Қазақстан тарихы Орта Азия халықтарының бір бҿлігі ретінде жҽне жеке түрі ретінде соңғы 150 жыл ішінде дүниежҥзілік этнография түркология мәдениеттану, археология, әлеуметтік антропология және тарих ғылымдарының зерттеу объектісі болып отыр. Қазақстанның тарихы көшпелі түркі халықтарының тарихы ретінде бірнеше тарихи фактілерге байланысты зерттеушілердің назарын өзіне аударып отыр.
1. Қазақстан территориясының ұзаққа созылған тарихи жылдарда алып дала императорларының құрамына кіруі.
2. Қазақ этносының әртүрлі халықтардың қосылуы және араласуы негізінде қалыптасуы.
3. Қазақ халқының көшпелі экономикасының номадизмді зерттеушілер ҥшін классикалық үлгі болып қалуы.
4. Қазақтардың тілі мен ауызша мұралары түркологтар үшін баға жетпес құнды дерек болуы.
5. Қазіргі қазақ территориясында соңғы жүздеген жылдар бойы орыс және түрік мұсылман мәдениетінің аралас өмір сүріп бір-біріне әсер етуі.
6. 20ғ.бастап қазақтарға деген қызығушылық өктемдік тәртіптің коммунистік тҽжірбиелердің құрбандары ретінде өсе түсуі.
Өткен ғасырдағы зерттеушілердің бірі неміс ғалымы В.В. Радлов алғашқы болып қазақтың көшпелі қоғамының жетілмегендігі, тағылығы жөніндегі қате түсініктерге қарсы шықты. Ол бұл туралы «біз бұл жерде отырықшы халықтың мәдениетіне қарсы тұрған өркениеттің сатысы мен істес болып отырмыз. Қазақ қоғамында үстемдік құрып отырған анархия емес тек өзіне ғана тән біздікінен өзгеше және барынша реттелген мәдени қатынастар»- деп жазады.