31 -сұрақ ДНҚ будандасуының жалпы рекомбинация этапының моделі ретіндегі қызметі Жалпы рекомбинация процессінде ДНҚ–ның гомологиялық қос тізбегінің арасындағы генетикалық алмасу негізінен бір хромосоманың екі көпиясының арасында өтеді. Жалпы рекомбинациядан арнайыланған-сайт рекомбинациясының айырмашылығы оның іске асуы үшін ДНҚ–ның гомологиясы қажет болмайды.Жалпы рекомбинация бірқатар аралық этаптардан тұрады. Сонымен қатар әртүлі ағзалардағы ДНҚ тізбектерінің арасындағы алмасу механизмінде ептеген айырмашылықтар болады. Бірақ бактериаларды, вирустарды және саңрауқұлақтарды будандастырудың анализі жалпы рекомбинация нәтижелері бірдей деген қортындыға мүмкіндік береді:ДНҚ молекуласының қос тізбегінің әрқайысысы көрші тізбекті орап тұрады. Сондықтан ДНҚ–ның гомологиялы қос спиралінің арасындағы кез келген комплементарлы әрекеттесулер екі тізбектің бірінде үзіліс түзілген кезде ғана мүмкін болады. Сол себептен байланысты ДНҚ–ның қос спиралінің арасындағы кез–келген алмасу үшін екеуден кем емес үзіліс керек, яғни екі қос спиральдің әрқайысысында бір–бір үзіліс керек.Жалпы рекомбинацияда басты роль атқаратын комплементарлы әрекеттесуін қарапайым формада, жеке тізбектерге бөлінген in vitro жағдайындағы ДНҚ ренатурациялау эксперименттерінде көрсетуге болады. Бұндай ренатурация (немесе будандастыру) ертіндідегі ДНҚ–ның жекеленген тізбектері соқтығысқан кезде комплементарлы нуклеотид реті бір біріне қарсы тұрып қос спиральдің қысқа үзіндісін түзеді.
32 сұрақ Гендердің конверсиясы Ген (көне грекше: γένος — тұқым, тек) — тұқым қуалаудың қандай да бір элементтер белгісін қалыптастыруға жауапты материалдық бірлік. Генде жасушаның құрылымы мен қызметін анықтайтын генетикалық ақпарат болады. Бір организмнің Гендер жиынтығы оның генотипін құрайды.Ген терминін алғаш рет 1909 жылы Дания ғалымы В.Йогансен енгізді. Барлық Гендер ДНҚ-дан тұрады және әрбір жеке жасушадағы мыңдаған осындай Гендер жеке ДНҚ молекуларының үзіндісі түрінде емес, хромосома деп аталатын, ірі құрылымдық бірлік құрамында болады. Жасушаның бөлінуі кезінде бұл хромосомалар екі еселенеді және жаңа түзілген жас жасушалар осындай ата-аналық Гендер жиынтығының көшірмесін алады. Соның нәтижесінде жасушаның барлық белгілері (қасиеттері) ұрпақтан ұрпаққа беріледі, яғни тұқым қуалайды. Әртүрлі органимздердегі Геннің орташа ұзындығы 1000 нуклеотид негіздерінің жұбынан құралады деп есептеуге болады. Мыс., жануарларда кездесетін SV-40 вирусындағы ДНҚ-ның ұзындығы 5000 нуклеотид, яғни ол 5 геннен; Т4 бактериофагы — 200, ішек бактериясы — 4600, ал адамның гаплоидты жасушасы 100000 — 500000 Гендерден тұрады. 1865 жылы чех ғалымы Г. Мендел организм белгілерінің жеке тұқым қуалайтынын және шағылысу (будандастыру) кезінде ұрпақтарында жоғалмай сақталатынын анықтады.
33 гликолиз Гликолиз (грек, glykys — тәтті, lysis — еру) — адам мен жануарлар организмдеріндегі арнайы ферменттердің әсерінен оттегсіз ортада көмірсулардың (негізінен глюкозаның) ыдырау процесі. Жануарлар организміндегі гликолиздің соңғы өнімі — сүт қышқылы. Гликолиз нәтижесінде бөлінген қуат (энергия) организмнің тіршілігі үшін пайдаланылады. Гликолиз организмдегі тыныс алу және ашу процестерімен тікелей байланысты