1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану


Отбасының даму циклдері (кезеңдер)



бет33/51
Дата09.10.2022
өлшемі208,33 Kb.
#42060
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Байланысты:
Тезисы Социология каз.2020 г.

Отбасының даму циклдері (кезеңдер). Бұл отбасының өзгеру серпінін-оның пайда болуы мен ыдырауының арасындағы уақытты қамтиды.
Бірінші кезең-некеге тіркелуден және бірігіп өмір сүруден бірінші бала туғанға дейінгі уақыт. Екінші кезең-соңғы баланың мектепке баруымен, ал, үшінші кезең –соңғы баланың әлеуметтік ер жетуі (бой жетуі), табыс табуы мен оның экономикалық тәуелсіздігі, дербестігі, өз бетінше күн көруі арқылы анықталады. Отбасының тіршілік кезеңдері оның ең басты функциясын орындаумен, яғни адам санын көбейтумен байланысты болмақ.
Отбасының бұдан да басқа өмірлік кезеңдері бар, бірақ, осы жоғарыда көрсетілгендер негізгі кезеңдерін құрайтындықтан осылармен шектелеміз. Кейінгі уақытта жас отбасын зерттеуге жете назар аударылуда. Көпшіліктің ұйғаруымен жас отбасы мынадай белгілермен сипатталады: некеге отырғандардың жасы 30-дан аспайды, бірігіп өмір сүруі 5 жылдан артық емес. Ерлі-зайыпты адамдар бірінші рет некеге отырған. Бұл сипаттама жас отбасын басқалардан ерекшелеп көрсетеді.Жас отбасынан басқа мосқал, кексе адамдардың отбасы бар, ал, толық жетілген отбасы деп мосқал отбасы мен жас отбасы арасындағы отбасын айтамыз.
2. Отбасының тәрбиелік мәні. Отбасының ең маңызды қызметінің бірі-тәрбиелеушілік міндеті; оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі-баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті. Ата-ананың басқа да отбасы мүшелерінің, әсіресе естиар ұрпақтың беделі, өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұрысы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп силауы-бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Отбасынан тыс та тәрбие бар. Қазақ «ұлың өссе, ұлы жақсымен, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас, көршілес бол», -дейді. Қиналарлық жағдайлар да бар. Арақ ішу, тәртіп бұзу, бұзақы сөздер сөйлеу, жатып ішерлік-мұның бәрі адам тәрбиелеуге теріс әсерін тигізеді. Отбасының тәрбиелеушілік міндеттеріне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқауы керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күннен бастап олардың қабілетін байқап, оған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет. Балалардың үздіксіз дамуы, творчествалық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Бұл іс отбасының естиар мүшелерінің тікелей міндетіне жатады: әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта аса маңызды мәселенің біріне айналды. Отбасының бұл қызметін іске асыру ерлі-зайыптылардың некеден алған қанағатына, отбасының беріктігіне, өмірдің қуанышы мен бақытына байланысты. Отбасының бақыты сүйіспеншілікті нығайта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет