Дәріскер: химия ғылымдарының кандидаты, доцент С.М. Бәзілбаев
Гликолиз туралы жалпы түсінік
Эукариоттар және көптеген прокариоттар (бактериялар) АТФ молекуласын синтездеуге қажетті энергияны глюкозаның ыдырауынан алады. Глюкозаның ыдырауының мысалында энергияның алмасуын қарастырайық. Глюкоза аэробты (О2) және анаэробты (О2-сіз) жағдайларда энергия көзі бола алады. Дегенмен көп мөлшердегі энергия органикалық заттардың аэробты ортада ыдырауы кезінде бөлініп шығады. Глюкозаның толық ыдырауы теңдеуінің мысалы:
С6Н12О6 + 6О2 → 6СО2 + Н2О G01= -7,3 ккал/моль
Оттегінің қатысуымен жүретін бұл реакция энергияны көп мөлшерде бөліп шығарады. Бұл тыныс алу үдерісі, ол үш сатыға бөлінеді: гликолиз, лимон қышқылының айналымы, электрон тасымалдау тізбегі.
Глюкоза алдымен плазматикалық мембрана арқылы клетканың цитоплазмасына тасымалданады. Цитоплазманың матриксінде оның оттексіз ыдырауы немесе гликолиз жүреді, сондықтан ферменттердің қатысуымен глюкозаның тотыға отырып ыдырауын гликолиз процесі деп атайды.
Глюкоза алдымен плазматикалық мембрана арқылы клетканың цитоплазмасына тасымалданады. Цитоплазманың матриксінде оның оттексіз ыдырауы немесе гликолиз жүреді, сондықтан ферменттердің қатысуымен глюкозаның тотыға отырып ыдырауын гликолиз процесі деп атайды.
Гликолиз - анаэробтық жағдайда (оттегі қатыспаған кезде) бұлшық етте глюкозаның ыдырауы. Гликолиз деген термин гректің glycos - қант, тәтті, lysis - еру деген сөздерінен шыққан. Гликолиздің ақырғы өнімі пирожүзім қышқылы (пируват), кейде лактат болады. Гликолиз процесі кезінде бос энергия бөлініп шығады, ол энергия АТФ молекуласында жинақталады.
Гликолиз реакцияларының реттілігі
1. Глюкозаның фосфорлануы. Гликолиз реакциясы АТФ есебінен глюкозаның С-6-жағдайын фосфорлаудан басталады, оның нәтижесінде глюкозо-6-фосфат түзіледі. Бұл реакция қайтымды емес, оны гексокиназа ферменті катализдейді.