1 сұрақ Зат алмасу туралы жалпы түсінік және ондағы ферменттердің рөлі Зат алмасу


Сұрақ Клетка реттілігінің орнауындағы АТФ рөлі



бет23/48
Дата08.12.2022
өлшемі93,68 Kb.
#55792
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
46 Сұрақ Клетка реттілігінің орнауындағы АТФ рөлі
Ферменттердің қатысуымен жасушадағы қорек заттар тотыққан кезде бөлініп шығатын энергия алдымен АТФ-та жиналады. АТФ химиялық энергияны тасымалдайды. Қалыпты жағдайдағы АТФ-тің гидролизі кезінде түзілетін фосфор қышқылының қалдығымен бірге көп мөлшерде биологиялық пайдалы энергия босап шығады. Осы себептен гидролиз кезінде ажырайтын байланыстарды жоғарғы энергетикалық байланыстар деп атайды. АТФ гидролизі кезінде бөлінетін энергияның есебінен, осы процеске қатысты басқа де көптеген реакциялар жүре алады.АТФ гидролизінің негізінде жүретін жүздеген реакциялардың ішінде биологиялық молекулалардың синтезі, жасуша мембранасындағы активті транспорт, сонымен қатар жасушадағы механикалық күштердің жиналып және оның қозғалысына жағдай туғызатын реакциялардың үш типін бөліп атауға болады. Осы үш типті процестер биологиялық жүйелердің реттелуінде негізгі рөл атқарады. Биосинтездік реакцияларда түзілген макромолекулалар, ақпаратты тасымалдап, жеке реакцияларды катализдеп және жасуша мен жасушадан тыс кеңістікте реттелген структуралар құрады. Мембранадағы активті транспорт жасушаға қажетті ортаның құрам бөліктерін сақтап, жасушадағы және жасуша аралық сигналдарды қабылдап таратады. Жасушаның механикалық күштері мен қозғалу мүмкіндіктері, цитоплазма құрам бөліктерінің өздігінен құрастырылуына, сонымен қатар жасушалардың жеке-дара ұлпаларды түзіп топтасуына мүмкіндік береді.
47 Сұрақ Қорек заттар және жасушаның энергия көзі
Зат алмасу немесе метаболизм деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Әр мүшенің жасушалары өзіне тән және өсіп-өнуіне қажетті қарапайым заттарды түзеді. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне қор етіп жинайды (мысалы, гликоген, май). Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады.Зат алмасу (метаболизм) – жасушаның тіршілігін қамтамасыз ететін, организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың жасушалар мен мүшелерге тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, жасуша құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді.Жасушадағы қандай да болса, бір заттың белгілі бір тәртіппен ферменттік айналуға түсуін –метаболизмдік жол, ал осы кезде пайда болатын аралық өнім – метаболиттер деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет