1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Қазақстан Республикасының АҚШ, Батыс Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдерінің ірі компанияларымен сыртқы экономикалық ынтымақтастығы



бет47/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

86. Қазақстан Республикасының АҚШ, Батыс Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Таяу Шығыс елдерінің ірі компанияларымен сыртқы экономикалық ынтымақтастығы. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына табысты төрағалығы және ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитін өткізудегі таңғажайып жетістіктері арқылы әлем мойындаған бір нәтиже еліміздің ұлтаралық қатынастар саласындағы мол тәжірибесін дүние жүзінде барынша қолдануға болатындығының және қолдану қажеттігінің әлеуметтік, экономикалық және рухани пайдалылығы болса керек. Мемлекетіміздің ЕҚЫҰ сынды айрықша беделді ұйымға төраға болып сайлануының әуелгі себептерінің бірі де осы деп ойлаймыз. 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырған Қазақстан 2011 жылы ИКҰ-ға басшылық жасайтын болады. ИКҰ: кеше және бүгін Ислам Конференциясы Ұйымы 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттері бастамасымен құрылған. Ашыл­ған жылдары «Ислам конференциясы фо­румы», «Бүкіләлемдік Ислам конфе­рен­циясы» секілді аттармен де белгілі болды. Бүгінгі таңда бұл ұйымға Аф­рика, Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Орталық Азия елдерімен қатар, Латын Америка­сындағы бір­қатар елдер де мүше. Осы­лайша олардың саны 57-ге жетіп отыр. Дүние жүзіндегі 1,5 миллиард адам ИКҰ-мен қоян-қолтық жұмыс жасайды. Ресей, Босния мен Гер­це­говина және Таиланд ұйымға бақы­лаушы мемлекеттер санатында. Ұйымға мүше елдер жер шарының бестен бір бөлігін алып жатыр. Бұл мемлекеттердің ішкі өнімі 2009 жылдың өзінде 7,5 триллион АҚШ долларын құраған. Олардың табиғи ресурстары да өте бай. Тау-кен байлығын өндіруде де ұйымға мүше елдер дүние жүзінде үлкен беделге ие. ИКҰ бүгінгі күні халықаралық аренада белсенді рөл атқарып, дүниежү­зілік геосаяси жағдайға оң әсерін тигізуде. Ол діни емес, үкіметаралық ұйым. Мақсатына келер болсақ, ИКҰ-ның саяси саладағы жұмысында негізгі мәсе­ле Палестина мен Израиль арасындағы текетірес пен палестиналықтардың жағ­дайы. Барлық мұсылман елдері 1969 жыл­дан бері өтіп келе жатқан мәжіліс­терінде Из­раиль­дің Палестина мен Ливанның басып алған жерлерін және Сирияның Голан қырқаларын азат етуін талап етіп келеді. Ұйым жерге және этносаралық мәсе­лелерге байланысты туындап отыратын шиеленісті жағдайларды да қарастыра­ды. Сонымен бірге халықаралық лаңкес­тік, өңіраралық немесе жергілікті жанжал, қақтығыстарды, БАҚ жұмыстарын қарастырып отырады. Соңғы кездері Еуропа елдерінде етек жайған исламофобия мен этнофобия мәселелеріне назар аударып, олармен қалай жұмыс істеу керектігін талқылайды және әрекет етеді. Мәселен, Франциядағы хижаб, Швей­цариядағы мұнаралар құрылысы және Дания газеттеріндегі хазрет Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) жайлы келемеж суреттерге байланысты тиісті қарарлар немесе үндеулер қабылданды. Еуропалық парламент мүшелерімен тұрақты кездесулер өткізіліп, осы сұрақтар бойынша пікір алмасады. Хатшылықта исламофобия және адам құқығымен арнайы айналысатын комитеттер жұмыс істейді. Әлеуметтік-экономикалық салада бар­­лық жұмыстар 2005 жылы желтоқсанда өткен III саммитте қабылданған ИКҰ-ның 2006-2016 жылдарға арналған жос­пары аясында жүреді. Соның шеңбе­рінде ИКҰ-ға мүше елдердің ынты­мақтастығы дамуда. БҰҰ-ның мәліметі бойынша дүние жүзіндегі 50 артта қалған елдің 22-сі осы ИКҰ-ға кіреді. Сондықтан Сауд Арабиясы, Малайзия, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері секілді мемлекеттер нашар дамыған бауырлас елдердің эко­но­микасын көтеруге қол ұшын беруде. Әсіресе, сауатсыздықты жою мен кедейшілікті азайтуға үлкен мән берілуде. ИКҰ-ның орталығы – Сауд Арабия­сы­ның Жидда қаласы. Оны Бас хатшы басқарады. Ол ұйымға мүше елдердің сырт­қы істер министрлерінің конферен­ция­сында 5 жылдық мерзімге сайлана­ды. Ұйымның қазіргі Бас хатшысы Ек­меледдин Ихсаноғлы 2005 жылдың бірінші қаңтарында сайланған. Ұйымның 2008 жылы өткен XI саммитінде Е.Ихсаноғ­лының осы лауазымды мандаты тағы бір кезеңге ұзартылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет