1 сұрақ. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің мәнін түсіндіріңіз Әдістеме дегеніміз методика. «Методика»



бет12/25
Дата21.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#102721
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
тарихты оқыту

Дүниежүзі тарихы
5 сынып- Қазақ елінің тарихы.
6 сынып- Ежелгі дүние тарихы.
7 сынып- Орта ғасырлардағы дүние тарихы. (б.з ғасырынан-15 ғ. дейін) 1-ші бөлім.
8 сынып- Орта ғасырлардағы дүние тарихы. (15 ғасырдан - 17ғ. соңына дейін)
9 сынып- Жаңа заман тарихы (17 ғ.-1914ж.)
10 сынып-Қазіргі заман тарихы (1914-1945)
11 сынып- Қазіргі заман тарихы (1945-қазіргі уақытқа дейін)
Қазақстан тарихы.
6-сынып- Ежелгі Қазақстан тарихы.(ежелгі заманнан б.з 5 ғасырына дейін)
7 сынып- Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. (б.з 5ғ.-15ғ. дейін) 1-ші бөлім.
8 сынып- Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.(15 ғ.- 17 ғ. аяғына дейін) 2-ші бөлім
9 сынып- Жаңа замандағы Қазақсьан тарихы (17ғ. – 1914ж. дейін)
10 сынып- Қазақстан тарихы (1945 жылдан- қазіргі уақытқа дейін)
11 сынып-Қазақстан тарихы (1945 жылдан- қазіргі уақытқа дейін)
Тарих пəні бүгінге дейін 5-11 сыныптарда 7 жыл оқытылса, келешекте жаңа бағдарлама бойынша 5 жыл оқытылып, 9- сыныпты бітірген оқушы тарих пəнінен аяқталған білім алады. Демек, тарих пəніне бөлінген 612 сағат 442-ге қысқарады.Осыған байланысты бұған дейін тарихтың жүйелі курсы 6-11 сыныптарда, ал 5-сыныпта «Қазақ елінің қысқаша тарихы»оқытылып келсе, қазіргі кезде ол курс ықшамдалды. Соған сəйкес жүйелі курс 5 сыныптан басталатын болды. Ал 10-11 сынып оқушылары жергілікті жағдайды ескере отырып, біртіндеп бағдарлы мектеп жүйесіне көшеді.
Соңғы жылдарда оқыту процесін жетілдіру мен мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру мақсатында оқу кешендері талап етіліп отыр. Оқу-əдістемелік кешендері деп тарихтың əрбір курсын оқытуға арналған оқу- əдістемелік əдебиеттер, көрнекі жəне басқа да оқу құралдарын атайды. Олар:
- оқу құралдары (хрестоматия, оқу кітабы);
- əдістемелік əдебиеттер (əдістемелік құралдар, кітаптар, мақалалар, ұсыныстар, тапсырмалар жинағы);
- ғылыми, ғылыми-көпшілік жəне көркем əдебиет (монография, хрестоматия, көркем шығарма);
- оқытудың көрнекі құралдары (баспалық, экрандық, экрандық-дыбыстық);



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет