16 сұрақ. Мектептегі тарихты оқытудың оқу-әдістемелік кешені деген не? Оқу-әдістемелік кешен – оқушы үшін ғана ұсынылатын құрал емес, ол бүкіл қоғамның айнасы ретінде өркениетін қамтамасыз ететін білімнің қайнар көзі. Оқулықта әлемдік тәжірибе мен ұлттық ерекшелік тоғыстырылуы тиіс. Бұл мәселеге Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы жолдауында тоқталып, еліміз бәсекеге қабілетті алдыңғы қатардағы 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыруы үшін білім беру саласына жүктелетін маңызды міндеттердің бірі – оқу құралдарының сапа-сын жақсартып, оларды оқыту үдерісінде тиімді пайдалануды жүзеге асыру екендігін атап көрсеткен.
Оқу-әдістемелік кешен – дидактикалық-әдістемелік құралдардың жиын-тығы, оның негізіне алынатын оқулық, оқушының танымдық қызметін басқа-ратын біртұтас әдістемелік жүйені қамтамасыз етеді.
Оқу-әдістемелік кешеннің атқаратын қызметі: - білім мазмұнының сапасын қамтамасыз ету;
- әдістемелік жүйе ретінде біртұтас білім беру;
- оқыту үдерісінің психологиялық заңдылықтарына орай, оқыту формасы мен әдістерін, оқу қызметін ұйымдастыру;
- оқыту құралы ретінде оған қатысатын субьектілердің өзара әрекеттесуін іске асыру.
Оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) - тарих пән бойынша дайындалған оқу-әдістемелік құжаттардың, оқыту және бақылау құралдарының жиынтығы. ОӘК пәнді оқытуға қажетті әрі жеткілікті ақпараттарды толыққанды қам-тамасыз етуі тиіс.
Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі сипаттамасы болып төмендегілерді атауға болады:
- мемлекеттік стандарттың ұстанымдарына сай болу;
- нақты жағдайда қолдануға болатын қатысымдық біліктерді қалып-тастыру;
- оқушылардың балалық шақ әлемімен, ойнау және қарым-қатынас жа-саумен байланысты жас ерекшеліктерін ескеру;
- оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлерін, атап айт-сақ, дербес, топтық, жұптық, және жаппай формаларын үйлестіру;
- өзіндік жұмыс, өзін-өзі бақылау және өз ісіне талдаулар жүргізе алу бі-ліктерін дамыту.
Оқу-әдістемелік кешен:
- мұғалімнің шығармашылығын ынталандыратын қазіргі заманғы әдісте-мелік тұжырымдарға негізделеді;
- оқушының жеке бас тұлғасына, оның қызығушылығына, икемділігіне, қабілетіне бағытталады;
- оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасайды;
- оқушылардың мемелекеттік стандарт талаптарына сай жан-жақты білім алуларына негіз болады.
Қазақстанда қазіргі таңда иатематикадан жаңа буын оқу-әдістемелік ке-шен дайындалып, оның құрамын енетін құралдар бастауыш сыныптардың тә-жірибесіне ендірілді. Біз осы құралдардың ерекшеліктеріне тоқталсақ: