1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


тақырып. Әлеуметтану теориясына кіріспе



бет6/51
Дата18.10.2023
өлшемі271,68 Kb.
#117887
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
социология.лекции.2020 г.

2 тақырып. Әлеуметтану теориясына кіріспе

1. О.Конт – әлеуметтану ғылымының негізін салушы


2. Г.Спенсердің органикалық теориясы мен Э.Дюркгеймнің әлеуметтік реализм теориясы
3. Әлеуметтанудағы марксизм
4. Бейклассикалық әлеуметтанудың басталуы: М.Вебер
5. ХХ ғасырдағы әлеуметтанудың негізгі бағыттары
6. Қазақстанда әлеуметтанулық ойдың дамуы (ежелгі кезеңінен ХХ ғ. басына дейін)

Социология ғылымының тарихын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: 1) Ежелгі дәуірдегі социологиялық көзқарастар; 2) Орта ғасыр және жаңа дәуір социологиясы; 3) Қазіргі замандағы социология;


Ежелгі дәуірдегі социологиялық көзқарастар грек философтары Платон мен Аристотель есімдерімен байланысты. Бұл ойшылдар әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстары бар бағдарламалар түзді.
Платонның «Мемлекеті» жалпы социология саласындағы алғашқы еңбек болып саналады. Оның негізгі тұжырымы әлеуметтік проблемаларды сыни талдаулардан өткізіп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасаумен аяқталатын ғылымның көмегімен жетілген мемлекетті негіздеп құруға болады деген оәды келтіреді.
«Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп білген Платон зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етеді. «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел». Платонның ойынша, мемлекеттің ойдағыдай өмір сүруін қоғамның негізгі үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етеді. «Тек осындай мемлекетте ғана шын мәнінде бай адам, алтынға емес, қайырымдылық пен парасатқа бай адам билік жасайды. Егер кедейлер мен қолында байлығы жоқтар өзіне мол үлес алу мақсатымен қоғамдық игіліктерге ұмтылса, ол жақсылыққа апармайды. Билікке таласушылардың арасындағы өзара қырқыс олардың өздерін де, өзгелерді де қажытып құртады».
Осылайша, Платонның әлеуметтік тұжырымдамасында бөлшек пен бүтіннің өзара қарым-қатынасы күйінде болатын саяси тұлғалардың типі мен мемлекеттік құрылымдардағы әртүрлі бөлшек пен бүтіннің өзара қарым-қатынасы толығырақ талданған. Мемлекеттік құрылысты түсіндірудің кілтін адамның болмысынан, ал мемлекеттің сипатын саяси қайраткерлердің типтік белгілерінен іздеу керек деп саналып келді.
Мемлекеттегі қоғам мен қалыптасқан қайраткер идеялары Аристотель шығармаларында одан әрі дамытылды. «Біздің сеніміміз бойынша, кез келген тіршілік иесінің бойынан қожайындық сезім мен саяси билікті көруге болады. Жан денеге қожайындық етеді, ал ақыл-ой мемлекет қызметшісі сияқты біздің талпыныстарымызға билік жасайды». Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілікке жету жету болып табылады. Оның көзқарасы бойынша, мемлекеттік құрылым дегеніміздің өзі мемлекеттік басқару тәртібі. Мемлекеттік басқарудың өзі жоғары билікті кімнің жүргізіп отырғанына қарай белгілі бір түрлерге жіктеліп, сипатталады. Бәріде биліктің өзінің алдына қандай мақсат қойғанына байланысты. Кез келген мемлекеттің адамдары негізгі үш категорияға: байларға, орташаларға, кедейлерге бөлінеді дейді ол. Аристотель адамдардың байлығына қарай жікке бөлінуі, олардың өз мүдделерін қоғап күресуі мемлекеттің іргесін шайқалтатын әлеуметтік қарсыласуларға апарып соқтыратынын көрсетті. Мемлекет, Аристотельдің айтуынша, адамдарға үстемдік етіп тұратын тұтастық.
Орта ғасырларда Аврелий Августин мен Фома Аквинскийдің еңбектері ерекше мәнге ие болды. Августиннің пікірінше, адамзаттың тарихы бақилық пен пәнилік, руханилық пен материалық, жақсылық пен жамандық сияқты кереғар қасиеттердің күресінен тұрады. Августин құдайға сүйіспеншілік идеясын өз тұжырымдарының өзегі етіп алып, саясат пен қоғамдық прогреске түгелдей теологиялық тұрғыдан түсінік береді.
Ал Фома Аквинский болса, адамды саяси тұлға ретінде қарастырады. Ол сол замандағы мемлекеттік биліктің шіркеуге тікелей тәуелді екендігіне қарамастан, шіркеу ғана емес, мемлекетте жаратқанның туындысы деп дәлелдеді.
Әлемдік өркениет тарихындағы қайта өрлеу кезеңінің идеялық өзегі – адам құндылығын, оның бостандық пен бақытқа ұмтылу құқықтарын мойындайтын көзқарастар жүйесі, яғни гуманизм болады.
Ежелгі дәуір мәдениетін зерттеп, ондағы ізгілік идеяларын насихаттаушылардың бірі «гуманизмнің атасы» атанған Франческо Петрарка болды. Осы кезеңнен бастап адам мәселесі қоғамдық ойдағы негізгі мәселеге айналды: бұл жерде антропоцентризм теоцентризмнен арылу үшін қолданылады. Бағдарды өзгерту этикалық, эстетикалық және саяси түсініктерді қайта қарауға әкеледі. Адам туралы жаңа көзқарас бірсыпыра әлеуметтік-саяси мәселелерді дұрыс шешуге ықпал етті. Никола Макиавелли өзінің «Государь» атты еңбегінде адамның белсенділігі идеясын дамытты және адамның саяси қызметіндегі еркін ерік-жігердің ерекше роліне назар аударды.
Қайта өркендеу мен Реформация кезеңіде социологиялық мәселелерге қызығушылық көбейіп көптеген зерттелер жүргізілді. Италиян философы Жан Батист Вико (1668-1744) өзінің «Основания новой науки об общей природе наций» деген еңбегінде өзінің социологиялық идеяларын көрсетті. Вико салыстырмалы типологиялық тарихи зерттеулердің методологиясы мен әдістерін, циклдық теориясын жасап қоғамның тарихи-әлеуметтік даму процесінің сипатын анықтады. Ол әлеуметтік процестерді, саяси, діни, шаруашылықтық, мәдени, құқықтық сияқты т.б. әлеуметтік өмір негіздерін тұтас тануға тырысты. Бұларды ол қоғамның тұтас әлеуметтік құрылымының элементтері ретінде қарастырды. Сондай –ақ Вико әлеуметтік және тарихи психология мәселелерін талдай отырып құжаттарды сын тұрғысынан зерттеудің методологиясы мен әдістеріне үлес қосты. Оның тұжырымдамалары, қазіргі заманауй социологияның жетекші бағыттарын ашуға ықпалын тигізді. Мысалы мәдениет теориясы идеясы. Жан Боден (1530-1596) мемлекет отбасы негізінде пайда болып, жеке меншікті нығайтуға қызмет етеді деп көрсетті.
Сонымен, әлемдік философиялық және социологиялық ойдың бұрыңғы тарихи кезеңдерде дамуы ғылымның жаңа бағытын ашудың теориялық және методологиялық жақтарын дайындады. Бұл жетістіктер адам мен қоғамның өзара әрекеттесу сипаттарына, дәлірек айтқанда әлеуметтік қатынастарға баса көңіл қойды. Мұндай ғылыми бағыттың мұқтаждығы әлеуметтік практика үшін өзекті болатын. Осы мұқтаждықтарға Огюст Конттың еңбектері маңызды жауап болды. Огюст Конт (1798-1857) Ағартушылық дәуірінің метафизикалық көзқарастарына қарсы болып, қоғамға рационалды ғылыми көзқарастың қажеттігін негіздеді. Ол үшін бақылау мен эксперимент қажет болды. Ол өзінің «Курс позитивной философии» деген еңбегінде адам санасының зияткерлік дамуындағы «үш кезең заңын» қарастырды. Бірінші кезеңде адам ақылы әлемде болып жатқан процестерді «жоғарғы күштердің тікелей және ұдайы әсерінен» деп ұғындырады. Екінші кезеңде «олар абстракциялық кездейсоқ күштермен» аустырылады. Үшінші кезең ол позитивті кезең, осы кезеңде адам ақылы абсолюттік білімге жете алмайтындығын мойындап, Дүниенің пайда болуы мен оның мақсатын түсінуден бас тартады. Сонымен Конт бойынша позитивизм деген не? Оның бес мағынасы бар:
1) түсініксіздікке қарсы қойылған реалдық;
2) жарамсыздыққа қарсы қойылған пайдалылық;
3) күмәнділікке қарсы қойылған айғақтық;
4) көмескілікке қарсы қойылған нақтылық;
5) күйретушілікке қарсы қойылған ұйымдастырушылық.
Позитивизм – ғылымның тек бізге тәжірибеден белгілі, біз бақылайтын объектімен ғана жұмыс істеуін талап ететін ғылым философиясындағы доктрина. Позитивтік ғылымның мәні, барлық құбылыстарды жаратылысты өзгермейтін заңдарға бағыныш деп қарастырып, дүниенің алғашқы және соңғы себептерін танудың мүмкін еместігін мойындауда. Конт, тек физикалық, химиялық астрономиялық құбылыстар ғана ғылыми зерттелген, сондықтан енді қоғамдық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан ұғыну қажет деді. Басқаша айтқанда «қоғамдық физиканы» жасау керек.
Әлеуметтік прогреске қызығушылық Контты әлеуметтік теориямен айналысып, әлеуметтік философиядан әлеуметтік құбылыстарды ажыратып дербес зерттеу идеясына алып келді. Оны ол әлеуметтік физика немесе социология деп атады. Әлеуметтік өрістң зерттегенде, бақылауға, әлеуметтік экспериментке, салыстырмалы әдістерге сүйену керек деді. О.Конттың пікірінше, социология ғылымы не бар деген сұрақпен қатар, құбылыстар қалайша пайда болады деген сұрақтарға жауап беруі тиіс жіне болашақ проблемалардың алдын алып оларды шеше білуі тиіс. Огюст Конт социологияны қарастыру бағдарламасын әлеуметтік статистика, әлеуметтік динамика деп үлкен екі тарауға бөлді. Біріншісі қоғамдық жүйенің өмір сүру шарттары мен заңдарын, ал екінші қоғамдық жүйенің даму және өзгеру заңдарын зерттейді. Әлеуметтік статистиканың объектісі қоғамның тыныштық күйіндегі жағдайы, ал әлеуметтік динамиканың объектісі – қоғамның қозғалыстағы күйі.
Әлеуметтік статистика – қоғамдық тәртіп, ұйым, үйлесім теориясы. Әлеуметтік статистика ол әлеуметтік ағзаның құрылысын, тіршілік ету жағдайларын және тиісті гармония заңдарын зерттеуші әлеуметтік анатомия. Мұндай жағдайлар индивидтерге, жанұйяға, қоғамға, жалпы адамзатқа қатысты. Конт қоғамды барлық бөліктері өзара тығыз байланысты, бір-бірімен бірлік те ғана тануға болатын органикалық тұтас дүние ретінде қарастырады. Ол алдымен негізгі қоғамдық институттарды (отбасы, мемлекеттік, дін) олардың әлеуметтік қызметі, әлеуметтік ықпалдастықтағы тұрғысынан қарастырады. Әлеуметтік динамика ол әлеуметтіктің қызмет ету заңдарын зерттейтін –әлеуметтік физиология. Конт заңы бойынша, адамзат қоғамы дамудың теологиялық, метафизикалық және позитивтік үш сатысын басынан өткереді. Социологияның позитивті білімге, басқаша айтқанда пәндік және әдістемелік нақтылыққа, ғылымилыққа бағдарлануы прогресті роль атқарып әлеуметтік танымдарды дамытуға, әлеуметтік заңдарды ашуға, адам туралы білімдерді тереңдетуге жол ашты. Социологиялық позитивизм, XIX ғасыр социологиясының негізгі басым атауы. Оның негізгі концепцияларын Джон Милл, Г.Спенсер, Э.Дюркгейм т.б. жасады. Джон Милл ең алғаш болып құбылыстардың себеп-салдарының болу немесе болмауын дәлелдеудің логикалық жүйесін жасады.
Г.Спенсердің органикалық теориясы. Ағылшын позитивизімінің негізін қалаушылардың бірі Герберт Спенсер (1820-1903) эволюцияның жалпы идеясын байланыссыздықтан байланыстылыққа, біртектіліктен көптектілікке, белгісіздіктен белгілілікке өту деп түсіндіреді. Оның қоғамдық құрылысты ерекше организм ретінде қарауы және оның дамуын эволюция идеясы тұрғысынан сипаттауы Спенсерді социологиядағы организмшілдік пен эволюцияшылдық бағыттарының негізін салушы деп танытты. (Социал-дарвинистік мектеп өкілі) Спенсер жүйелердің жалпы теориясы деп аталған және оны адамдар қоғамына қолданылған ғылыми бапты ең алғаш болып жасады. Ол өз зерттеулеріндеқұрылымдық-қызметтілік пен эволюциялық талдауды бірге қолданды. Спенсер қоғамды индивидтердің өзара әрекеттесулер нәтижелерінде пайда болған ерекше реалдық деп түсінді. Оның қоғамды ағза ретіндегі ұғымдары әлеуметтік жүйелердің құрылымдары мен қызмет етулерінің маңызды ерекшеліктерін түсіну мен ұғынуға мүмкіншілік берді. Ол қоғамды жеке биологиялық ағзамен бірдей деп санамады , ол тек осы екеуін салыстырып отырды. Мұндай бап әлеуметтік жүйедегі институттардың үш жүйесін ажыратуға мүмкіндік берді: қолдаушы (өндіріс), бөліп-таратушы (жол тараптары, көлік, сауда т.б.), реттеуші (басқарушы). Спенсер бойынша ұғындырылған «жауынгершіл» және «Индустриалды қоғам» сияқты қоғамдар типтері, «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік функция», әәлеуметтік институттарә, «әлеуметтік жіктелу мен интеграция» категориялары осы күндерге дейін қолданыста. Оның пікірінше қоғам өз өкілдерінің игілігі үшін болуы тиіс. Әлеуметтік тиімді дамудың шарты индивидтердің тең бостандық принципі, барлық индивидтер мен әлеуметтік қабаттардың саясаи шешім қабылдауға теңдігі, еркін бәсекелестік деп санады. Спенсердің дүниеге көзқарасында, Конт пен Маркске қарағанда, мессианизм және утопизмдік нышандар болмады. Ол социологиялық ой классиктері ішінен бірінші болып социологияны утопиядан ажыратты және оны либерализм идеясымен біріктірді. Осылайша социологияны мессиандықтан, утопиялықтан,саясилықтан, мистикалық және басқа да қосындылардын тазартуға көп күш жұмсап, социологияның ғылымға айналуына зор үлес қосты. «Социология» термині Спенсердің арқасында қайта жаңғырды. Егер О.Конт кезінде саяси-діни-утопиялық доктринамен байланысты болса, Спенсерден бастап бұл термин қоғам туралы ғылым ретінде қабылданады. Г.Спенсер барлық фундаменталды және көпқырлы жүйелерден әлеуметтік эволюцияны түсінудің үш формуласына тоқталды: «жаратылысты сұрыптау», «тіршілік үшін күрес» және «ең мықтының өмір сүруі». Ол қоғамның екі түрін ажыратты: «жауынгершіл» және «өндірістік». Осының екіншісінде бәсекелестік болады, онда ең талапты, мықтысы жеңеді, бұл қоғам үшін игілік. Ол мемлекет тұрғысынан қайырымдылық шаралары азаматтарды енжарлыққа әкеледі деп оған қарсы болды, ал жеке адамдардың қайырымдылық шараларын орынды деп санады. Сондай ақ Спенсер мемлекеттің экономика мен адамдардың жеке өміріне араласуға да қарсы болды бірақ қазіргі замандық қоғамда басқару қызметінің маңызы өсуіне байланысты, азаматтар құқығын қорғау үшін мемлекет басты роль атқаратынын дәлелдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет