27.Эукариоттыжасушалардағы РНҚ сплайсингі Эукариотты жасушалардың ерекшелігі сыртынан қос қабатты мембранамен қоршалып, ішкі структуралары күрделі және қалыптасқан ядроның болуында. Эукариоттар мен прокариоттардың арасындағы тағы бір айырмашылық эукариотты жасушаларда ядродан бөлек, мембранамен шектелген митохондрия, эндоплазмалық тор және Гольджи аппараты және т.б. субклеткалық органеллалардың болуы. Осы органеллалардың әрқайсысы жасуша тіршілігі мен метоболизмінде ерекше функцияларды атқарады. Сплайсинг — мРНҚ-ң жетілген түрінің жасалуы. Ол иРНҚ-ның алғашқы транскриптынан белгілі гендермен кодталған белок түзілуі туралы мәлімет әкелетін участогін (интрондарды) алып тастағанда пайда болады. Бұл жұмысқа екі класты ферменттер—рестриктазалар және лигазалар қатынасады. Рестриктазалар РНҚ алғашқы көшірмелерін кеседі, аллигазалар қалған кесінділерді (экзондарды) бір-біріне жалғайды, сөйтіп РНҚ-ның жетілген түрі пайда болады.[Ядродағы РНҚ-лар сплайсигті жүргізетін ферменттерге көмектесіп, коферменттер қызметін атқарады. Осы кофермент қызметін атқаратын РНҚ-лар экзондардың ұшын ұстап тұрады. Бұдан кейін фермент интронды тастап, экзондарды бір-бірімен жалғайды. Осы кезде аРНҚ ешбір ферменттің көмегінсіз өзіне-өзі сплайсинг жүргізе алатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденді. Мысалы, ол үшін аРНҚ-ның генін бактерия плазмидасының құрамына, ал плазмианы бактерия жасушасына енгізген. Нәтижесінде бактерия жасушасында ешбір ферменттер болмаса да, аРНҚ өздігінен сплайсинг жүргізген. Бұдан біз РНҚ-ның ферменттік те қасиет көрсететінін білеміз.Осындай өзіне-өзі ферменттік катализ жүргізетін аРНҚ рибозим деп аталады. Рибо-РНҚ, ал зим-фермент дегенді білдіреді.
28.мРНҚ ретінің амин қышқылдарының ретіне ауысуы Интрондардың мөлшері мен орналасу тәртібі генге байланысты өзгерісте болады. Прокариоттарда интрондар болмайды. Интронның атқаратын функцияларының әртүрлі жасушадағы мРНК-ның әртүрлі интрондары кесіп алынып тасталып отыратындығы белгілі болғаннан кейін анықталды. Сонымен генде альтернативті интрондар болған жағдайда, ол әртүрлі ақуыздардың синтезіне код бола алады. Альтернативті интрондардың болуы геннің пайдалану мүмкіндігін арттыра түседі.
Генетикалық код деп аталынатын полинуклеотид орналасу ретінің амин қышқылының орналасу ретіне айналуы 1960-жылдардың басында анықталған болатын. ДНҚ-ғы ақпаратты нәруызға тасмалдайтын мРНҚ молекуласындағы нуклеотидтің орналасу реті трипледтердің ретімен саналады.