1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



Pdf көрінісі
бет28/28
Дата27.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#76323
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ

Геликаза - полимеразалық кешеннің ең алғашқы іске кірісетін ферменті. 
Ол аналық ДНҚ молекуласының қос ширатпасының ашылып, жіпшелердің 
бір-бірінен ажырасуын қамтамасыз етеді. 
3. Топоизомераза - түйіндер алдындағы ДНҚ тізбектерінің біреуін үзеді де, 
оның бір ұшынан өзіне бекіндіреді, ал екінші ұшы шыр айналып түйіннің кері 
ширатылуына алып келеді. Содан кейін тізбек үзіндісі қайта жалғанады.
4. SSB-ақуыз - ажырасқан әрбір тізбекпен ерекше SSB-ақуыздар 
байланысады, олардың қызметі бір-бірінен ажырасқан жіпшелерді керіп, күні 
бұрын жанасып, қос ширатпаның түзілуін болдырмау болып табылады.
5. РНҚ-праймаза - активтенген праймаза бір жіпшелі ДНҚ-ның тиесілі 
учаскесін матрица (қалып) ретінде пайдаланып қысқа “РНҚ-ұйтқыны” 
(праймерлерді) синтездейді.
6. “Репликациялық көзше” ДНҚ молекуласындағы тек арнайы нуклеотидтер 
жүйесі орналасқан учасклерде ғана түзіледі. Ұзындығы 300 нуклеотидке 
шамалас мұндай учаскелер репликация басталатын нүкте немесе “О” сайты 
(ағылш. origin - басталу) деп аталады.
7. ДНҚ-полимераза - нуклеотидтердің аналық тізбекке комплементарлы 
синтезделуін қамтамасыз етуімен бірге 3‘ - 5’ – экзонуклеозалық - та қызмет 
атқарады. Соңғы қызметі ДНҚ синтезі барысында дұрыс комплиментарлы 
тізбектің орнына, бұрыс комплементарлы емес нуклеотид жалғанған кезде 
жүзеге асады.
8. ДНҚ-лигаза – бастаушы-РНҚ-ны алып тастағаннан кейін Оказаки 
фрагменттерін тігеді. Репликация және репарация процестері кезінде ДНҚ-


ның түзілген жеке фрагменттерін бір-біріне жалғастырып, тігіп тұтас 
молекула құрастыратын ферментттер.
9. Теломералар – генетикалық ақпарат болмайтын көптеген арнайы 
гексонуклеотид (6 нуклеотидтен тұратын) бірізділіктер қайталанып 
орналасқан хромосоманың ұштары. Теломерлердің негізгі қызметі олардың 
геномының маңызды (ақпаратты) бөлімін толық репликацияланбаудан қорғап, 
буферлік қызмет атқарады.
10. Теломераза – жасушаның әр бөлінуі сайын түзілген жас жасушалардағы 
хромосомалардың теломералық учаскелерінің қысқаруы, ең соңында олардың 
толық жойылып, бірте-бірте ақпараты бар гендердің толық репликацияланбай 
қалуына себеп болуы мүмкін. Теломераза репликация аяқталардан бұрын 
ДНҚ-ның жаңа синтезделген тізбектерінің толық репликацияланбаған 5’-
ұштарын қысқалау келген, қайталанатын нуклеотидтер жүйесімен немесе 
теломералармен жалғап ұзартады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет