1-тақырып. ҚАзақстан тарихына кіріспе. ҚАзақстан аумағындағы көне дәуір. Дәріс жоспары (2 сағат)



бет5/5
Дата27.11.2023
өлшемі24,56 Kb.
#128581
1   2   3   4   5
4. Тас дәуіріндегі Қазақстан
Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Олардың негізінде тасты өңдеу техникасының жетілдіруі және соған байланысты еңбек өнімділігінің, материалдық және рухани мәдениеттің өсуі жатыр. Археологияда қабылданған кезеңдерге бөлуге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Аталған дәуірллердің әрқайсысы өз кезегінде хронологиялық ірі кезеңдерге бөлінеді. Тас ғасыры үш кезеңнен: палеолит, мезолит, неолит кезеңдерінен тұрады.
Ежелгі тас ғасыры – адам мен оның шаруашылығы қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарлар аулаған. Палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр – бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды.
Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге бөлінеді:
- Олдувай (б.з.д. 2,6 млн жыл – 700 мың жыл)
- Ашель (б.з.д. 700 мың жыл – 150-120 мың жыл)
- Мустье (б.з.д. 150-120 мың жыл – 35-30 мың жыл).
Ол кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген, өйткені оның оңай жарылатын шақпақтасты бәрінен де көбірек қолданғаны, ал оған ұқсас тас түрлерін кей жерлерде қолданбағаны тегін емес. Материал таңдау көбінесе құралдың қолданылатын мақсатына байланысты болды. Құралдардың мынадай түрлері: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар, піспектер, пышақтар, тескіштер және т.б. бөлініп шыққан.
Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақтастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады, олар Кеңірдек елді мекені жанынан, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің ең жоғары жайылмасынан, қатып қалған төменгі төрттік кезеңнің қалың конгломераты арасынан табылған. «Клектон тұрпаттас» деп аталатын бұл ежелгі құралдарың анағұрлым кейінгілерден айырмасы – олардың соғатын қыры тым үлкен, ол тіпті бүкіл сынық көлемінің жартысынан көбірек. Олармен бірге үлкен шақпақтастар, дөңес нуклеустер де табылды. Ашельдік Бөріқазған және Тәңірқазған тұрақтары мейлінше назар аударуға лайық. Бөріқазған және Тәңірқазғаннан табылған ежелгі палеолитттік саймандар төрт топқа бөлінеді:
- екі қырлы және бір қырлы шапқы құралдар;
- шапқылар;
- ауыр тас сынықтар;
- ірі ұра тастар – нуклеустар.
Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника «соққылау техникасы» немесе «малтатас техникасы» деп аталып кеткен. Өйткені оған көпшілік жағдайда өзендерде кездесетін кәдімгі малтатастар шикізат болған. Кейіннен шой балғалар пайда болып, олар жақсы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік берді. Олар көбінесе цилиндр немесе дөңгелек түрінде болып, көп жерінде жемірілген және соғылған із қалған. Мысалы, Х. А. Алпысбаевтың Қаратау жотасы ауданынан тапқан құралдары жоғарыда аталған тәсілмен өңделген.
Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда табылды. Мұнда құралдар қара және сұрғылт-жасыл түсті шақпаққтас жыныстарынан дайындалған. Осындай тұрақтардың бірі – Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Құдайкөл. Құралдар арасынан бифастарды, яғни тастан екі жақ беті өңделіп жасалған құралдарды, жануарлар терісін өңдеуге және ағашты ұқсатуға арналған қырғыштарды, сондай-ақ көптеген нуклеустерді – жоңқалар мен жалпақ тіліктер сындырылып алынып құрал ретінде пайдаланылған ауыр тастарды атап өтуге болады.
Солтүтік Балқаш өңірінің бір ғана – аумағы 2500*300 м ұсақ шоқылы Семізбұғы мекенінен барлығы 1611 тас құралдар табылған. Оларды дайындаған негізгі шикізат қара түсті шақпақтас девон алевролиттері болған.
Кейінгі кезең – мустьелік кезеңде тас өңдеудің жаңа техникасын ойлап табылды, бірақ ұсақ малтатас та қолданыла берді. Оңтүстік және Орталық Қазақстан жерінде мұндай ескерткіштер көп табылады. Олардың бірі 1958 жылы Х. А. Алпысбаев тауып, кейіннен Ш. Уалихановтың есімімен аталған көп қабатты тұрақ болып табылады.
Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мыңжылдықта басталып, 10 мыңжылмен аяқталады. Бұл Жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Ақыл-ойлы адамның шығуы мен соңғы палеолит дәуіріндегі адамзат қоғамының материалдық және рухании мәдениеттің одан әрі дамуы арасында тікелей байланыс бар. Рулық ұйым барлық жерлерде ана тектес және шеше жағынан топтасты, ал әйелдерде қауымда үстем жағдайда болды деп топшыланады.
