1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


«Қазақстан-2030» Стратегиясы. Қазақстан астанасының көшірілуі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы



бет46/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

85. «Қазақстан-2030» Стратегиясы. Қазақстан астанасының көшірілуі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты құжаты “Қазақстан-2030” бағдар­ла­масы қабылданғаннан бері біз 10 жыл­дан астам уақытты артқа тастадық. Осы 10 жылдың ішінде бүкіл әлем өзгерді, біз де өзгердік. Кешегі мен бүгінгіні салыс­тырсақ, арамызда үлкен айырмашылық бар. Мұны заман ағымына көзі жіті, көңілі жүйрік маманданған экономика­лық сарапшылар ғана емес, бүкіл халық сезеді. Осы 10 жыл бізге не берді? Бұл сұраққа жауап беру үшін 2000 жылдың картинасын көзге елестетіп көрейік. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін оның құрамында болған республикалар арасында абдырап қалған республикалар­дың бірі біздің Қазақстан болғаны ақи­қат. Алдымызда енді қалай ел боламыз, кімге сүйенеміз, кімге сенеміз деген сұрақ көтерілді. Өйткені бұрынғы Одақтағы экономикалық байланыстар­дың үзілуіне, шаруашылық жүргізу форма­ларының бұзылып, жаңасының әлі толық қалыптасып үлгірмеуіне бай­ланыс­ты бүкіл ел құрдымға құлап бара жатқандай әсерде болған кезең еді бұл. Міне, қоғамды осындай көңіл-күй кернеп алған кезде тәуелсіз Қазақстан­ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылы ел халқына жария еткен “Қазақстан-2030” Страте­гия­сының құрғақ қиялдай көрінгені рас. Ел жоқшылықтың қамытына бас кіргізген тұста осындай тәтті түсті көзге елестетуге көбіміздің жүрегіміздің дауаламағандығы ақиқат. Бірақ, уақыт өз дегенін істеді. “Қазақ­стан-2030” Стратегиясындағы болжамдар ақиқатқа айнала бастады. Мұны енді қазақстандықтар ғана емес, басқа елдер де көріп отыр. Өйткені біз басқа жетістіктерімізді былай қойғанда, айналамыздағы халықтардың бәріне сыйлы болып шықтық. Біз Еуропа төріне дейін көтерілдік. Қазақстан Республикасының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан-2030” Стратегиясының 10 жылдығына арналған конференцияда сөйлеген сөзінде былай деген болатын: “Өткен күнде белгі жоқ” дейді қазақ. Көрген бейнет, төккен тер тарихқа ен­ген­нен кейін ұмытыла бастайды. Өйткені, бейнеттен кейін – зейнет, адамның жақсылыққа тез үйреніп, тез бауыр басатыны белгілі. Алайда, зер салып қарайтын болсақ, бүгінгі қол жеткен табыстардың өзінен өзі келмегеніне, ол үшін қыруар еңбек, жігер-қайрат, тынымсыз ізденіс, нар­тәуекел қажет болғанына көз жеткізер едік. Кеңестер одағынан бізге қалған мұра – күйзелген шаруашылық, күйре­ген экономика, тоқтаған өндіріс, тоқыра­ған ғылым, қысқасы, барлық салада дағда­рыс болғанын өздеріңіз де жақсы білесіздер. Дағдарыстан шығу қашанда оңай шаруа болған емес. Эко­номиканы мүлде басқа жүйеге ауыстыру, нарық заңдылығын игеру, кадр мәселе­лерін шешу, ескі дағды, ескіше ойлаудан арылу біз үшін оңайға түсті деп айта алмаймыз. Көп ойландық, көп іздендік, шетелден консультанттар шақырдық. Қалайда аз уақыттың ішінде тығырықтан шығу қа­жет болды. Мінеки, осындай ұлы мақсат, қауырт қажеттіліктен барып “Қазақстан-2030” Стратегиясы дүниеге келді. Одан бері он жыл өтті. Он жылда өзге елдер бірнеше он жылда жетпеген биіктерге қол жеткіздік. Стратегия бізге жарқын жеңістер мен тамаша табыстар әкелді. Қазақстан тәуелсіздік тарихын қатар бастаған өзге ТМД елдерінің ал­дына шықты. Әлемдік деңгейдегі өрке­ниетті елдермен бой теңестіре бастадық. 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы. 1997 жылы 20 қазанда Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1997 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қаласына шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. 
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет