1. Су тасқыны дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) күшті жауын-шашыннан немесе қардың (мұздың) тез еруінен



бет8/16
Дата03.02.2023
өлшемі0,66 Mb.
#65073
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
экология 3

Қарақұрттың шағуы. Қарақұрттың ұрғашысы ғана улы болады. Алғашқы көмек : марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітінді, жүрек дәрі-дәрмектерін береді.Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.
Шаяндардың шағуы. Шаяндардын шағуы Қазақстанның оңтүстік аудандарында жиі кездеседі. Алғашқы көмек: шаққан жерге кез-келген өсімдік майын жағу; шаққан жерге ыстық қыздырғыш кою; анальгин мен антигистаминдік дәрі-дәрмектер ішу (супрастин, димедрол, пипольфен); зардап шегушінің жағдайын кәсіби бағалау және соған байланысты сырқатты жазу мен жалпы улануды емдеу шараларын таңдау қажеттігінен жедел дәрігер шақыру.


17.Күйік жағдайындағы алқашқы медициналық көмек
Сенің әрекеттерің: - Кешіктірмей күйік себебін жойыңыз (мысалы жалынды сөндіру). Денесінен тұтанған немесе ыстық май, су, химиялық зат сіңген киімді, ол теріге жабысқан жерлерін қалдырып, өзге жерлерін шеш. - Күйген жерді суық судың астында 10-15 мин (ағынды су) ұстаңыз. Егер дененің зақымдалған үлкен жерінің көлемі үлкен болса, оның үстін суық суға малынған ақжаймамен жабыңыз. Салқындатқаннан кейін құрғақ таңғыш, дәкі немесе ақжайма қолданыңыз. Егер зардап шегуші есінен айрылмаған болса, оған суық су бер.
18.Ток ұрған жағдайдағы алқашқы медициналық көмек
Алғашқы көмек көрееткенде ең алдымен электр тогының әсерін тоқтату керек. Бұл қажет, өйткені электр сымы тартқанда зақымдалушы адамның көбінесе босанып шығуға дәрмені жетпейді. Көмек көрсетуші адам өз басының қауіпсіз болу ережесін де сақтауы керек. Ток келіп тұрған көзді тоқгату үшін ажыратқыш-қосқыш тетікті, тығындарды, рубильникті ажыратыл, көмек көрсетуші адам қолын (резина қолғап киіп немесе құрғақ жүн матамен ұстайды) және аяғын (резина етік киеді) ток ұрмайтындай еткеинен кейін ғана зақымданушы адамды токтан тартып ажыратуы не болмаса зақымданушы адамды басқа да тәсілдермен ток көзінен ажыратуы керек (мысалы, кез келген құрғақ ағаш затпен ток сымын басқа бір жаққа бұру). Жүрегі тоқтал, тынысы бітіп кетпеген болса, оған толық тыныштық керек (денені сұлатып жатқызады), жылы сусын ішкізіп, мүсәтір спиртін иіскетеді; терісі күйгенде — борлы вазелин жағыл немесе сутегінің асқын тотығымен сүртіп, стерильді бинтпен таңыл тастайды. Егер тынысы тоқтап, жүрегі соқпай қалған жағдайда (клиникалық өлім) көрсетілетін алғашқы көмек — дәрігер келгенге дейін реанимация шараларын жасау (жүрекке массаж жасау, «ауызбен ауызға дем үрлеу» арқылы қолдан тыныс алдыру; Алғашқы көмек деген мақаланы қараңьіз). Сонымен бірге шұғыл дәрігерлік көмек көрсету және ауруханаға жеткізу үшін жедел жәрдем дәрігерін шақыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет