1-тақырып. ҚАзақстан тарихына кіріспе. ҚАзақстан аумағындағы көне дәуір. Дәріс жоспары (2 сағат)



бет3/5
Дата27.11.2023
өлшемі24,56 Kb.
#128581
1   2   3   4   5
2. Қазақстан тарихының деректері Тарихи дерек дегеніміз - адамзат қоғамының тарихына куә болатын өткеннен қалған кез-келген ескерткіш. Тарихи деректерді пайдалану үшін ондағы мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, оның ақиқаттық деңгейін анықтап алу қажет.
Тарихи деректің түрлері:
1. Заттық деректер: еңбек құралдары, тұрмыстық заттар, қару- жарақтар, архитектуралық ескерткіштер.
2. Этнографиялық деректер: салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, нанымсенімдер.
3. Лингвистикалық деректер: тілі, жер-су атаулары.
4. Ауызша деректер: аңыздар, жырлар, мақалдар.
5. Жазбаша деректер: а) Антик ғалымдарының жазбалары: (Геродот, Страбон, Птолемей).
ә) Ежелгі қытай деректері (Сыма Цян). б) Ежелгі түрік деректері (Күлтегін, Білге қаған жырлары).
в) Еуропалық жазба деректері (Плано Карпини, Гильом де Рубрук, Марко Поло).
г) Мұсылман елдерінің деректері (Әл Ыдырыси, Әл Масуди т.б.). д) Ежелгі орыс деректері (Игор жорығы туралы жыр).
е) Дала тарихнамасы: (Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди», Мұхамед Қашқари «Диуани лұғат ат-түрік», Қадырғали Жалаири «Жылнамалар жинағы» т.б.).
Қазақстан тарихының тарихнамасы Тарихнама дегеніміз- тарих ғылымының зерттелу тарихы. Қазақстанның ежелден бергі жүйелі тарихын жазу тҽжірбиесін алғаш бастаған А.И. Левшин болды. Оның «Қырғыз-қайсақ немесе қырғыз-қазақ ордалары туралы жазбалар» еңбегі сол кездегі тарихи этнографиялық әдебиеттің басталуы болды. Қазақстан тарихы бойынша жалпылама еңбектер, бағдарламалар, оқулықтар жасау Кеңес дәуірінде басталды. Бұл ғылымның қалыптасуы кезеңіндегі қиындықтарға қарамастан 1920 жылы А.П. Чулошниковтың «Қырғыз-қазақ халқының тарихы туралы очерктері», 1925 жылы М.Тынышпаевтың «Қазақ халқының тарихы» еңбегі, 1935 жылы С.Д. Асфендияровтың «Ежелгі заманнан бергі Қазақстан тарихы» еңбегі жарық кҿрді. Онда автор революцияға дейінгі Қазақстан тарихның кезеңдерін ашып көрсетеді. Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылғаны және оның прогрессивті процесс екендігін теріске шығарады. Қазақстанның көне замандағы 19 ғасырда 70 жылдарына дейінгі тарихын 1941 жылы жарық көрген М.В. Вяткиннің Қазақ ССР тарихының очерктері қамтиды. 1943 жылы көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі ҚазақКСР тарихының бірінші басылымы шығарылды, бірақ кезінде бұл еңбек үлкен сынға ұшырады. 1947 жылы шыққан жаңа басылымы да сынға ұшырап, оның авторларының бірі Е.Бекмаханов репрессияға ұшырады. 1977-80 жылдары Қазақ КСР тарихының 5 томдығы жарық кҿрді. 1990 жылдардан бастап кҿптеген жаңа оқулықтар жазыла басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет