1. Сөзжасам және граматика


Сөз құрылысы. Сөз тудырушы, форма тудырушы аффикстер. Аффиксация. Фузия және агглютинация. Көмекші сөздер



бет4/4
Дата26.12.2023
өлшемі23,41 Kb.
#143954
1   2   3   4
Сөз құрылысы. Сөз тудырушы, форма тудырушы аффикстер. Аффиксация. Фузия және агглютинация. Көмекші сөздер.

  1. Сөз құрылысы Сөздің морфологиялық құрылымына дұрыс талдау жасау үшін, ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын ала айқындап алу өте-мөте қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түбір морфома (немесе негізгі морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфема) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.

Сөздер морфологиялық құрылымы, морфемалық құрамы жағынан алуан түрлі болады: олар бір морфемадан да (бас, қол), екі морфемадан да (бас-та, қол-да), бірнеше морфемадан да (бас-та-у-шы, қол-да-н-ыс-ы)құрала береді. Сөз құмындағы морфемалардың әрқайсысының өзіне тән мағынасы болады. Мысалы, көлшікке деген сөздің құрамындағы үш морфеманың біріншісі (көл) заттық мағынаны білдірсе, екіншісі (-шік)кішірейткіш мағынаны, соңғысы (-ке) бағыт мағынасын білдіреді. Мағыналық тұрғыдан қарағанда, морфема сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі болып саналады. Сөз де, морфема да дыбыстан немесе дыбыстардың тіркесунен құралады. Дыбыс – тілдің ең кіші единицасы, бірақ ол өздігінен мағынаны білдіре алмайджы. Дыбыс – тілдің мағыналық единицасы емес, ең кіші фонетикалық единицасы. Егер жеке дыбыс мағынамен байланысса, яғни мағыналық единица ретінде қызмет атқара қалса, онда оның сөз немесе көмекші морфема болғаны. Мысалы, орыс тіліндегі в городе, о роботе дегендегі в,о – предлогтар да, қазақ тіліндегі о баста, о заманда дегендердегі о – ол деген есімдіктің ықшамдалған түрі, ал іні-м, киім-і дегендердегі -м, -і – көмекші морфемалар. Келтірілген бұл мысалдар мағынаның дыбысқа емес, сөзге және сөздің мағыналық бөлшегі – морфемаға тән екендігін дәлелдей түседі.
Сонымен, морфема дегеніміз тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единицасы.

  1. Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық мағынаны білдіретіндері де, грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Дүние жүзіндегі тілдер грамматикалық құрылысы жағынан алуан түрлі. Осыған орай, ол тілдердегі сөздердің морфологиялық құрылымы да, сөз құрылымындағы түбір морфема мен аффикстік морфемалардың табиғаты да түрлі-түрлі болып келеді. Негізгі (немесе түбір) морфеманың жалпылама лексикалық мағынасы заттық мағына деп аталады.

Түбір сөз бен түбірдің, негіз бен сөздің формасы жағынан бір-біріне сәйкес келуі, орыс тіліне қарағанда, түркі тілдерінде әлдеқайда жиі ұшырасады. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, сөздің негізгі ары қарай морфемаларға бөлшектеуге келмейтін бір ғана түбірдің өзінен (мысалы, жас, қол) құралған жалаң негіз түрінде де, екі немесе одан дакөп морфемадан (жас-тық, қол-тық-та) құралған туынды негіз түрінде де ұшыраса береді. Жалаң негізден, яғни тек жалаң түбірдің өзінен, құралған сөздер түбір сөздер деп аталады, туынды негізден, яғни түбір мен жұрнақтың қосындысынан құралған сөздер туынды сөздер деп аталады.
Енді көмекші немесе аффикстік морфемалар жайында. Лексикалық мағынаны білдіретін морфема негізгі немесе түбір морфема деп аталса, грамматикалық мағынаны білдіретін морфема көмекші немесе аффикстік морфема деп аталады. Олар, мысалы, түркі тілдерінде дербес сөз ретінде қолданыла алады. Ал аффикстік морфемаларда мұндай дербестік болмайды. Сондықтан да олар көмекші морфемалар деп аталады. Аффикстік морфемалар әрқашан сөз құрамында қолданылады. Олар сөзден тыс, ешқандай мағынаны білдіре алмайды. Аффикстік морфемалар сөз құрамында қолданылғанда ғана, белгілі бір мағынаны білдіреді. Мысалы, көлшікке деген сөздің құрамындағы аффикстік морфемалар(-шік, -ке) осы сөздің және т.б. осы сөз тәріздес басқа да сөздердің құрамында қолданғанда ғана, белгілі бір мағыналарға ие бола алады. Сөз құрамында аталған аффикстік морфемалардың алдыңғысы (-шік) түбір морфеманы (көл)нақтылай түсіп, кішірейткіш мағынаны білдірсе, соңғысы (-ке) бағыт мағынасын білдіреді.

Аффикс ( лат. affixus - жалғанған )— қосымша, түбірге жалғанып, грамматикалық немесе сөзжасамдық мағына тудыратын сөз бөлшегі, сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші морфема. Аффикс сөз құрамын морфологиялық жағынан жіктегенде ажыратылады (Ф. Фортунатов).
Сөз тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөздерінен жаңа туынды сөз жасайтын болғандықтан (лексика-грамматикалық) категория қатарына жатады, форма тудыратын жұрнақтар өзі қосылып айтылған сөзінің белгілі бір сөз табына тән грамматикалық қызметін анықтау үшін қолданылатын болғандықтан, функционалды-грамматикалық категория қатарына жатады. Түбір морфемадан сөз тудыратын аффикстерді — сөз тудырушы аффикстер дейміз. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы деривациялық мағына деп аталады. Сөз бен сөзді байланыстырып, олардың бір-біріне қатынасын білдіретін аффикстер — сөз түрлендіруші аффикстер, ал олардың грамматикалық мағыналары реляциялық мағына деп аталады.
Фузия ( лат. Fusio - еріту ) - бір-біріне жалғас тұрған морфемалардың формальді түрде кірігуі нәтижесінде морфология жіктерді (көбінесе негізбен қосымша) сырт көзбен ажыратудың қиындауы. Мысалы: орыс «мужик + ск (ий)» —> «мужицкий», морфтарға жіктегенде «мужицкий» немесе «мужицкий». Фузия - терминің 1921 жылы Э. Сепир қосымшалардың жалпы ережелерден өзгеше, морфемаларше қарасында дыбыстардың бірін бірі алмастырып жалғану түрлерінің атауы ретінде ұсынған. Фузияны кумуляциямен бірнеше граммтикалық категориялардың граммемаларының бір ғана жапғау морфема мағсы арқылы (орыс. Т. Столов сөзтулгасындагы ов флексиясың граммеммалары көптік және ілік септік) берілуімен шатастыруға болмайды. Сонымен қатар фузияда кумуляция сияқты жиі қайталанатын құбылыс. Болғандықтан,супплетивизмнен. Супплетивизм қара. Өзгешеленген. Дегенмен кей авторлар фузия, кумуляц және супплетзмді бір-бірімен мәндес құбылыс деп есептеп, жеке қарастырмайды. Тарихи тұрғыдан «Фузия» фонология негізінде (дыбыстардың комбинаторлық өзгерістеріне байланысты) пайда болып, тілдік эволюция барысында морфологиялық өзгерістердің (мысалы: кірігу сияқты) туындауына себеп болады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет