1-сұрақ Python тілінің атқаратын қызметі мен қолданылуы,қысқаша даму тарихы


-Сұрақ Айнымалылар. Айнымалылардың типтері



бет7/23
Дата29.12.2023
өлшемі0,69 Mb.
#144594
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Программа теория жауаптары (1) (2)

11-Сұрақ
Айнымалылар. Айнымалылардың типтері
Python тілінде тұрақтылар, айнымалылар, функциялар, өрнектер пайдаланылады.
Мәліметтермен жұмыс істеу айнымалыларды пайдалану арқылы жүзеге асады. Программада мәліметтер қандай да бір атаумен байланыстырылады, атау символдар тізбегінен құралады және одан кейін мәліметтермен жұмыс істеу айнымалы атауы арқылы жүзеге асады. Программа құру барысында айнымалының бастапқыда бір мәнге ие болғанын, одан кейін программаның орындалуы барысында оның өзгеретінін көруге болады.
Басқа программалау тілдері тәрізді Python тілінде де мәліметтер мен айнымалылардың арасындағы байланыс «=» таңбасы арқылы орнатылады. Программалау тілдерінде бұл операцияны меншіктеу деп атайды. Мысалы: а=5.
Айнымалалар ретінде кілттік сөздерді және кірістірілген функциялардың аттарын пайдалануға болмады. Сондай-ақ айнымалының атауын саннан бастауға болмайды. Python тілінде айнымалының типін сипаттамаймыз. Бұл Python тілінде мәліметтер типі жоқ дегенлі біолірмейді. Python тілінде айнымалылар мәліметтерге сілтеме жасайды. Айнымалы типтерді пайдаланушылар өздері анықтайды. Оларға шектелген және көрсетілген типтер жатады.Айнымалы – бұл компьютердің жедел жадында сақталатын мәнді көрсететін атау.
Программалар өз мәліметтерін компьютердің жедел жадында сақтайды да, солармен әртүрлі операциялар орындайды. Мысалы, жиі орын алатын онлайн-дүкеннен зат сатып алу мысалын қарастырайық: сіз просматриваете веб-сайтты қарап отырып, өзіңіз алғыңыз келетін әртүрлі тауарлар таңдап аласыз. Тауарларды алған сайын, ол туралы мәліметтер компьютер жадында сақталып тұрады. Сонан соң, сіз тапсырысты рәсімдеу батырмасын басқан кезде, программа барлық тауарлар бағасын есептеп, оған соларды тасымалдап жеткізу құнын да қосып қорытынды сомасын шығарып береді. Осы есептеулерді орындау кезінде программа барлық мәліметтерді компьютер жадында сақтап тұрады.
Компьютер жадында сақталып тұрған мәліметтерді пайдалану үшін, программа айнымалыларды қолданады. Айнымалы – бұл компьютердің жедел жадында сақталатын мәнді көрсететін атау. Мысалы, сатып алынған тауарлардың бағасынан салық мөлшерін ұстайтын программада соңғы мәнді сақтайтын tax (салық) айнымалысы болып табылады. Ал екі қаланың ара қашықтығын есептеу программасында соңғы шығатын мәнді сақтау үшін distance (қашықтық) айнымалысын қолдануға болады. Айнымалы компьютер жадындағы керекті мәнді сақтап тұрған кезде, біз айнымалы осы мәнге сілтеме жасап тұр деп айтамыз. Меншіктеу нұсқауы арқылы айнымалы құру Меншіктеу нұсқауы белгілі бір мәліметтерге сілтеме жасап тұратын айнымалы жасау үшін пайдаланылады. Меншіктеу нұсқауына мысал:
age = 25
Бұл нұсқау орындалған соң, age (жасы) атты айнымалы жасалып, ол 25 сандық мәніне сілтеме жасап тұратын болады. Бұл принцип 2.4 суретте көрсетілген: онда 25 санын мән ретінде қарастыруға болады, ол компьютер жадындағы бір орында сақталып тұрады. Age атынан 25 мәніне бағытталған тілсызық age атауының осы мәнге сілтеме жасап тұрғанын білдіреді. 2.4 сурет. Age айнымалысы 25 мәніне сілтеме жасап тұр Меншіктеу нұсқауы төмендегідей форматта жазылады:
айнымалы = өрнек
"Теңдік" (=) белгісі меншіктеу операторы деп аталады. Бұл форматтағыайнымалы – бұл айнымалы аты, ал өрнек – мән немесе кез келген программалық код операнды (элементі), ол 25 мәнін беріп тұр. Осы меншіктеу нұсқауы орындалған соң, = белгісімен берілген оператордың сол жағындағы айнымалы = операторының оң жағындағы мәнге сілтеме жасайтын болады. Айнымалыларды пайдалануға тәжірибе жасау үшін, интерактивті режимде меншіктеу нұсқауын төмендегідей түрде қолданып көрейік:
>>> width = 10 Enter
>>> length = 5 Enter
>>>
Бірнші нұсқау width (ені) атты айнымалы құрады да, оған 10 мәнін меншіктейді. Екінші нұсқау length (ұзындығы) атты айнымалы құрады да, оған 5 мәнін меншіктейді. Ары қарай, осы айнымалылар сілтеме жасап тұрған мәндерді көрсету үшін print функциясын төменде көрсетілгендей түрде пайдаланайық:
age 25
>>>
>>> print(width) Enter
10
>>> print(length) Enter
5
>>>
Айнымалыны print функциясына аргумент ретінде берген кезде айнымалы атын тырнақшаға алмау керек. Оның себебін ткөрсету үшін төменде келтірілген интерактивті сеансқа назар салыңыз:
>>> print ( 'width') Enter
width
>>> print(width) Enter
10
>>>
Бірніші нұсқауда print функциясының аргументі ретінде 'width' тіркесі берілгенде, функция width тіркестік литералын шығарды. Екінші нұсқауда print функциясының аргументі ретінде width (тырнақшаларсыз) сөзі берілген кезде, функция width айнымалысы сілтеме жасап тұрған мәнді көрсетті. Меншіктеу нұсқауында меншіктелетін мәнді алатын айнымалы =операторының сол жағында тұруы тиіс. Төмендегі интерактивті сеанста, егер= операторының сол жағында тұрған элемент айнымалы болмаса, онда қате шығады (мысалда қате жайлы жүйелік мәлімет шығады, оның аудармасы синтаксистік қате: литералға мән меншіктеуге болмайды):


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет