1-сұрақ Python тілінің атқаратын қызметі мен қолданылуы,қысқаша даму тарихы


-сұрақ Мәліметтерді енгізу. Кодқа комментарийлер қосу



бет4/23
Дата29.12.2023
өлшемі0,69 Mb.
#144594
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
7-сұрақ
Мәліметтерді енгізу. Кодқа комментарийлер қосу
Комментарийлер
Комментарий – бұл программа жолдарының немесе оның бөліктерінің
жұмысын түсіндіретін сипаттау мәтіндері. Комментарийлер программа бөлігі
болып табылады, бірақ Python тілі интерпретаторы олармен ешнәрсе жасамай,
айналып өтеді, өйткені олар программаны оқып пайдаланатын қолданушылар
үшін жазылады.
Комментарийлер – бұл қысқаша ескертулер түрінде жазылады, олар
программаның әртүрлі бөліктерінде орналасады да, сол программа бөліктерінің қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді. Олар компьютер үшін емес, программалық кодты пайдаланатындар үшін жазылады.
Python тілі тіліндегі комментарий # символынан басталып жол соңында
жазылады. Python тілі бұл символдан бастап сол жолдың соңына дейін
орналасқан код бөлігін қарастырмайды. Мысалы, 2.5 программаға қараңыздар,
ондағы 1- және 2-жолдағы кодтар программа мақсатын түсіндіретін
комментарийлер. 2.5 программа (comment1 .ру)
1 # Бұл программа адамның аты-жөні
2 # мен адресін көрсетеді.
3 print ( 'Кейт Остен')
4 print ( '123 Фул Серкл Драйв')
5 рrint('Эшвиль, Солтүстік Каролина 28899')
Программа нәтижесі
Кейт Остен
123 Фул Серкл Драйв
Эшвиль , Солтүстік Каролина 28899
Программалаушылар өз кодтарында көбінесе жол соңындағы
комментарийлерді пайдаланады. Жол соңындағы комментарий – бұл кез
келген жолдағы программа кодының соңында жазылатын түсініктеме мәтін.
Ол осы жолдағы нұсқау жұмысын түсіндіреді. 2.6 программада әрбір жол
соңында кодтың не істейтінін айғақтайтын қысқаша комментарий жазылған
мысал берілген.
2.6 программа (comment2. ру)
1 print('Кейт Остен') # Толық аты-жөнін көрсету.
2 print('123 Фул Серкл Драйв') # Тұратын адресін көрсету.
3 print('Эшвиль,Солтүстік Каролина 28899') # Қаласын, индексін
# көрсету.
Программа нәтижесі
Кейт Остен
123 Фул Эшвиль , Серкл Драйв
Эшвиль, Солтүстік Каролина 28899
Жұмысты жаңа бастаған программалаушы ретінде, сіз, мүмкін, өз программаларыңызға ешқандай нәтиже бермейтін комментарийлер қосуға қарсы
боларсыз. Тек белгілі бір әрекет орындайтын программалық кодты жазу, әрине
жеңілірек! Бірақ азырақ уақыт жұмсап, комментарийлер жазу өте маңызды іс!
Олар сізге және басқаларға да болашақта кодты өзгерту немесе түзету кезінде
біраз уақыт үнемдеуге көмектеседі, өйткені бұрын жазылған программалар тез
ұмытылып кетеді. Көлемді әрі күрделі программаларда қосымша түсініктемелік мәтіндер болмаса, оларды оқып түсіну оңай жұмыс емес
Біз бұған дейін мәліметтерді шығарудың қарайым әдістерін қарастырдық.
Әрине, сіздің экранға шығарылатын мәліметтерді қадағалап, қатаң бақылауды
қалауыңыз белгілі нәрсе ғой. Бұл бөлімде сіз Pythonдағы print функциясының
жұмысымен толығырақ танысып, шығарылатын мәліметтерді форматтаудың
әртүрлі тәсілдерін көретін боласыз.
print функциясындағы жаңа жолдың соңғы символын беру
print функциясы көбінесе экранға бір жолды ғана шығарады. Мысалы,
төмендегі үш нұсқау үш жол шығарады:
print ('Бір')
print ('Екі')
print ('Үш')
Бұл көрсетілген нұсқаудың әрқайсысы тіркестік мән шығарады да, сонан
кейін жаңа жол символын басып шығарады. Жаңа жол сиволын сіз көре
алмайсыз, бірақ ол экранға шығарылғанда, мәліметтердің келесі жолға шығарылып тұрғанын көресіз. Жаңа жол символын компьютердің курсорды жаңа
жолға көшіретін арнайы командасы деп қарастыруға болады.
Егер print функциясын экранға мәлімет шығарғаннан кейін, курсорды
келесі жолға көшпейтін ету үшін, бұл функцияға қосымша арнайы end=' '
аргументін беру керек:
print ('Бір', end=' ')
print ('Екі', end=' ')
print ('Үш')
Мұнда алғашқы екі жолдағы нұсқаудағы print функциясына end=' '
аргументі беріліп отыр. Бұл print функциясының бұл жолдағы жаңа жолға
көшу символы орнына, мәліметтер соңына бос орын таңбасын қоятынын
білдіреді. Төменде осындай нұсқау нәтижесі көрсетілген:
Бір Екі Үш
Кейде, print функциясы мәліметтер соңына ешнәрсе қоймай, тіпті бос
орын таңбасын да қоймайтын етуге тура келуі мүмкін. Мұндай кезде print
функциясына end=' ' аргументін беру керек:
print ('Бір', end=' ')
print ('Екі', end=' ')
print ('Үш')
Бұл жерде end=' ' аргументінде тырнақшалар арасында бос орын таңбасы
жоқ. Ол print функциясы мәлімет шығарған соң, жол соңына ешнәрсе
шығармауы керек екендігін білдіреді. Бұл нұсқаулар нәтижесі:
БірЕкіҮш



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет