1-тақырып Балалар мен жасөспірімде


- тақырып Психологиялық-педагогикалық түзету іс-шараларының ұйымдастыру негіздері



бет10/10
Дата25.11.2023
өлшемі293,5 Kb.
#126487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
УМК девиантология лекция

12- тақырып Психологиялық-педагогикалық түзету іс-шараларының ұйымдастыру негіздері
Біз ХХI ғасырда ғылыми-техникалық прогресс пен компьютерлендіру ғасырында өмір сүріп отырмыз. Адамзат өзінің дамуында көп ілгері жылжыды.
Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің типтік өзгешеліктері эмоциялық тұрғыдан ашуланшақ, білектің күшіне сену, білекті баланың алдында жалпақтау, мейрімсіздік, дөрекілік қиқарлық, сезімшілдік, менмендік қылықтарымен сипатталады.
Я.И.Гилинскийдің позициясы бойынша, девиацияның көзі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздіктің, әртүрлі әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі айырмашылығының жоғарғы дәрежеде болуында [1].
Ауытқымалы мінез-құлықтың жалпы заңдылықтары ретінде девияциялардың әртүрлі формалары арасындағы өзара тұрақты байланыс деректері баяндалады. Бұл байланыстар бір құбылыс басқасын күшейтетін мүмкін. Мысалы алкоголизм бұзақылықтың күшеюіне әсер етеді. Кейбір жағдайларда керісінше, кері корреляциялық тәуелділігі (адам өлімі, өз-өзіне қол жұмсау деңгейі) қондырылған.
Девианттылықтың байқалуының барлық формалары экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, мәдениеттілік және т.б. көптеген факторларға тәуелділігі де бар.
В.Н.Иванов девиацияның мынадай себептерін белгіледі: бұл маргинализация ұғымында көрініс алған қоғамның әлеуметтік қарым-қатынастарындағы өзгерістер, яғни әртекті әлеуметтік патологиялардың «тұрақсыздығы», «арақашықтығы», «көшуі», «тарауы» [2].
Девиантты мінез-құлық ұғымы шетел әлеуметтанушыларындағы Э.Дюркгеймнің әлеуметтік ұйымдастыра алмаушылық теориясының дамуымен кең етек алды, онда ол девиантты мінез–құлықты жалпы қоғамда қабылданған өлшемдермен келіспейтін мінез-құлықты түсіндіреді [3].
Д.Уолш “әлеуметтік ауытқушылық бұл көп деңгейде жазылып берілген дәреже, яғни бұл обьективті көрініс емес, тек субьективті белгі” деп көрсетті. Дж.Смелзер девиантты мінез-құлықты изоляцияға емделуге, түрмеде қамалуына және басқада құқық бұзудың жазалауларына әкелетін топтық өлшемнен ауытқу деп санады [4]. В.И.Добреньков және А.Н.Кравченко “қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын әрбір қылықты девиантты” деп атады.
Айта кететін жайт, шетел әлеуметтанушыларының қолданысы бойынша девиантты деп қоғамда қабылданған болмашы нәрседен бастап күрделіге жеткізетін әлеуметтік өлшемдерді бұзу. Тар мағынада алатын болсақ қылмыстық кодекске әкелмейтін болмашы іс-әрекеттер [5].
Батыс Европалық оқымыстылардан өзгеше ресейлік ғалымдар “әлеумттендіру” терминінің мазмұнын әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы жеке тұлғаның өмірлік позициясын қалыптастыру мәселелері құрайтындығына баса назар аударады. Сонымен бірге, жеке тұлғаны әлеуметтендіру тұрғысынан айқындайтын мақсатты түрдегі тәрбие үрдісін және оның қалыптасуын стихиялы ықпал ететін әртүрлі өмір тіршілігі жағдайларын қамтитынын көрсетеді [6].
Бұл мәселеге байланысты С.Конның анықтауынша “әлеуметтендіру дегеніміз индивидке әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы жеке тұлға ретінде қалыптастыру үрдісі десе [7], Я.Шепаньскийдің түсіндіруінше “әлеуметтендіру үрдісі – бұл индивидтің әлеуметтік ортаға ендірілуі, оның әлеуметтік ортаға бой ұсынуы”. Бұлардан өзгеше Г.М.Андреева әлеуметтендіруді бір жағынан, тұлғаның белгілі бір әлеуметтік ортаға еніп, онда жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеруін, екінші жағынан, индивид өзінің белсенді іс-әрекетінің ықпалымен әлеуметтік қарым–қатынастар жүйесінің ұдайы толықтырылып отырылуын қамтамасыз ете алуы, әлеуметтік ортаға белсенді түрде қосылуы” – деп анықтайды [8].
Жеке тұлғаны әлеуметтендіруді педагогикалық тұрғыдан қарастыратын атақты педагог А.В.Сухомлинский “Ұжымды тәрбиелеу әдісі” еңбегінде: әлеуметтендіру үрдісі ұжымның тәрбиелік күшін жетілдірудің ең маңызды екенін педагогикалық әдебиеттерден жиі оқуға болады [9].
Бұл мәселенің өзектілігі, оны шешудің бағдарламалық нысандары, 1997 жылғы елбасымыздың Н.Ә.Назарбаевтің “Қазақстан 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” атты халыққа жолдауында жастар, соның ішінде әсресе, өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесі, оларды салауатты өмір салтын насихаттайтын пәрменді іс-шаралар жүргізілуі тиіс” деп нақтылаған және бұл іс-шаралардың: [10].

  • нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес;

  • темекі мен ішімдікті тұтынуды қысқарту;

  • әйел мен баланың денсаулығын жақсарту сияқты негізгі бағыттарын жүзеге асыру ұсынылған.

Бұл мәліметтер Қазақстанның әр аймағында мектеп оқушылары арасында орын алып отырған келеңсіз құбылыстар мен жағымсыз мінез-құлықтық қылықтарды ауыздықтауды, мектептегі тәрбие іс-шаралары мен тәлімдік насихатты істердің, қоғамдық талаптарға сай, ұлттық және жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарды жасөспірімдірдің бойына сіңіру мәнінде жүргізілуін қамтамасыз етеін дәрежеде болуын талап етеді.
Жоғарыда талданған статистикалық зерттеу мәліметінің қорытындысы, біздің алдағы мектеп оқушыларымен жүргізілетін педагогикалық зерттеу жұмысымыздың стратегиясын, әдіс-тәсілдерін анықтап алуымызға мүмкіндік туғызды.
Эксперимент барысында төмендегідей әдіс-тәсілдер қолданылды:

  1. оқушының тақырып мазмұны бойынша өз бетінше және нұсқауларға сүйене отырып пайымдау қабілеттілігін жетілдіруге бағытталған әдістер;

  2. оқушылардың логикалық жүйелі ойлауына ықпал ететін тапсырмалар арқылы, тақырып мазмұнына сәйкес қажетті құндылық нысандарын таңдауға, талдауға үйрететін әдістер;

  3. адамгершілік құндылықтарды қамтитын түрлі тәлім тәрбиелік нысандардың мәнін, маңызын меңгертуге бағытталған және әлеуметтендіру мәселелрін қамтитын тәрбие сағаты, диспуттар, сыныптан тыс тәрбие ұжымдары мен тікелей байланысқа құрылған іс-шараларды эксперименттік жұмыстар барысында қолдану көзделді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет