді: бәрінің творчествосында да реализм мен романтизм араласып жүр.Жалғыз-ақ бір есте болатын нәрсе — осылардың жеке алғанда әрқайсысы, жалпы алғанда барлығы, қолдан келгенше, романтизмнен реализмге келе жатады. Әдеби дамудың объективті заңы, әдеби әдістің эволюциясы тек қана осылай жылжуға тиіс.2сұрағы Көркемдік даму заңдылықтарымен сабақтастықтың әдебиетте өз ізін үнемі қалдырып келеді. Көркемдік даму заңдылқтары әдебиеттің ұлтына тілдік ерекшелігіне тікелей байланысты. Әдебиеттің бай мұрасының оның одан кейінгі дамуына елеулі әсерін тигізді және сабақтастықты қамтамасыз етеді. Атап айтқанда қазақ әдебиетіндегі көркемдік даму заңдылықтары өзінің бастауын халықтың бай ауыз әдебиетінен оның ертегі, аңыз, жыр, дастандары секілді мазмұн мен түрге бай шығармаларынан әлі күнге дейін нәр алып келетіні белгілі. Әдебиеттің ұлттығы жайлы мәселені еліміз тәуелсіздік алғаннан бері негізгі мәселеге айналдырды.Ұлттық мүддені бүгінде қазақ әдебиетінде ең көкейкесті мәселеге айналдырып отыр. Сондықтан да әдебиеттегі көркемдік даму заңдылықтары оның тілдік, көркемдік ерекшеліктеріне сайма-сай болатындығы жөнінде айтылып келеді. Әлемдік әдебиетте ең мықты деген шығармалардан қазақ әдебиетіндегі көркемдік деңгейі жоғары әрі құнды екендігі белгілі. Тіпті Азиямен Африка елдеріндегі әдебиеттің бүгінгі әлемдік деңгейі әдебиетте даму жандану үдерісінен бастап келсе де оларда көркемдік әлі де солғындау екендігі жасырын емес. Ататлған елдер шығыста және Европа және Латын Америка елдеріндегі әдебиет.Көркемдік шығармалардағы оқиғалары талас-тартыстар шынайы суреттелген. Өмір шынайылықпен суреттелген, көркемдік бояуға бай емес. әдебиетте сондай-ақ сабақтастық елеулі роль атқарады. Әрбір кезеңнің ескі заманның әдебиеттегі бір-бірімен байланыстығын үзбейді. Өйткені қандай әдебиетте болмасын оның өткені бүгіні болады және әрбір мәдениеттің келер күннің мәселесі де талданып отырады.
36-39.Өлеңнің талданатын компоненттері және талдау принциптері



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет