Арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау — қажеттілігіне қарай, көбінесе белгілі бір уақыттарда ғана жүргізілуімен ерекшеленеді. Мұндай бакылау нысанының өмір сүруінің себебі, ол барлық қоғамдық құбылыстардың сандық мәліметін анықтау - есеп беруге сәйкес келе бермеуінде болып табылады. Егер есепке алуға жататын құбылыс түріне мемлекеттік қызмет үнемі жүргізілсе, онда бақылау нысаны, есеп беру түрінде анықталады. Ал егер статистикалық есепке алынуға жататын құбылыс түріне үнемі бақылау жүргізілмесе, онда оны есепке алу - белгілі бір уақыттар өткеннен кейін, қажет деп танылған уақыттарда жүргізіледі және арнайы ұйымдастырылған бақылау түрінде жүргізіледі. Мұндай сипаттамаға жататын құбылыстың жалпы саны, осындай бақылау нысаны арқылы анықталады. Мысалы, халық санын анықтау үшін күнделікті бақылау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан халықтың санын білу үшін мемлекет араға бірнеше жылдар салып, арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жұмысы болып табылатын халык санағын жүргізеді.
Сонымен арнайы ұйымдастырылған бақылау есеп беруде жоқ мәліметтерді немесе олардың нақтылығын тексеру мақсатында жүргізіледі. Ең қарапайым түрі болып санақ табылады. Санақ дегеніміз бірқатар белгілер бойынша статистикалық бақылау объектілері жөніндегі мәліметтерді алу мақсатындай жүргізілетін арнайы ұйымдастырылған бақылау.
Осы арнайы ұйымдастырылған бақылаудың бір түрі ретінде бюджеттік зерттеу табылады.
Бақылаудың регистрлік формасы. Регистрлік бақылау – бұл ұзақ мерзімді процесстерді үздіксіз статистикалық бақылау формасы. Әрбір процесстің бастапқы уақыты, даму кезеңдері және соңы(аяғы) болады. Ол статистикалық регистрді жүргізумен негізделінеді.
Регистр бақылаудың әрбір бірлігінің жағдайын қарастыратын және зерттелетін көрсеткіштерге қандай факторлардың әсер ету күшін бағалалайтын жүйені білдіреді. Регистрде бақылаудың әрбір бірлігі көрсеткіштер жүйесімен сипатталынады. Олардың біреулері бақылау жүргізілетін уақыт аралығында бір рет тіркеліп, одан ары өзгерссіз болады да, екіншілері өзгерістер болған сайын өзгертулерге жатады.
Статистикалық мәліметтерді алу тәсілдерінің бірнеше түрі бар. Олардың маңыздылары:
Тікелей бақылау – тіркеушілердің өздерімен тіркелуге жататын фактілерді бекіту жұмыстарын тікелей өлшеу, санауа немесе тексеру арқылы және осы негізде бақылау формулярын толтыру жұмыстарын қамтитын бақылау. Бұл тәсіл халықтың туу процесстерін бақылауда қолданылады.
Құжаттық бақылау есептік сипаттағы әр түрлі құжаттардан статистикалық мәліметтерді қолдану тәсіліне негізделген.
Сұрау, сауал (опрос) – қажетті ақпараттарды респонденттің сөзінен алып тіркейтін бақылау тәсілі. Статистикада келесідей сауал түрлері қолданылады;