1. Су тасқыны дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) күшті жауын-шашыннан немесе қардың (мұздың) тез еруінен



бет6/16
Дата03.02.2023
өлшемі0,66 Mb.
#65073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
экология 3

Дауылдан қорғану шаралары:

  • Егер желдің күшеюі кезінде топ болып ашық далада қалсаңыз, бірден пана табуға кірісу керек. Бұл — апатқа ұшырағандар үшін әрі негізгі жалғыз қауіпсіздік шарасы.

  • Шөлде не шөлейтте ық жерге жатқан дұрыс. Ол тас, қалың бұта немесе, тіпті, өлген жануардың денесі болуы мүмкін. Киімді қымтап, құм мен шаңнан қорғану үшін шүберекпен тыныс жолдарын жабыңыз. Қасыңызда ауызсуы бар құты болғаны абзал .

  • Тауда шың, асу, шұңғыма шатқалдар сияқты аэродинамика жағдайы нашар, әсіресе, жел бағытына параллель жерлерден алыс кеткен жөн.

  • Мұндай кезде ықтасын, қалың орман, шомбал тау жынысы сияқты қауіпсіз орындарды іздеу қажет. Сөйте отыра тас құлауы мүмкін және қар көшкіні қаупі бар жерлерден қашу керек.

  • Дауыл кезінде мықты бекітілген шатырдың өзінен гөрі жақсылап салынған панада тығыла тұрған анағұрлым ақауіпсіз.

14.Суға батқан кезде а.к
Суға батқан адамға дәрігерге дейінгі көмек Жәбірленуші 1-2 минут бойы тыныс алмаса, бұл оның өліміне әкелуі мүмкін екенін ескерген жөн. Жүректің тоқтап қалуының негізгі белгілері – пульстің болмауы және көз қарашығының үлкеюі. Бұл жағдайда қолдан дем алдыру (ауыздан ауызға) және жүрек массажын бастау қажет. зардап шегушіні судан шығарғаннан кейін, оның аузынан бөтен заттарды (балшық, шөп және т.б.) алып тастап, тегіс жерге арқасымен жатқызыңыз; сол қолыңызды жәбірленушінің кеудесіне қойып, оң қолыңызды сол қолыңыздың үстіне 90 градус бұрышпен қойыңыз; кеудені секундына 1 рет басып отырып, бірқалыпты қарқынды ұстаңыз. Кішкентай баланың кеудесін қолмен емес, саусақтармен басу керек. Себебі, оның қабырғасын зақымдауыңыз әбден мүмкін. Жүрек массажымен қатар, қолдан тыныс алдыру әрекеттерін жасауыңыз керек. Бұл үшін: жәбірленушінің басын артқа еңкейтіп, иегін көтеріп, ауызын толығымен ашыңыз; мұрын тесіктерін саусақтарыңызбен жауып, әр секунд сайын, оның аузына қатты дем шығарыңыз; егер мойында импульс пайда болып, кеудесі көтерілсе, онда бұл адам көп ұзамай оянады. Адам есін жиып, тынысы қалпына келгеннен кейін оны ауруханаға жеткізу керек. Себебі, өкпе ісіну қаупі сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет