6- тақырып Жасөспірімдердің қылмыскерлігі және оның алдын алу шараларының психологиялық және педагогикалық негіздері Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі ағзалардың барлығына тән ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Бала мінез-құлқында әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өз-өзіне бақылау жасау арқылы мінезіндегі кемшілктерін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, тапсырылған істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді [38].
Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды [39].
Психикалық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық үдерістерге әсер етеді.
Қандайда бір іс-әрекеттің бағалануы оны қандайда бір нормамен салыстыру арқылы іске асады. Проблемалық іс-әрекетті жиі девиантты деп атайды. Девиантты мінез-құлық психологиялық денсаулық, құқықтық, мәдениеттік немесе жалпы қабылданған нормадан ауытқу әрекетінің жүйесі.
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекеті [40].
Қиын бала тақырыбында 20-30-жылдары П.П. Блонский, Г.А. Фартунатова, Л.С. Выготский, А.С Макаренко, С.Т. Шацкий, В. И. Куфаев, С. Балаубаев, И.Л. Стычинский, В.Н. Мясищев және басқалар зерттеп, еңбектер жазды. Ал 30-жылдардың аяғы мен 40-жылдарда аталған зерттеу жұмысы аз жүргізілді, немесе мүлдем жүргізілмеді десе де болады. 50-шы және 60-жылдары бұл мәселе тереңірек зерттеліп, ол туралы бірқатар еңбектер жазылды. Қазіргі кезде қозғалып отырған тақырып Л. Бажович, Л.С. Славина, Т. Миньковский, Г.П. Медведев, И.Ф. Назаров, М.М. Муканов, Г.А.Уманов, Э.Шыныбекова, К. Бегалиев, Қ.Б. Жарықбаев және басқалардың еңбектерінде әр қырынан сөз болды. Аталған еңбектердің авторлары осы мәселенің пайда болу себептерін ашып көрсетіп, тәрбиеленуі қиын балаларға сипаттама береді және оларға педагогикалық әсер етудің жолдарын көрсетеді. Осыған қарамастан, «қиын» балаларды тәрбиелеу мәселесі педагогика, психология және криминалистика ғылымдарының әлі де болса толық зерттелмеген мәселесі болып отыр [26]. Көптеген ғалымдар қиын бала мәселесі туралы өздерінің еңбектерін жазды. Атап өтсек қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Л.С.Выготский (1928) еңбектерінде талқыланады, сондай-ақ А.С.Макаренконың, С.Т. Щацкийдің, П.П.Блонскийдің, В.Н.Мясищевтің тәжірибелерінен де үлкен орын алады. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлкен орын алады. Аталмыш мәселенің ары қарай талқылануына үлкес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.
Мәселен, бұлардың ішінде В.Н. Куфаевтың еңбегі назар аударарлық. Ол «қиын» балалардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады, «…өсіп, ер жету, әлеуметтік жағдайына байланысты, бетімен кету дәрежесіне қарай, әр түрлі себептерге байланысты өз мінез-құлқының ерекшелігіне қарай... мұндай балалар өздеріне ерекше тәсілмен қатынас жасауды және олармен тиісінше жұмыс жүргізуді талап етеді»,- деп көрсетеді.
Тәрбиелеуі «қиын» жасөспірімдерді психологиялық жақтан бақылап зерттеу туралы М.А. Алемаскин-тәрбиелеуі «қиындар» проблемасы көп факторлы құбылыс, бұл проблеманы педагогтар, психологтар және заң қызметкерлері зерттеуі қажет,-деп жазады.
Аномалды балалар-дене және психологиялық дамуында айқын ауытқулары бар балалар. Соңғы он жылдардағы ғылыми зерттеулер балалардың соңғы екі категориясы арасында аралық буын бар екенін дәлелдеді, осы аралық буынға оқудағы қиыншылықтары және мінез-құлығындағы ауытқулары бар балалар жатады, оларды көбінесе «қауіп-қатер балалары» деп атайды. Олардың бойында дене және психологиялық дамуында көзге көрінетін аномалиялары жоқ.
«Девиантты мінез-құлық» әлеуметтік, криминологиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде, «ауытқулық», «патологиялық», «бейәлеуметтік», «деликвенттік» және т.с.с. бірқатар сарапшылардың белсенді түрде қатысуымен кең таралған. Сонымен қатар, кейбір ғалымдардың пікірінше көрсетілген терминдер синонимдік [41] болып табылады, басқалары оларға түрлі мағына береді [42]. Нәтижесінде қарастырылатын терминнің мағынасы психикалық тұрғыдан ауру және сау адамдардың мінез-құлқындағы бұзылулардың барлық формаларына тарала отырып не кеңейеді, не сау адамдардың ғана мінез-құлқындағы ауытқуларға дейін тарылады. Бұл жағдай терминологияны және жоғарыда көрсетілген түсініктердің мазмұнын анықтауды талап етеді.
Қазіргі кезде ең кең тарағаны «ауытқыған мінез-құлық» термині, ол қабылданған әлеуметтік нормаларға сәйкес келмейтін іс-әрекеттер мен қылықтарын белгілеу үшін қолданылады [41; 43; 44; 45; 46]. Мысалы, А.С.Белкинның пікіріне сәйкес, оқушылардың мінез-құлқындағы ауытқулар деп мектеп тәртібінің нормалары мен ережелерін бұзуды түсінуге болады [43]. И.В.Акинфиевтың ойынша, бұл мінез-құлық толықтай немесе белгілі бір дәрежеде қоғамның моральды нормаларына қарама-қайшы келетін және жеткіншектің психологиялық ерекшеліктеріне, тәрбиелеу және даму жағдайларынына себепші болады [42]. В.А.Попов әлеуметтік нормаларға қарама-қарсы келетін индивидтің мінез-құлқы, өмір сүру салты, қызмет түрі ретінде әлеуметтік ауытқулардың жалпылама түсінігін енгізуді ұсынады [46].
Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарағанда, ауытқулық мінез-құлыққа айқынырақ түсінік З.А.Раевскаяның зерттеулерінде берілген, ол мінез-құлықты девиантты деп атайды да, мектептік және өнегелілік нормаларға сай емес деп береді. Мұндай түсіндіруде, автордың пікірінше, девиантты мінез-құлықтың криминалдықтан айырмашылығы құқық нормаларын бұзуды жорамалдамайды, ал аномалиялықтан айырмашылығы – ол тек психикалық жағынан сау балаларға тән. Мұндай мінез-құлықтың қалыпты белгілері ретінде ғалым жағымды қызығушылық және ұмтылыстың болмауын, тәртіпсіздігін, дау-жанжалға бейімдігін, қырсықтығын, ашу-ызашылығын, қоғамның жақтырмауын көрсетеді.
Педагогикалық теория және тәжірибесінде қарастырылып отырған құбылыстың болмыс анализінің мазмұнында «қиындықпен тәрбиеленетін» және «педагогикалық жағынан қараусыз қалған» жеткіншек түсініктер дифференциясы белгілі назар аударуды талап етеді. Бірқатар ғалымдардың жұмыстарында [47; 48; 49] дамып келе жатқан педагогикалық қараусыз қалушылық нәтижесінде қиындықпен тәрбиеленушілік құбылысы заңды болып келе жатыр. В.А.Крутецкийдың пайымдауынша, «қиындық келтіретін балалар- педагогикалық қараусыз қалған балалар, біреумен, бір жерден, кеткен педагогикалық қателік, ... олардың жеке тұлғаны түзеу бойынша уақытылы шара қолданбағандық» [50].
Л.М.Зюбин басқаша ойлайды. «Қиын» және «педагогикалық қараусыз қалған» деген түсініктердің теңдестірілуіне қарсы бола тұрып, ол оқушыларды тәрбиелеу жұмысы барысында түрлі себептер туындайды. Олар педагогикалық қараусыз қалудан басқа психологиялық бұзылу, ақыл-ой дамуында уақытша кідіруі, психонервтік процесстердің тез әлсіреуі және т.б. сияқты себептерден болуы мүмкін [51]. Овчарова қиындықпен тәрбиелеушілік үдерісі себепші болатын көптеген факторлардың барын ескере отырып, «әлеуметтік-педагогикалық қараусыз қалу» терминін қолдану қажеттілігін айтады [49]. Алайда, келіспеушіліктерге қарамастан, нормадан ауытқитын түрлі мінез-құлықтардың заңдылықтарының және маңыздылығын кешенді зерттеу қажеттілігі туралы оймен көптеген ғалымдар келіседі [50; 51; 52; 46].
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлқына қатысты өзінің сыртқы көріністері бойынша деликвенттікке ұқсайды, алайда қылмыстық заңдылықтар аясына кірмейді. Бұл «қылмыстық жазаланбайтын заңбұзушылық сипатына ие болатын, қабылданған нормаларға қарсылас мінез-құлық» [53]. И.С.Конның анықтауынша, девиантты мінез-құлық-бұл «құқық, мәдениет немесе моральдың жалпы қабылданған нормалардан ауытқыған іс-әрекеттер жүйесі» [54]. Е.Д.Дедков және Е.Г.Дидедкул девиантты мінез-құлық қоғамға қауіпті немесе жағымсыз қабылданған әлеуметтік нормалардан ауытқыған мінез-құлық [55]. Ал деликвенттік мінез-құлық, қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттерді [56] ұсынатын, қылмысты мінез-құлық болып табылады [57]. Осылайша, «девиантты мінез-құлық» және «деликвенттік мінез-құлық» түсініктері теңдес болмайды, өйткені индивид мінез-құлқындағы бұзылулардың түрлі дәрежедегі көрсетулерді білдіреді.
Жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаларды анализдеу және зерттеу негізінде девиантты мінез-құлық феноменін біз психикалық жағынан сау индивидтің қоғамдағы оның белгілі бір даму кезеңінде қалыптасқан нормалар мен ережелерге сәйкес емес, немесе қарсы іс-әрекеттері немесе жеке қылықтар жүйесі деп өзімздің анықтамамызды ұсынамыз.
Девиантты мінез-құлықтың мәнін ашу–диалектикалық бірлікте шығатын биологиялық, әлеуметтік, психологиялық сияқты оған себепші болатын факторлар жиынтығының рольін ұғынуды талап етеді. Фактор ретінде біз белгілі бір жағдайда себепке айналып, қандай да бір үдеріс немесе құбылыстың ағудың қажетті шарты бола алатын қозғаушы күшті түсінеміз [53; 58]. Жеке тұлғаның дамуындағы факторлардың салыстырмалы салмағы ғалымдармен бірдей түсіндіріледі. ХХ ғасырдың ортасындағы бейәлеуметтік тұжырымдамалардың танымал авторлары биологиялық факторларға: дене құрылысына (У.Шелдон), физикалық ерекшеліктерге (Ч.Ломброзо), мінез-құлықтың белгілі бір көрсетулеріне адамның генетикалық бейімі (А.Геззел), Д.Бромлей, А.Айзенк және т.б. шешуші мағына береді. Нейрохирургия мен генетика (Э.Уилсон, С.Джефери) жетістіктеріне сүйенетін қазіргі биологизаторлық теориялар, сәтсіз балалармен тәрбие жұмысында пайдаланатын биопсихикалық, психотерапиялық және медициналық көмек әдістерін өңдеуге арналған негіздемелер болды. Алайда мұндай әдістер шектеулі мүмкіндіктерге ие және өз бетімен белсенді емес педагогикалық әсер етуінсіз жеткіншектің девиантты мінез-құлқының алдын-алу бойынша жұмысы нәтижелілігін қамтамасыз ете алмайды.
Белгілі бір ғылыми қызығушылық психологиялық бағытты көрсетеді, олардың авторлары ауытқушы мінез-құлықтың әлеуметтік тамырларына сілтейді (С.Беккер, Ф.Танненбаум, У.Томас және т.б.). Олардың ойынша девианттықтың дамуын қоздыратын басты факторлардың бірі «әлеуметтік таңба», ол индивидті «тәртіпті бұзушылармен» алдын-ала теңдестіруден тұрады [59]. Бұл ғылыми бағыттың өкілдері девиантты мінез-құлықтың дамуын қоғамдағы өзгерістермен түсіндіреді, олардың нәтижесінде бұрынғы бағыттар өздерінің мағынасын жоғалтады, ол өз алдына қоғамның қайта ұйымдастырылуына әкеледі, оның барысында біреулері ескі нормалар мен бағалықтарын ұстанса, екіншілері – жаңадан пайда болғандарын ұстанады.
Балаларда девиантты мінез-құлқының детерминация үдерісіне тікелей әсер ететін биологиялық, әлеуметтік және психологиялық факторларды зерттеудің жүйелі тәсілі назарға ие бола алады [60; 39; 52; 60; 61; 62; 49; 53; 63; 64]. Біздің пікірімізше, жүйелі зерттеулер ғана зерттелетін үдеріске шынайы шарттарды ғылыми қамтамасыз етудің объективті суретін бере алады. Осындай тәсіл жоғарыда көрсетілген тұжырымдамалар анализінің негізінде ғалымдар мінез-құлық формаларының құрылу барысында өзара әрекет ететін сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (психологиялық) факторларды бөліп көрсете алады. Осыдан шығар қорытынды, әлеуметтік педагогика, психология ғылымдарында төмендегідей заңдылық орнатылған: біріншіден, сыртқы факторлар ішкі факторлар арқылы әрекет етеді сонымен өздерін анықтайды; екіншіден, ішкі факторлар сыртқылары арқылы әрекет етеді де өздерін өзгертеді [53].