1-сұрақ Python тілінің атқаратын қызметі мен қолданылуы,қысқаша даму тарихы


-Сұрақ Мәліметтер типі. Арифметикалық амалдар



бет9/23
Дата29.12.2023
өлшемі0,69 Mb.
#144594
түріПрограмма
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Программа теория жауаптары (1) (2)

13-Сұрақ
Мәліметтер типі. Арифметикалық амалдар.
Python тілінде сандық типтердің төрт түрі және жолдық типтер пайдаланылады: int (бүтін), float (нақты), bool (логикалық), complex(комплекс), str (жолдық).
Мәтіндік мәндер str типіне жатады, сандық мәндер int (егер сан бүтін болса) немесе float (егер сан нақты болса) типтеріне жатады. Математикалық есептеулерді жүргізуде пайдаланылатын комплексті сандар complex типіне жатады. Логикалық типтің мәні екі мәнді қабылдай алады (ақиқат немесе жалған). Python тілінде логикалық мәндер bool типімен сипаталады.
Мәліметтердің типіне байланысты сол мәліметтерге қандай операциялар жасауға болатыны анықталады.
Бүтін типтер (int)
Бөлшегі жоқ бүтін сандар бүтін типке жатады. Python тілінде бүтін сандарды сипаттау үшін int() қызметші сөзі пайдаланылады. Мысалы, IDLE редактор терезесіне төмендегі программа мәтінін енгіземіз:
# бүтін сандарға мысал
a = -2000
b = 0
c = 7000
Программаны орындау үшін F5 командасын, басқару батырмасын басамыз немесе меню жолынан Run → Run Module (F5) командаларын орындаймыз.


Нақты типтер (float)
Нақты немесе нақты сандар үздіксіз шамаларды өлшеу үшін ойлап табылған. Нақты сандарды сипаттау үшін float() қызметші сөзі пайдаланылады. Мысалы, IDLE редактор терезесіне төмендегі программа мәтінін енгіземіз:
# нақты сандарға мысал
zero = 0.0
pi = 3.14
e = 2.71
Бүтін және нақты сандарды бір өрнекте пайдалануда есептеу нақты сандармен жүргізіледі. Кей жағдайларда нақты санды бүтін санға дөңгелектеуге тура келеді.
Нақты сандарды дөңгелектеудің 4 тәсілі бар:
іnt – санның бөлшек бөлігіні шығарып тастайды.
round – санды жұп санға қарай дөңгелектейді.
floor – төменге, аз санға қарай дөңгелектейді.
ceil – жоғары қарай, үлкен санға дөңгелектейді


Комплекс сандар complex( )
Комплекс сан – бұл a + bi түріндегі өрнек, мұндағы a және b – нақты сандар, i – жорамал бірлік деп аталады, оның квадраты - 1-ге тең (i2 = –1). а саны z = a + bi түріндегі комплекс санның нақты бөлігі, ал b саны комплекс санның жорамал бөлігі болып табылады. Егер b = 0 болса, онда z = a болады. Бұдан нақты сандар – бұл комплекс сандардың дербес жағдайы екенін көруге болады.
Python тілінде комплекс сандарды сипаттау үшін complex( ) қызметші сөзі пайдаланылады. Мысалы, IDLE редактор терезесіне төмендегі программа мәтінін енгіземіз:
# комплексті санға мысал
z = complex(1, 2)
print(z)
> (1+2j)

# нақты бөлігі


print(z.real)
> 1.0

# біріктірілген күрделі сан


print(z.conjugate())
> (1-2j)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет