1. Су тасқыны дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) күшті жауын-шашыннан немесе қардың (мұздың) тез еруінен


Сел, желді дауыл, шаңды және құмды дауы. Осы апаттардан қорғану шаралары



бет5/16
Дата03.02.2023
өлшемі0,66 Mb.
#65073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
экология 3

13. Сел, желді дауыл, шаңды және құмды дауы. Осы апаттардан қорғану шаралары
Сел - тау өзендерінің арнасында кенеттен пайда болатын, су деңгейі күрт көтерілген және құрамында қатты материалдар (тау жыныстарының қираған өнімдері) көп уақытша тасқын. Сел ұзақ жауған күшті нөсер жауын, мұздың күрт еруі нәтижесінде, өзен арнасына тау жыныстарының күтпеген жерден лап құлауы салдарынан пайда болады. Сел тасқындары, әдетте бөлек-бөлек толқындар түрінде қозғалады. Жылжып келе жатқан массаның көлемі жүздеген мың, ал кейде миллион текше метргедейін жетеді. Сел үлкен жылдамдықпен - 15 км/сағ-қа дейін жылжи отырып жолдарды, ғимараттарды, жыртылған жерлерді және т. б. қиратады. Селге қарсы күрес жөніндегі басты шаралар: тау беткейлеріндегі топырақ пем өсімдік қабатын әрдайым нығайтып және өсіріп-баптап отыру; бұзып-жарып кету қаупі бар тау су қоймаларын алдын ала ағызып жіберу; тау арналарын тазартып, селге қарсы бөгет жүйелерімен тұрақтандыру. Селді алдын алуда тау өзендері мен су қоймаларын ағызып жіберу, сондай-ақ дер кезінде қауіпті сел ошақтарын анықтау тиімді. Сел қаупі бар аудандарда тұратын халықты дер кезінде хабарландырудыц үлкен маңызы бар. Халыкты күні бұрын көшіріп әкетуге болады. Селді жоюға, жағдайға қарай, азаматтық қорғаныс жасақтары мен халық тартылады
Шаңды дауыл - шөл, шөлейт және жыртылған далада топырақтың немесе құмның жел арқылы тасымалдануы және ауа құрғақ кезде, борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел. Бұл Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыстардың бірі. Әдетте шаңды дауылдар желдің жылдамдығымен және топырақ жамылғысының сипатымен тығыз байланысты. Олар топырақтың ұлпаларын ұшырып, өсімдік тамырларын ашып тастайды да, ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Ең күшті шаңды дауыл миллиондаған тонна шаңтозаңды жүздеген (кейде мыңдаған) км-ге тасымалдайды. Мұндай шаңды дауылды қара дауыл деп те атайды. Шаңды дауыл көбінесе жазда, кейде көктемде және қарсыз қыста болады.
Құмды дауыл- Құмды дауылдар жер бетінде қалатын құрғақ жерлерден шыққан құм бөлшектерінен тұрады. Желдің жылдамдығы мен қарқындылығы жоғарылағанда, бұл бөлшектер жоғары қарай қозғалады, ұзақ қашықтыққа көлденең жүре білу.Олар ең көп өндірілетін жерлер өсімдіктер жоқ кейбіреулер, жоғары көтерілген бөлшектерді қолдайтын факт. Мысалы, Сахара шөлінде немесе Солтүстік Американың жазықтарында олар өте кең таралған.
Дауыл — теңізде күшті толқындар көтеретін, құрлықта бірталай апаттарға себеп болатын өте күшті жел (жылдамдығы >20 м/с). Әдетте, дауыл қарқынды циклондардың өтуімен тығыз байланыста дамиды.
Дауылды жел — күшті, кенеттен соғатын, жылдамдығы 20—30 м/с-ке жететін, кейде найзағай мен нөсер қатар жүретін жел. Орта ендіктердегі циклондарды суық ауа шебінің өтуі барысында және өте күшті ауа конвекциясы кезінде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет