1 сұрақ. Нарықтық қатынастар жүйесіндегі инвестиция



бет16/17
Дата06.01.2022
өлшемі70,33 Kb.
#16265
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Сезімталдықты талдаудың мақсаты – Халықаралық инвестициялық жобаның түрлі факторларының жоба тиімділігінің басты көрсеткішіне, мысалы табыстылықтың ішкі нормасына әсерін салыстырмалы талдау. Сезімталдықты талдау келесі тізбектілікпен орындалады:

- инвестиция тиімділігінің негізгі көрсеткішін таңдау, ол табыстылықтың ішкі нормасы (IRR) немесе таза қазіргі мәні (NPV) бола алады;

- Халықаралық инвестициялық жобаның дайындаушысы белгісіздік жағдайда болатын факторларды таңдау, мысалы капитал шығындарының көлемі, тауар бағасы мен сату көлемі, құрылыс уақыты мен негізгі құралдарды іске қосу және т.б.;

- таңдалған белгісіз факторлардың номиналды және шекті мәндерін белгілеу

-белгісіз факторлардың барлық таңдалған мәндері үшін негізгі көрсеткішті есептеу;

-барлық белгісіз факторлар үшін сезімталдық графигін құру. Батыс Халықаралық инвестициялық менеджментте бұл графиктің аталуы «Spider Graph». Төменде үш фактор үшін осындай графикке мысал келтірейік.

Бұл график Халықаралық инвестициялық жобаның көбінесе шиеленісті факторлары жайлы қортынды жасауға мүмкіндік береді, оның себебі – Халықаралық инвестициялық жобаны жүзеге асыру тәуекелін қысқарту мақсатымен осы факторларға аса көп көңіл бөлу. Мысалы егер өнім бағасы шиеленісті фактор болса, онда жобаны жүзеге асыруда маркетинг программасын жақсарту және (немесе) тауар сапасын жоғарылату қажет. Егер материалдық шығындар факторы шиеленісте болса, онда сатып алу бағаларын төмендету мақсатымен жеткізушілермен жұмысты жақсарту мақсатты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет