1. Су тасқыны дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) күшті жауын-шашыннан немесе қардың (мұздың) тез еруінен


Жарылыстар, құйындар, қатты жауын-шашын сипаттама



бет16/16
Дата03.02.2023
өлшемі0,66 Mb.
#65073
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
экология 3

40.Жарылыстар, құйындар, қатты жауын-шашын сипаттама
)Жарылыс шектеулі көлемде энергияның тым көп мөлшерінің жылдам босатылу процесі. Жарылыс нәтижесінде өте жоғары қысымды қатты ысыған газ түзіледі. Жарылыс кезінде қоршаған ортада жарылыс толқыны пайда болады, қираған жарықшақтар немесе жарылыстың шашыранды өнімдері түрлі объектілерге механикалық әсер етеді. Жарылыс химиялық (көбіне жарылғыш заттар), ішкі ядролык (ядролық жарылыс), электрмагнитті (ұшкын заряды, лазерлі ұшқын), механикалық (жер бетіне метеориттердің түсуі) және басқа энергиялар есебінен жүзеге асырылады. Әскери мақсатта химиялық және ядролық энергиялар жай және ядролық ок-дәрілерде көп қолданылады.
Тау-кен ісіндегі жарылыс:
Жарылыс — өте қысқа уақытта шектелген көлем ішінде аса үлкен қуаттың бөліну процесі. Жарылыс физикалық, химиялық және ядролық болып ажыратылады. Кен қазу жұмыстарында тау жыныстарын қопарып, ұсату үшін көбінесе химиялық жарылғыш заттарды пайдаланып жару тәсілі қолданылады.
Ядролық жарылыс түрлері (Виды ядерных взрывов) — ядролық соққы арқылы орындалатын міндеттер мен объектінің сипатына байланысты ядролық жарылыс әуеде, жер үстінде, жер астында, су үстінде және су астында жүргізілуі мүмкін. Осыған сәйкес жер үсті әуе, биіктікті, су үсті, су асты және жер асты жарылыстары болып бөлінеді. Ядролық жарылыс кезінде байқалатын құбьлыстар көп жағдайда жарылыс түріне байланысты болады. Ядролық жарылыстың әрбір түрінің басты ерекшеліктерінің бірі — жергілікті жердің радиоактивтік зақымдалу дәрежесі. Мыс., әуедегі жарылыс кезінде жарылыс эпицентрі ауданындағы жергілікті жерге радиоактивтік зақымдану қаупі төнеді. Ал жер үсті және жер асты жарылысы ядролық жарылыс ауданындағы жергілікті жердің және сондай-ақ радиоактивті бұлттың өту жолындагы жердің едәуір бөлігін зақымдайды. Ядролық жарылыстың белгілі бір немесе басқа түрінің қолданылуы онын зақымдауының ерекшелігіне, зақымдалатын объектінін сипатына және оны зақымдаудың талап етілетін дәрежесіне, сонымен бірге жергілікті жерді радиоактивті зақымдаудың қажетті шамасына және рауалы ауқымына қарай анықталады.
Химиялық жарылыс жарылғыш заттардың әсерімен болады.
Жарылғыш заттар — сыртқы әсердің ықпалымен өте тез химиялық өзгеріске түсіп, жылу бөлініп, катты қызған газдардың түзілуінен күшті соққы пайда болатын химиялық құрамалар мен қоспалар. Жарылғыш заттар оқты, минаны, снарядты лақтыруға қажетті энергия көзі болып табылады, сондай-ақ әр түрлі жару жүмыстарын орындауда қолданылады
Жойқын жарылыс (ағылш. Big Bang) — Әлемнің бұдан 13.7 миллиард жыл бұрын жойқын ғарыштық жарылыс нәтижесінде пайда болғанын және өзгеріп бүгінге жеткенін сипаттайтын ортақ космологиялық модел.
б)Құйын, атмосферадағы құйын – диаметрі ондаған метрден (су айдынында) жүздеген, мыңдаған километрге дейін (құрлықта) жететін қандай да бір ось бойынша жүретін ауаның айналмалы қозғалысы; ауаның жер бетінен топырақты, қарды немесе суды дөңгелете көтеріп, екпінді қозғалуы. Құйын 10 – 20 м/с жылдамдықпен жылжиды. Ондағы дөңгелене ескен желдің жылдамдығы 50 – 100 м/с-қа жетеді. Құйын қатты қызғандықтан жоғары қарай тез көтерілген ыстық ауаның өз жолындағы салқын қабатпен (көбіне жаңбырлы будақ бұлтпен) кездескен жерінде құралған төмен қысымды аймақтан басталады. Құйын бағанасының орталық бөлігінде ауа қысымының төмендігінен Жер бетінен бұлтқа қарай сорылу проц Торнадо (ис. tornado «құйын») — атмосферадағы ауаның айналмалы қозғалысы.Тромб желінің жылдамдығы 50—100 м/с, ал талқандау жолағының ені жүздеген метрге жетуі мүмкін. Ауа райы ыстық кезде атмосфераның тұрақсыз стратификациясы кезінде қалыптасады. Құйын, торнадо деп те аталады.
Құйыннан қорғану шаралары:

  • Өзге дауыл мен боран түрлеріне қарағанда құйын ондаған метрден жүздеген метрге дейінгі жіңішке жолақпен қозғалады. Сондықтан одан қашып құтылуға мүмкіндік бар. Ол үшін құйынның бағытын анықтап, соған қарсы кету керек. Егер құйынның тап ортасына түсіп қалсаңыз, жерге бекітілген заттан жақсылап ұстап, бетіңізді, әсіресе, көзіңізді матамен жабыңыз, үстіңіздегі кең, желбіреген киімнен құтылуға асығыңыз.

  • Егер боран, дауыл не құйын кезінде үйде болсаңыз, метеорологтар мен жергілікті азаматтық қорғаныс қызметінің кеңесіне құлақ асып, аулаңыздағы шаруашылық заттарын бекітіңіз. Әсіресе, бұл ұзын тақтай, шере, шифер, шатырға арналған қаңылтыр сияқты жеңіл, бірақ ауданы үлкен құрылыс материалдарына қатысты. Олар айналаға көптеген залал келтіруі мүмкін: электр желісін қиып, автокөліктің кузовын сындырып жібереді. Жел ұшыруы мүмкін осындай заттарды өзара байлап, ауыр затпен басып қою керек. Оны ағаштан салынған қора-қопсыға қою тиімсіз. Себебі мұндай қораның өзі желге шыдамауы мүмкін.

  • Ескі шаруашылық нысандарын шатырдан өткізіліп, екі ұшы жерге бекітілген сыммен қатайтып қою керек.

  • Шамамен желге қарсы беттегі терезені жақтаумен қорғаған абзал. Егер жақтау болмаса, тақтайды шегемен қағып қоюға болады. Керісінше, жел ұрмайтын жақтағы терезе мен есіктерді ашып, сол күйінде тіреп қою керек. Егер бұл әрекеттерді істемесе, үйдің іші мен сыртындағы атмосфералық қысымның түрлі болуынан ауа сиреп, есік пен терезелер ұшып кетеді.

  • Электр қуатын алдын ала өшіріп қою керек. Оның орнына майшам, батареялар мен «жарқанат» сияқты шамдарға арналған керосин қорын жинап қойыңыз. Сонымен қоса, керосин мен примус болғаны да жөн, себебі дауыл немесе құйын бірнеше сағатқа немесе күнге созылса, тамақ пісіріп ішуге болады.

  • Үйдің ішіне азық-түлік пен ауыз су қорын толтырып қою керек. Егер қыс мезгілі болса, отынды да жинап қойған дұрыс.

  • Дауыл, боран не құйын келе жатқаны туралы ақпарат түссе, сіз үйіңіздің беріктігіне күмәндансаңыз, жерасты бөлмеде немесе жерқоймада өмір сүретіндей жағдай (жерге төсейтін кілем, жылы киім, су, азық-түлік, жарық құрылғылары және күрек пен балта) жасап қою қажет.

Циклон— орталығында қысымы төмен облыспен бірге атмосфераның құйынды қозғалуы. 
Қара дауыл – екпінді, шаң-топырақты көтерген сойқанды, суық ызғарлы құйынды қозғалыс.
с)Атмосфералық жауын-шашын — ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан бөлініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. 
Қатты жаңбыр – су тасқыны жағдайын тудыруы мүмкін, кейде бұршақ пен күн күркіреуімен бірге жүретін қысқа уақыт аралығындағы жауын-шашынның шектен тыс мөлшері.Нөсер судың көп мөлшерін тез шығаруы мүмкін, т. 25 мм жауын-шашын шаршы километрге 25 000 метрикалық тоннаға сәйкес келеді.есі жүреді. Құйынның мысалына тромб, торнадо, циклон, қара дауыл, т.б. жатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет