1. Стилистиканың анықтамасы, лингвистикалық пән ретінде қалыптасуын зерттейтін мәселелері, алдағы міндеттері, оны оқытудың маңызы



бет12/26
Дата01.02.2023
өлшемі189,05 Kb.
#64382
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Он екінші дәріс
Сөз таптарының стильдік қолданысы

1. Одағайлардың стилистикалық қызметі


2. Еліктеуіш сөздердің стилистикалық қызметі

1) Одағай сөздер адамның көңіл-күйін, сезімін білдіреді, жеке тұрып


лексикалық мағына бере алмаса да, олар саны жағынан өте мол, семантикалық-стилистикалық құбылуы ерекше сөздер қатарынан орын алады. «Өмір ай, ой, аһ, уһ, фу, тфу деген алты-ақ одағайдан тұрады»,- деп Бальзак айтқандай, одағайдың стилистикалық салмағы контекс пен ситуацияда жеке тұлғаның когнитивті шынайылығының нақты мәнін баяндап береді. Семантикалық реңкі мол болғандықтан, стилистикалық мән мән мен мазмұнға өте бай болып келеді. Одағайлардың қолданылуы контекске әрі ситуацияға қатысты. Айналадағы қоршаған зат пен құбылысқа қатысты адамның көңіл-күйі сезімге толы болады. Олар жағымды және жағымсыз болып келеді, бірақ осылардың өзі де айтушының интонациясына немесе мәтіндегі басқа тілдік бірліктермен тіркескенде әр түрлі мағыналық реңкке ие болады. Жағымды, жағымсыз эмоцияның өзі іштей түрленіп отырады, бірле стильдік өңі солғын, бірде бояуы тым қалың да болуы мүмкін. Басқа сөз таптарына қарағанда одағайлар ғылыми және ресми стильде кездеспейді, тіпті белгілі дәрежеде үлес салмағы жоқ деуге болады. Мысалы ә одағайы – айтылу ситуациясына қарай көп мағыналы одағайға жатады. Бірде сұрақ мәнін берсе, бірде қостау мәнін береді.
2) Еліктеуіш сөздер қазақ тілінің ұлттық дүниетанымының негізгі басты қасиеттерін анықтайды. Олар - көне тілдік қор, бейнелі көркемдік қасиеті, стильдік мәнері арқылы ұлт тілінің нақышты шұрайлы бөлігі болып табылады, сондықтан оны стилистикалық тұрғыдан оның әлі ашылмаған ұлттық тілдің бояулы өрнегін стилистикалық тұрғыдан бағамдауға, түсінуге көмектеседі. Әсіресе, еліктеуіш сөз дыбыс ұйқасымдылығына құрыла келіп, сезімді селт еткізер мәнерімен айрықша қолданыста жиі ұшырасады. Мысалы, Жанарын-ай, жанары тамаша екен! Жалт етіп тағы бір қараса екен, Қыран баулап өсірген бала бүркіт! Қандай ғана қазақтың баласы екен! (М.Мақатаев). Осындағы адамның көз жанарының сөзбен жеткізіп бере алмас сәулелі нұрын адам жүрегіне шоқ тастар, сұлулыққа табынтып «жалт» етіп қарауы адресаттың үміт-тілегі бейнелеуіш еліктеуіш сөзі арқылы әсерлі берілген.
Әдебиеттер
1. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000
2. Әміров Р. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. А., 1977.
3. Будагова Р.А. Литературные языки и языковые стили. М., 1964.
4. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1985.
5. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқытудың методикасы. А., 1985.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Етістіктің стилистикалық қызметін атап беріңіз
2. Үстеудің стилистикалық қызметі қандай?
3. Одағайлардың қандай стилистикалық қызмет атқарады?
4. Еліктеуіш сөздердің стилистикалық қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет