тасымалданатын заттар сипатына қарай трансмембраналық тасымалдану
үдерісінің бірнеше түрлері белгілі :
1 ) Эндоцитоз - заттардың сыртқы ортадан жасушаға енгізілуі , оның 3
тетіктері белгілі :
а ) Пиноцитоз - еріген макромолекулалық қосылыстардың жасушаға енгізілуі;
Пиноцитоз - конститутивтік үдеріс , яғни ол кез - келген жасушада үнемі
кездесетін құбылыс .
Жасуша цитоплазмасында , әсіресе плазмолемма айналасында , үнемі ұсақ
мембраналық көпіршіктер , яғни инвагинациялар , пайда болып отырады .
Олар плазмолемма бетіне жақын орналасқан басқа көпіршіктермен қосылып
алғашқы эндосомаларға айналады . Олардың қызметі сыртқы ортадан кіші
молекулаларды , су және еріген ақуыздарды өздеріне қосып алып жасушаға
енгізу болып табылады . Көпіршіктер өте ұсақ болады . диаметрі 4нм , бірақ
олардың санының өте көп болуы нәтижесінде көп мөлшерде заттарды
тасымалдайды .
Достарыңызбен бөлісу: