1 сұрақ Зат алмасу туралы жалпы түсінік және ондағы ферменттердің рөлі


Сұрақ Лимон қышқылы циклындағы жоғары энергетикалық электрондардың айналымы



бет23/52
Дата08.12.2023
өлшемі4,52 Mb.
#135044
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52
Байланысты:
молек био

37 Сұрақ Лимон қышқылы циклындағы жоғары энергетикалық электрондардың айналымы
Лимон қышқылы циклының негізгі функциясы осы циклға ацетил-СоА (ацетил-ко-фермент А) молекуласы күйінде қатыстын ацеттобын тотықтыру. Ацеттобы бірден тотықпай циклдің әрбір айналымында регенерацияланып отыратын оесалоацетатпен қосылғаннан кейін ғана тотығатындықтан бұл процесс циклды сипатта болады. Лимон қышқылы циклындағы ацетил-СоА құрамындағы ацетаттың айналымын суммарлы түрде төмендегідей реакция теңдеуімен жүреді
CH3COOH + 2H2O + 3NAD+ + FAD → 2CO2 + 3NADH2 + FADH2
Cонымен қатар бұл реакицяның нәтижесінде (аралық зат ГТФ арқылы) гликолиздегідей жолмен фосфорилдену арқылы АТФ-тің бір молекуласы синтезделінеді. Жасушадағы зат алмасу (катаболизм мен анаболизм) поцессіне лимон қышқылы циклының қосатын негізгі үлесі, ол ацетил-СоА молекуласынан энергиясы мол электронды босатып алу болып табылады. Бұл электрондар NADH пен FADH2-тан босап митохондрияның ішкі мембранасындағы электрон тасымалдайтын тыныс алу тізбегіне беріледі
38 Тотығып фосфорлану кезіндегі АТФ синтезінің хемиосмосқа тәуелді механизмі
Тотыға фосфорлану реакциялары кезінде АДФ пен Н3 РО4-нан универсалды химиялық энергия көзі — АТФ-тің синтезі жүреді. Тотыға фосфорлану процесі — АТФ синтездейтін негізгі процесс. Биологиялық тотығу мен тотыға фосфорлану реакциялары тек оттегі жеткілікті болған кезде ғана жүреді. Егер оттегі жоқ болса немесе жетіспеген жағдайда, АТФ-тың синтезделуі субстраттан фосфорлану реакциялары арқылы жүзеге асады. хемиосмостық теориясы. Митохондриялық мембрананың ішкі жағында электрондардың қозғалуы нəтижесінде протондық сорғыш пайда болады да, протондарды митохондрия матриксінен мембрана аралық кеңістікке өткізеді. Əрбір 2Н+ өткенде, бір АТФ синтезделеді деп түсіндіреді. Биологиялық тотығу кезінде ішкі мембрананың бір жағына Н+ , ал екінші жағына ОН~ жиналып, мембрана зарядталады, яғни мембрананың екі шетінде потенциал пайда болады. Осы потенциалдық энергиядан аденозинтрифосфатазаның қатысумен АТФ синтезделуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет