1-тақырып Балалар мен жасөспірімде


- тақырып Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын психологиялық және педагогикалық түзету



бет9/10
Дата25.11.2023
өлшемі293,5 Kb.
#126487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
УМК девиантология лекция

11- тақырып Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын психологиялық және педагогикалық түзету
Қоғамдағы әлеуметтік толқулар, экономика, мәдениет, білім берудегі дағдарыстар бала мінез-құлқына кері әсер етуде. Соның нәтижесінде балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс саны артып, жасөспірімдік алкоголизм, жезөкшелік, нашақорлық әлеуметтік мәселе болып, физикалық және психикалық дамуында ауытқушылығы бар жасөпірімдер саны көбейіп келе жатыр. Осы ретте көмекке мұқтаж балаларға қолдау көрсететін мамандандырылған әлеуметтік педагогтарды даярлауда қажеттілік туып отыр.
Шетелде әлеуметтік педагогика ғылыми білім саласы ретінде, кәсіби іс- әрекет аймағы және оқу пәні ретінде ХХ ғасырдың 80-жылдарында қалыптаса бастады. Кәсіби білім беру негізінде «әлеуметтік педагогика» деген жаңа мамандық бекітіліп, әлеуметтік педагогтың біліктілік сипаттамасы жасалды, сонымен қатар жетекшілер, мамандар мен қызметкерлердің біліктілік анықтамасына сәйкес толықтырулар енді. Әлеуметтік педагогика императивті «жоғарыдан» енгеннен соң әлеуметтік педагогиканың ғылыми және тәжірибелік аймағы бір уақытта және бір-бірінен алшақ дами бастады: ғылым дұрыс қалыптаспағандықтан тәжірибе ғылымға сүйене алмады, ал ғылым әлеуметтік педагогтың тәжірибелік іс- әрекет аймағы енді қалыптасып келе жатқандықтан ешқандай тұжырымдама жасай алмады. Теория мен тәжірибенің қалыптаспауы әлеуметтік педагогикалық теорияда «әлеуметтік педагогикалық жұмыс» ұғым аясында таласты мәселелер туындады.
Р.В.Овчарованың пікірінше, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бұл балалар мен жасөспірімдердің сәтті бейімделуіне, даяралануы мен интеграциялануына бағытталған нақтылы қоршаған микросоциумда әлеуметтік тәрбие бойынша жүйелі жұмыс. Оның объектісі бала (бала, жасөспірім), ал пәні баланы әлеуметтік тәрбиелеу үдерісі [30] Л..Олифренко әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет деп балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған кез келген іс-әрекетті атайды [31]. Л.Я.Беляева мен М.Я. Беляева әлеуметтік педагогикалық жұмыс объектісі барлық адамдар бола алмайды, тек адамдардың бір бөлігі ғана объектісі болып тек оқу – тәрбие мекемелерінде ғана емес әлеуметтік кеңістіктерде, әлеуметтік ортада, социумда жүзеге асады деп есептеді [31].
Л.С. Нагавкина әлеуметтік педагог жұмыс пәнін екі жақты үдеріс: баланың әлеуметтік өмірдің субъектісі болып қалыптасу үдерісі және педагогикалық бір тұтастық ортаның құрылу үдерісі ретінде анықтады. Сонымен қатар объект әрқашанда нақтылы күрделі өмірлік жағдаят, мақсат жоғарыда аталған екі жақты үдерісті сәтті жүзеге асыру үшін жағдай жасау. [32]
М.А. Галагузова әлеуметтік педагогикалық іс-әрекеттің мәнін бір жағынан тұлға дамуы негізінде, екінші жағынан педагогикалық орта негізінде жүзеге асатын әлеуметтік мәдени бейімделу мен өзін өзі жүзеге асыру қажеттілігі негізінде адам, топ және орта қарым-қатынас үйлесімділігінің тәсілі ретінде анықтайды [33]. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет объектісі мәселесі М.А.Галагузова атап көрсеткендей ішкі (тұлғалық) және сыртқы аспектілері бар, әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет екі құрамдас бөліктерден тұрады: баламен тікелей жұмыс; баланың әлеуметтік-мәдени қалыптасуы және дамуы үшін қабілетті сыртқы ортамен өзара қарым қатынасында делдалдық іс - әрекет[34].
Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет (ӘПӘ) педагогикалық іс-әрекетке ұқсайды, бірақ өзіне тән ерекшеліктері де бар. Әлеуметтік педагогикалық іс -әрекет пен педагогикалық іс-әрекетті салыстыра отырып (1-кесте), М.А.Галагузова отбасы мен мектеп балаға білім беру, тәрбиелеу, дамытуға қажетті факторлармен қамтамасыз етілмеген жағдайларда әлеуметтік- педагогикалық іс-әрекет қолданылады. Барлық балаларға бірдей бағытталып бағдарламалық нормативті сипатқа ие педагогикалық іс-әрекеттен айырмашылығы нақтылы бір балаға оның тұлғасы мен социумін зерттеу арқылы өз мәселелерін өз бетінше шешуге көмектесетін құралдарды анықтап, қарым қатынасқа түсетін ситуацияларды іздеу арқылы индивидуалды мәселелерін шешуге бағытталған «адресті» болып табылады [33].
Осылайша, әлеуметтік педагогикалық жұмыс – балаға оның әлеуметтенуі үдерісінде көмек көрсетуге, қоғамда сәтті өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай туғызып және әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеруге бағытталған педагогикалық жұмыстың түрі.
Делинквентті мінез-құлықтың айырмашылығы құқықтық нормаларды бұзатын бірақ құқықтық жауапкершілікке тартылмайтын асоциалды іс әрекеттер жүйесі.
Делинквентті мінез-құлықтың келесідей түрлері бар:

  1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
    2. Ашкөздік мінез-құлық: кішігірім ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
    3. Наша сату және тарату.

Делинквентті мінез-құлық жасөспірімде ішкі өзін өзі реттеу бақылау жүйерінің әлсіреуіне алып келетін құндылық бағдарларының деформациясы жүретін ішкі факторлардың әсер етуінен де пайда болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет