1. Статика. Механикалыққозғалыс, күш, күштержүйесі, баламалыкүштержүйелері, теңәсерліжәнетеңгеретінкүштер.
Статика берілген бір күштерді оған эквивалент басқа күштерге түрлендіру әдістерін, тепе-теңдік шарттарын, сонымен қатар мүмкіндік тепе-теңдік орнын анықтауды оқиды.
Материалдық денелердің өзара әсерлесудегі механикалық шаманы күш деп түсінеміз және осы әсерлесу нәтижесінде денелер бір-біріне үдеу немесе деформация береді
Күш параметрлері:
1.Модулі (шамасы)
2.Түсіру нүктесі
3.Бағыты
4.Әсер сызығы
Күш түрлері:
1.Беттік
2.Көлемдік
3.Ішкі және сыртқы (механикалық жүйелер үшін ажыратылады)
4.Актив және пассив (байланыс реакциялары)
Күштің өлшем бірлігі: Кг, т, Н, кН, МН
Денелердің және олардың бөліктерінің орнын өзгерту процесі табиғатта болып жаткан барлық құбылыстарда маңызды орын алады. Сонымен, дененің немесе дене бөлшектерінің уақыт өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.
Бір денеге әсер ететін күштер жиынтығы күштер жүйесі деп аталады
Векторлық моменттері тең, бір жазықтықта немесе параллель жазықтықтарда орналасқан екі күштер жұбы, күш модульдері мен жұп иіндерінің шамаларына тәуелсіз, баламалы болады.
Тең әсерлі күш – денеге әсер ететін күш жүйелерінің әсеріне тең эквивалентті күш.
2. Екі күш тепе-теңдігі туралы аксиома және күштер параллелограмы туралы аксиома.
Екі күш жүйесінің тепе-теңдігі туралы аксиома.
Денеге түсетін екі күш тепе-теңдікте болу үшін олардың шамалары тең болуы және түсу нүктелері арқылы өтетін түзу бойымен қарама-қарсы бағытталуы қажетті де, жеткілікті де: F1 = F2.
Күштер параллелограмы аксиомасы.
Өзара бұрыш құрып, бір нүктеге түсетін екі күштің тең әсерлісі сол күштер қабырғалары болып табылатын параллелограмның диагоналі ретінде анықталады
Достарыңызбен бөлісу: |