Байланысты: 1. Статика. Механикалы оз алыс, к ш, к штерж йесі, баламалык шт
50.Пластикалық материалдардың созылу және сығылу диаграммалары.
Созылу дегеніміз сырықтың көлденең қималарында тек қана N бойлық күші орын алып, басқа ІКФ нөлге тең болатын сырықтың жүктелу түрін айтады. Созылу кезінде бойлық күшінің бағыты қарастырылатын қиманың сыртқы нормалімен бірдей болуы тиіс. Сығылу созылудан формалды түрде тек қана бойлық күшінің бағытымен айырылады.
Созылу-сығылу кезіндегі статикалық түрде анықталмайтын жүйелер САД = байланыстар саны – статика теңдеулерінің саны Статка теңдеулері жеткіліксіз. Cаны САД–не тең элементте кернеу деформацияларын өзара байланыстыратын қосымша теңдеулерді құрастыру қажет болады. Анықталатын жүйелер элементтерінде ІКФ мен кернеулер тек қана сыртқы күштер әсерінен пайда болып отырады. Статикалық түрде анықталмайтын жүйелер элементтерінде олар сыртқы күштер болмаса да болуы мүмкін (температураның өзгерісінен, тіректер орнынан ауытқуы және конструкцияның кейбір элементтері дәл өлшемдерімен жасалмауы себебінен). Созылу кезіндегі кернелген және деформацияланған күйлер
Кернеулер
p∙Aα = F и F=σ∙A,
Aα = A/cosα р = F/ Aα = σ∙cosα
σα= р∙cosα = σ∙cos 2α
τα= р∙sinα = σ∙sin 2α/2
а) α=0 болғанда (көлденең қималарда) σα= σ, τ α=0;
б) α=90° (бойлық қималарда) σα= 0, τα=0, яғни бойлық қабаттар өзара әрекеттеспейді
в) α=45° болғанда τ кернеуі ең жоғары мәніне ие болады τmax= σ/2;
г) α және (α+90°) бұрыштарымен орналасқан қималарда τ шамасының абсолют мәні бірдей; бұл жанама кернеулердің жұптылық заңы, ол әр қашан да орындалады.
Созылу диаграммалары
Материалдар қасиеттерін зерттеу үшін және шекті кернеулердің мәндерін анықтау үшін материал үлгілерінің сынауларын оларды сындыруға дейін жүргізеді. Сынаулар арнаулы машиналарда стандартталған шарттарға сәйкес жүргізеді. d 0=20 мм, l 0=10 d 0
Үлгі үзілгендегі оның салыстырмалы қалдық ұзаруы– пластикалық қасиетінің сипаттамасы; Пластикалық материалдар , δ >10 -12% Ст3 үшін δ ≥ 24%
Кейбір пластикалық материалдардың созылу диаграммаларыда аққыштық ауданы болмайды; олар үшін ш артты аққыштық шегі қолданылады - ол қалдық деформациясының кейбір шамасына сәйкес келетін кернеу. σ0, 2 шартты аққыштық шегі 0 , 2% тең қалдық деформациясына сәйкес болады.
Сығылу диаграммалары. Мұнда үлгілер текше немесе биік емес цилиндрлер (h≤ 3d) түрінде алынады, керісінше иілу пайда болуы мүмкін. Өте қысқа үлгілерді де пайдалануға болмайды, өйткені шеткі беттеріндегі үйкеліс күштері бірталай әсерін тигізеді. Пластикалық материалдар үшін соылзу және сығылу кезіндегі аққыштық шектері бірдей болады. Пластикалық қасиетіне керісінше морт қасиеті бар.