1. Статика. Механикалыққозғалыс, күш, күштержүйесі, баламалыкүштержүйелері, теңәсерліжәнетеңгеретінкүштер


Күштер әсерінің тәуелсіздігі принципі және Сен-Венан приципі



бет21/32
Дата21.10.2023
өлшемі71,71 Kb.
#120245
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32
46. Күштер әсерінің тәуелсіздігі принципі және Сен-Венан приципі.
Күштер әсерінің тәуелсіздік принципі, ол бірнеше күштердің бұйымдарына әсер етуден алынатын жалпы нәтиже әрбір күштерден жеке алынатын дербес нәтижелер қосындысына тең болады. Күштердің тәуелсіздік принципі:Егер материалдық нүктеге бір мезгілде бірнеше күш әсер етсе, нүктеге әр күш басқаларынан тәуелсіз өзіндік үдеу береді.Сен-Венан принципі-біртекті серпімді дене бетінін бөлігіне түсірілген теңгерілген күштер жүйесі, ондағы осы бөліктен кашықтаған сайын өте жылдам кемитін кернеуді тудырады деген тұжырым. Көптеген жағдайда орын ауыстырулар кейбір шектерде әсер ететін күштерге пропорционал (Гук, 1660 ж.). Мұнда пропорционалдық коэффициенті материалдың физикалық қасиеттеріне және жүйенің геометриясына тәуелді. Қазіргі қарастыру бойынша Гук заңы кернеу мен деформация арасындағы сызықтық тәуелдігін анықтайды. Сонда пропорционалдық коэффициенттер материалдың тұрақтылары болып келеді. Ал орын ауыстырулар мен күштер арасындағы сызықтық тәуелдік соның салдары ретінде шығады. Тәуелдік күштер артқанда да, азайғанда да сақталады, демек, ол жүйенің серпімділік қасиеттерін сипаттайды. Гук заңына бағынатын жүйелер үшін суперпозиция принципі (күштер әсерінің тәуелсіздігі принципі) орын алатынын дәлелдеуге болады, осыған сәйкес серпімді денедегі орын ауыстырулар мен ішкі күштер сыртқы күштердің түсу кезегіне тәуелсіз болады. Егер жүйеге бірнеше күш түсірілсе, алдымен әр күш бөлек түскен кезде орын алатын ішкі күштер, кернеулер, орын ауыстырулар мен деформацияларды анықтап, содан кейін барлық күштер әсерінің нәтижесін әр күш әсері нәтижелерінің қосындысы ретінде табуға болады. МК есептерін шешу кезінде Сен-Венан принципі қолданылады. Егер денеге теңгерілетін күштер жүйесі әсер ететін болса, онда жүктеме түсірілетін орнынан алыстаған сайын кернеулер мен деформациялар шапшаң азаяды деп алынады. Бұл принципке сәйкес жүктеменің түсірілу тәсілі дененің деформациясына тек қана жүктеме түсірілген орнына жақын кіші көлемінде әсерін тигізеді, ал жүктеме түсірілген орнынан алыс жерде жүктеменің түсірілу тәсілі дененің деформациясына әсерін тигізбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет