1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология


Симпорт  Заттардың (У,Х) бір бағытта өткізеді  Антипорт



Pdf көрінісі
бет20/28
Дата27.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#76323
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ

Симпорт 
Заттардың (У,Х) бір
бағытта өткізеді 
Антипорт 
 
Заттардың (У,Х) 
транслоказа арқылы 
қарама қарсы 
бағыттарға өткізілуі. 
Эукариоттарда антипорт өте сирек кездеседі.
22-сұрақ 
Мембрана арқылы заттардың тасымалдануы: эндоцитоз, экзоцитоз.
Везикулалық тасымалдау туралы түсінік. 
Биомембраналар арқылы тек ұсақ молекулалы заттар ғана өткізіліп қоймай , 
сол сияқты ірі молекулалы қосылыстар және ұсақ түйіршіктер де өтеді 
мысалы, жаңадан синтезделген митохондриялық ақуыздар митохондрия 
мембранасын созылған тізбек күйінде кесіп өтсе , ядролық ақуыздар ядродағы 
поралар арқылы өтеді . Заттардың плазмолемма арқылы өтуі мембраналық 
(тасымалдау ) көпіршіктер арқылы , секреторлық тетіктер ( механизмдер ) 
негізінде жүзеге асады . Заттардың тасымалдану бағыттарына және 


тасымалданатын заттар сипатына қарай трансмембраналық тасымалдану 
үдерісінің бірнеше түрлері белгілі :
1 ) Эндоцитоз - заттардың сыртқы ортадан жасушаға енгізілуі , оның 3 
тетіктері белгілі :
а ) Пиноцитоз - еріген макромолекулалық қосылыстардың жасушаға енгізілуі; 
Пиноцитоз - конститутивтік үдеріс , яғни ол кез - келген жасушада үнемі 
кездесетін құбылыс .
Жасуша цитоплазмасында , әсіресе плазмолемма айналасында , үнемі ұсақ 
мембраналық көпіршіктер , яғни инвагинациялар , пайда болып отырады . 
Олар плазмолемма бетіне жақын орналасқан басқа көпіршіктермен қосылып 
алғашқы эндосомаларға айналады . Олардың қызметі сыртқы ортадан кіші 
молекулаларды , су және еріген ақуыздарды өздеріне қосып алып жасушаға 
енгізу болып табылады . Көпіршіктер өте ұсақ болады . диаметрі 4нм , бірақ 
олардың санының өте көп болуы нәтижесінде көп мөлшерде заттарды 
тасымалдайды .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет