Табиғатты қорғау және тұрақты даму Мақсаты: Студенттерді табиғатты пайдалану ғылмымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін, экологиялық ғылымда алатын орнын анықтау. Студенттерді ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, қорықтар, қорғалымдар, ұлттық саябақтар түсінігімен таныстыру, сондай-ақ осы аймақтарда қорғалатын түрлермен таныстыру.
Жоспар: 1.Табиғатты қорғау мәселелері.
2.Ерекше қорғалатын территориялар
3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.
Негізгі түсініктер: қорықтар, қорықшалар, биосфералық резерваттар, ерекше қорғауға алынған териториялар.
1. Табиғатты қорғау мәселелері. Экология ғалымының негізгі мақсаты – биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттылығына, білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәнежесінің жоғары болуына ықпал ету.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) "Адам мен биосфера ” атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарың қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.
1971 жылы Швейцарияда Европалық конференция шақырылып, онда айнала қоршаған табиғи орта, табиғат қорғау мәселереі көтерілді.
1972 жылы Стокгольмге "Қоршаған ортаны қорғау” туралы білім беру, 1977т жылы Тбилиси қаласына БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары "Экологиялық білім беру” туралы 40 астам шешімдер қабылданып оның ғаламдық, стратегиялық жоспаралар қабылданды. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987), т.б. конференцияларымен жалғасады.
XX ғасырдың орта шенінде педагогтар В. Ф. Натали, Н. М. Берзилин, В. М. Корсунский, т.б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып дамытуты ұсынды. Ал, 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Беларуссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт – Петербург, т.б.) Биосфера, Экология, Табиғат қорғау, т.б. экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог - ғалымдар Н. Д. Зверев, С. Д. Дрябь, В. А. Левин, Н. Т. Суравегин, А. Н. Захлебный, т.б. халықтық оқу жүйесінде экологиялық білім берудің сан - қырлы теориялық практикалық негіздерін ұсынды.
Экологиялық білім беруде және жоғары білімді эколог мамандарды даярлауда Абай атындағы Алматы педагогикалық университетінің орны ерекше. Университет профессоры А. С. Бейсенованның жетекшілігімен Республика "Жоғары оқу орындарында эколог мамандар дайындау” және "Мектеп оқушыларына экологиялық білім беру” тұжырымдамасы жасалынды. Ал, 1987 жылы География - экология факультеті ашылып, мамандар даярлай бастады. Қазір Әль – Фараби атындағы университетте (ҚазМҰУ), Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Түркістан қалаларындағы оқу орындарында химия - экология, география - экология, т.б. мамандықтары бойынша бөлімдер ашылды. Соңғы жылдары Республиканың академиялық ғылыми зерттеу инститтуттары биоресурстар бойынша экологиялық іргелі жұмыстар жүогізсе, жоғары оқу орындары білікті эколог мамандарын даярлауда. Осы бағытта егеменді Республикамыздың парламеннті мен үкіметі "Айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау” Заңын (1997), "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі ”тұжырымдамасы (1996), экономикалық білім бағдарламасын (1999), Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жоспарын (1996) т.б. маңызы зор құжаттар қабылдады.
Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі. Ол түралы пікір таластар көп. Экология ғылымының қазіргі құрылымдарын біз белгілі экологтар Ю. Одум, Н. П. Наумов, Г. А. Ноиков, Н. Ф. Реймерс, В. А. Радкевичтің жіктеуі негізінде береміз.