56. Таза ығысу кезіндегі кернеулер мен деформациялар. Ығысу кезіндегі Гук заңы. Таза ығысу деп денеден бөліп алынған элементтің беттерінде тек қана жанама кернеулері болатын кернеулі күйін айтамыз. Біртекті таза ығысу қабырғалары жұқа цилиндирлердің бұралуы кезінде орын алып отырады. Егерде таза ығысудағы элементтен оның беттерімен 45 градус жасайтын беттері бар элементі қиып алатын болсақ, онда оның беттерінде жанама кернеулер жоқ болады және тек тік кернеулер орын алатынын дәлелдеуге болады. Сол себепті,қарама-қарсы беттерінің бір жағында кернеулер созушы , екінші жағында сығушы болады.Жанама кернеуі мен бұрыштық деформациясы Гук заңы бойынша біріктіріліп байланысады. Таза ығысудың кезінде элементтердің қабырғаларының ұзындықтары өзгермейтінін және элемент қөлемінің өзгерісі де нөлге тең екені дәлелдеенеді. Материалдарды созылу мен сығылуға тексерілер секілді таза ығысуға да тексерулер жүргізіледі. Ол үшін моменттермен бұралатын жұқа қабырғалы құбыр тәрізді үлгілер қолданамыз. Нәтижесінде координаттарындағы шартты ығысу диаграммасын алады, ол созу диаграммасына ұқсас болып келеді, сонда пластикалық металдар үшін аққыштық шегі. Таза ығысулар жақын кернеулі күй шегендерде, саңылаусыз қойылатын болттарда, шпонкаларда, шлицаларда, пісірілмелі біріктірмелерде орын алады.
Ығысу деформациясы Qz=0, N=0, My=0, Mz=0 және Qx пен Mx нөлге тең емес, яғни кесуші күш 0-ге тең емес болғанда анықталады. Ал қимада Qy=P(1).
Егер сырықтың жоғарғы және төменгі қырларының модулі бойынша тең, бірқалыпты таралған жанама кернеудің қарама-қарсы таңбасы болатын болса, онда мұндай кернеулік күш таза ығысу деп аталады.
Ығысу кезінде бұрыштың деформация аймағында, қирауға дейінгі элементарлық параллелепидтің өзгеруі, яғни деформациясы жүзеге асатын болса, онда мұндай деформация ығысу деп аталады.
Салыстырмалы ығысу дегеніміз абсолютті ығысудың жақтардың деформацяилану аралағына қатынасы. S/h=γ(2), мұндағы γ-салыстырмалы ығысу немесе ығысу бұрышы.
71. Иілу мен бұралудың біріккен әсері кезіндегі беріктікке есептеу.
Көлденең қимасы дөңгелек, иілу мен бұралудың біріккен әсері жағдайындағы сырықты қарастырсақ, сырықтың көлденең қималарында июші моментпен байланысқан тік кернеулер және бұраушы моментпен байланысқан жанама кернеулер орын алады (көлденең күштен пайда болатын жанама кернеулерді ескермейміз).
Ең үлкен кернеулер A және B нүктелерінде пайда болады
Сонда күрделі кернеулі күйдің дербес жағдайы болады – ол қарапайымдалған жазық кернеулі күй.
Күрделі кернеулі күй жағдайында материалдың беріктігі жөнінде қорытынды жасауға мүмкіншілік болу үшін эквивалент кернеу ұғымы енгізіледі, ол бағаланатын кернеулік күймен бірдей қауіпті (беріктік кепілдігі бірдей) созылған үлгіде пайда болатын кернеу.