2 сұрақ. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері.
Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық салымдарды қаржыландырудың барлық көздері келесідей:
-меншік қаржылық қорлар мен ішкі шаруашылық резервтер (еркін ақша –қаражаттары, құнды қағаздардың эмиссиясы, пайда, басқа компаниялар акцияларынан дивидендтер, амортизациялық төлемдер және т. б.)
-заемдық қаржылық қорлар (коммерциялық банктердің несиелері, инвестициялық қорлардың зайымдары, меншік зейнетақы қорлары, акционерлік қоғамдар, жеке тұлғалар займдары және т.б.)
-акцияларды сатудан және еңбек ұжымдары, азаматтар, заңды тұлғалардың жарналық және басқа да салымдарынан алынатын қаржылық қорлар;
-кәсіпорындардың бірігуімен пайда болатын ақша –қаражаттары ;
-мемлекеттік бюджет қаражаттары;
-шетел инвесторларының қаражаттары;
Меншік қаржылық қорлар
Ішкі активтерді жұмылдыру
Кәсіпорын иелерінің ақшалай салымдары (жарғылық қорлар)
Шаруашылық қызмет нәтижесінде қалыптасқан жинақтар
1-сурет – Кәсіпорынның меншік қаржылық қорларының құрылымы
Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістерінің қарауындағы барлық қаражаттардың құны бар, яғни барлық қаржылық қорларды пайдалану үшін төлемдерді есепке алу мен талдау капитал салымдарының экономикалық тиімділігін бағалауда негізгі болып табылады.
Кәсіпорындарда күрделі құрылыс үрдісінде ерекше қаржыландыру көздері пайда болу мүмкін, оларды келесі формуламен бағалауға болады:
, (1)
мұндағы А – жоспарланатын кезеңнің басында күтілетін айналым активтері, Н – кезең бойында айналым активтеріне жоспарлық қажеттілік, К – жыл бойында кредиторлық қарыздың өзгеруі.
Жұмылдырудың қаржылық механизмі келесідей- кәсіпорынның айналым активтерінің бөлігі негізгі қызметтен алынып, күрделі құрылысты қаржыландыруға жіберіледі.
Егер кәсіпорынның меншік қаржылық қорлары болса, ол осы қорлар үшін ешкімге төлем төлемейді дегенді білдіреді. Өз меншік қаржылық қорлары бар кәсіпорындар қандай да бір қаржылық аспаптарды инвестициялап, содан табыс табу мүмкіндігі бар болады. Сондықтан осы қорлардың құны баламалы ақша салымының минимум құнына тең болады. Кәсіпорын иелеріне төлем акционерлер дивиденттерімен шектелмейді. Меншік иелерінің қарауында қалған кәсіпорын пайдасы (несиелік инвесторға төлемі төленгеннен кейін) екі бөлікке бөлінеді: бірінші бөлігі дивиденттер түрінде төленеді, ал екінші бөлігі кәсіпорынға қайта инвестицияланады. Сондықтан меншік капиталдың құнын есептеуде келесі түсініктерді басшылыққа алу қажет: кредиторға қатысты соманы төлегеннен кейін қалған кәсіпорынның ақшалай пайдасы (таза ақша ағыны) жиынтық меншік иесіне берілген инвестициялар үшін төлем болып табылады.
Ұзақ мерзімді банктық несие, заңды тұлғалардың облигациялары мен ссудаларын таратып үлестіру-заемдық қаржыландырудың дәстүрлі құралдары болып табылады. Ал лизинг несиелеудің қатысты жаңа әдісі болып табылады, мұнда кәсіпорын лизингтік фирмадан ұзақ мерзімді ссуда алып, оны лизинг бойынша төлемдерді өнімнің өзіндік құнына жатқызу арқылы біртіндеп өтейді. Лизинг кәсіпорынға құрал –жабдықталуға , оны айналымнан қаражат алмай пайдалануға мүмкіндік береді. Нарықтық экономикада лизингті пайдалану заемдық қаражаттардың жалпы сомасының 25% -30% құрайды.
Заемдық қаржылық қорлар
Банктіқ несие
Заңды тұлғалардың борыш қолхаты негізінде ссуда беруі
Облигацияларды орналастыру
Лизинг
2-сурет – Кәсіпорынның заемдық қаражаттарының құрылымы
Меншік және заемдық қаржылық қорлардың негізгі айырмашылығы – пайыздық төлемдер салық салуға дейін төленеді, яғни жалпы шығындарға қосылады, ал дивидендтер пайдадан төленеді. Бұл жағдай кәсіпорын үшін қосымша түсімнің көзі болып табылады.
Инвестицияларды қаржыландырудың әрбір көзінің үлесі жаңа істі ұйымдастырудың нақты шарттарына, оның сипатына, масштабтарына және көптеген басқа да факторларға әр түрлі тәуелді болады.
Ұзақ мерзімді қаржыландырудағы потенциялды инвесторлар: отандық және шетел банктері, портфельдік инвесторлар, стратаегиялық инвесторлар. Ұзақ мерзімді қаржыландырудың аса таралмаған көздері: акциялар, облигациялар, конверсияланатын облигациялардың эмиссиясы, лизинг. Әрбір көздің ерекшеліктерін талдайық.
Достарыңызбен бөлісу: |