2-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық негізі
Дәрістің мақсаты: Әдістеме – қоғамдық ғылым. Әдістеменің психологиямен байланысымен, «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізімен таныстыру.
Сұрақтар: Әдістеме – қоғамдық ғылым.
Әдістеменің психологиямен байланысы.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тіл білімдік негізі
Қазақ тілін оқытудың психологиялық негізі
Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негізі
Қазақ тілін оқытудың психологиялық негізі
Тілді үйренуде оқушының қабылдау үдерісінің қызметі ерекше. Психологтер қабылдаудың төмендегі түрлерін белгілейді: көру, сезу, есту. Тілді үйренуде есту және сөйлеуді қабылдаудың орны бөлек. Өйткені тіл үйренуде оқушылар алдымен ауызекі сөйлесуге үйренеді. Онда дыбыстарды, сөздерді есту, сөйлеуді қабылдау арқылы үйренеді.
Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негізі
Қазақ тілін орыс мектебінде оқыту әдістемесі жалпы дидактиканың ұстанымдарына сүйене отырып, тілді оқыту әдістері мен тәсілдерін, амалдарын белгілейді, қазақ тілі сабағының негізін салады.
Дидактика - педагогика ғылымының білім беру және оны оқыту теориясын қарастыратын саласы. Ол білімнің мазмұнын, ғылыми негізін, оқыту әдістерін зерттейді. Нені оқыту керек, қалай оқыту қажет деген сұрақтарды шешіп отырады. Осы мәселелер женінде өзінің ұстанымдарын белгілейді.
Өзін-өзі бақылау тапсырмалары: Әдістеме – қоғамдық ғылым екенін дәлелдеңіз.
Әдістеменің психологиямен байланысы қандай?
«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің» лингвистикалық, педагогикалық, әлеуметтік, когнитивтік негізі деген не?