Соңғы палеолит дәуіріндегі адамның дүнииетанымы күрделене түсті. Аңшылар магиясына табыну кең таралды. Мұның негізінде хайуанның бейнесін – символын бағындыру арқылы оған өктемдік етуге болады деп сену болды. Магияның әмбебап құралы сол кезде пайда болған алғашқы өнер болды. Оның басты тақырыбы – әр түрлі жануарлардың суретін салып, бітім-тұрпатын, мүсінін жасап бейнелеу болды. Сүйектен ойып немесе жұмсақ тастан қашап жасалған әйел мүсіндері жердің құнарлығын, аналық қасиетін бейнеледі.
Адамның жаны туралы, жердегі тіршіліктің жалғасы сияқты о дүниедегі өмір туралы ұғымдар түрлері әдет-ғұрыптық рәсімдердің пайда болуына әкелді. Өлген адамның денесіне қызыл жоса себілді, оның кеудесіне тесілген қабыршықтардан, жыртқыш аңдардың тістерінен жасалған лқа тағылды, аяғына мамонттың азуынан жасалған білезік кигізілді, киіміне моншақ тізбесі тігілді. Өліктің қасына шақпақтастан, мүйізден жасалған заттар қойылды.
Алдындағы кезеңдерге қарағанда жоғарғы палеолитте тас құралдарын өңдеу неғұрлым күрделі болды. Сүйек және ағаш жақтауларға сына ретінде пайдалануға арналған жұқа қалақшалар жонылып, соңан соң бүкіл құралдар пышақ және қырғыш ретінде пайдаланылған. Қыспа ретушь техникасы да кең қолданылды, ол жүзі жұқа құралдар – найзалардың, сүңгілердің ұштарын алуға мүмкіндік берді.
Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезеңге дейін аз зерттелген. Бұл уақыттың материалдық мәдениеті туралы алғашқы ақпарат 50-жылдарда ғана пайда болды. 70-80 жылдардағы В. Ф. Зайберттің Есіл өңірінде, В. Н. Логвиннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізілген далалық зерттеу жұмыстары ғана мезолит және оның далалық өңірдегі айрықша белгілері туралы жалпы сипатта алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік берді.
Палеолиттен мезолитке (гр. «мезос» - орта) көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргіге жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргіге жақын құрамы қалыптасты. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамақ табудың бұрынғы әдістерін жарамсыз етіп, тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттігін туғызды.
Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы – садақ. Шынына келгенде адамға ол жоғарғы палеолитте мәлім болған, бірақ оның кең таралуы жеке аң аулауға көшуге байланысты ғана мейлінше қажет болды. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Садақ пен жебе барлық жерге дерлік тез тарады. Ол 10 мың жылдан астам уақыт бойы ең тез атылатын және ең жаңа қару болды.
НЕОЛИТ. Бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. VII мыңжылдықтың екінші жартысы мен VI мыңжылдықтың басына тұстас келеді. Бұл тас өңдеуде техниика гүлденген кез болды. Қыспа ретушь техникасының жетілдіруімен қатар тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау, арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты. Тас балталар, кетпендер, дәнүккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына – жиын-терін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды. Онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Сонымен бірге мұның өзі қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғұрлым жоғары дамыған уақыты болды: тайпалар мен тайпалық бірлестіктер құрылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткішттер мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай төртке бөлінеді:
- бұлақтық;
- өзендік;
- көлдік;
- үңгірлік.
Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылды. Мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардағы негізгі құрал-сайманар – пышақ тәрізді қалақтар және содан жасалған заттар. Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтар неғұрлым көп тараған, өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болды. Бұлақтардың жанындағы тұрақтар – көбінесе кезбе аңшылардың уақытша маусымда тұрған жерлері. Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі – ашық үлгідегі тұрақтар.
ЭНЕОЛИТ. Энеолиттік кезеңде шақпақтас индустриясының құлдырап, тас құралдар жиынтығының кемуіне әкеп соғады. Археологиялық үлгілердің материалдық мәдениетке жататын жаңа жиынтықтары: жалпақ түпті, өрнегі бай керамика, ұсақ қалақша, тұрғын үйлер айқын көрінеді. Мыс қосылған шақпақтас бұйымдарымен ұштасқан бұл үлгілер жиынтығы энеолиттік үлгідегі археологиялық кешендерді сипаттайды. Энеолит дәуіренде климат ылғал болды. Сол арқылы ірі сүтқоректілер санының белсенді түрде табиғи өсуіне, көбеюіне мінсіз жағдай жасады.
Ботай мәдениеті. Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоныстың атымен аталған. Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б.з.б. ІІІ – ІІ мыңжылдықтармен белгіленеді. Ботай мәдениетін В. В. Зайберт ашты. Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Жүгеннің сүйек элементтері, кісенге арналған ілгектер жылқының қолға үйретіле бастағанын дәлелдейді. Ботай қонысында 70 000 жылқының сүйегі табылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет