1-тақырып Балалар мен жасөспірімде



бет1/10
Дата25.11.2023
өлшемі293,5 Kb.
#126487
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
УМК девиантология лекция


1-тақырып Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінезұлқы психологиялық және педагогикалық мәселе ретінде
Тарихқа терең бойлай отырып, біз адамдардың іс-әрекеттерінің іздерін байқаймыз, бұл іс-әрекеттері қазіргі қоғамдық ғылым тілінде девиантты мінез-құлык деп аталады (өзін-өзі өлтіру, нашақорлық, басқаларға агрессивті әрекет, қылмыстық).
Негізге алынатын факт ретінде, біз девиантты мінез-кұлық бұл жүйелі немесе көпжақты анықтаушы (полидетерминтті) құбылыс. Аталған құбылыс пайда болғанда тарихи, макроәлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және жеке тұлғалық факторлар бірлесе әрекет етеді. Сондықтан да девиантты кұбылыстардың себептерінің жиынтығын зерттеу пәнаралық ғылыми міндетті қамтиды. Ғылыми пәндер салаларының ешқайсысында да осы құбылыстарды түсіндіруге және олардың қоғамдық әрекеттерінің алдын алу шараларын даярлауға қажетті барлық ұғымдық құралдар жоқ. Тек қана жалпыға танымал ғылымдар тобы: әлеуметтану, пси­хология, тарих, этнография, құқықтану, педагогика, психиатрия, генетика және т.б. девиантты құбылыстардың барлык «өлшемдерін» тұтас талдай және алынған мағлұматтарды ұйымдастыра алады. Осының барысында психология тұлға деңгейінде девиантты мінез-құлықтың нақты генезисін де («предевиантты синдромды» сипаттай отырып), қоғамдық санкциялардың басты амал-тәсілдерін де, соның ішінде емдеу мен ресоциализацияны да анықтап түсіндіреді.
Осы белімнің міндеті «мінез-құлықтағы ayытқушылық (де­виация)» ұғымын анықтау болып табылады. Девиация (ауытқушылық) көпшілік мақұлдаған нормалар мен белгіленген стандарттардан (моральдық, әлеуметтік, заңдық) ауытқыған мінез-құлық деп есептеледі. Психолоғияда адамның белсенділік деңгейін көрсету үшін іс-әрекет, қарым-қатынас, таным секілді ұғымдармен катар «мінез-кұлық» термині кең қолданылады. Кез келген мінез-құлыққа баға беру әрдайым қандай да бір нормамен салыстыруды кажет етеді. Алайда, өкінішке орай, барлық мүшелері жалпы нормативті талаптарға сай әрекет ететін қоғам жоқ. Ауытқушылық әртүрлі формада кездесуі мүмкін дарындылар, дуаналар, тақуалар, әулиелер, қылмыскерлер және т.б.
Әлеуметтануда ауытқыған мінез-құлықтың пайда болуының себептерін тусіндіретін бірнеше бағытты бөліп көрсетеді. П.Смелзер: «девиантты мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-әрекеттерді түсіну қажет» деп жазған. Кейбір зертуеушілер аталмыш ұғымды анықтауда қосымша, дәлірек анықтайтын белгілерді енгізуді ұсынады. Сонымен, Роберт Мертон «Әдеуметтік құрылым және аномия» атты еңбегінде мінез-құлықта ауытқулардың пайда болуының себептері қоғам ұсыған мақсаттар мен оларға қол жеткізу құралдарының арасындағы келіспеушілік деп есептейді, басқаша айтқанда, адамдар аномия күйіне әртүрлі жолдармен бейімделеді: конформизммен немесе мінез-құлықтағы ауытқулардың әр алуан турлерімен В. Фокс девиантты мінез-құлық «тәртіп бұзушыны түрмеге қамауға немесе басқа жазаға тартуға әкелетін, нормадан ауытқу» деп есептейді. Бұл анықтамалар «девиантты мінез-кұлық» ұғымының мазмұнын едәуір тарылтады, өйткені әлеуметтік-құқық саласының аз ғана бөлігін қамтиды.
XX ғасырдың басында бихевиористтер мінез-құлық психологиялық ғылым пәні деп жариялағаннан кейін, адамның мінез-құлқы туралы ғылыми түсініктер кең тарала бастады. Мінез-құлық психологиясының негізін салушылардың бірі Джон Уотсон (1931) мінез-құлық туралы мынандай пікір айтқан: «мінез-құлық — жұмыртқаның ұрықтануы кезінде пайда болатын және ағзаның дамыған сайын күрделенетін уздіксіз белсенділік ағыны».
Тұлғаның мінез-құлқын зерттейтін бұл пәнаралық саланың қазіргі күйі ынтымақтастық емес, қарама-қарсыластық сияқты көрінеді. Бүгінгі таңда кең тараған әрекеттің бірі девиантты мінез-құлық психологиясы мен психопатологиясының қарама-қарсылығы болып табылады, яғни сау және ауру психикалық іс-әрекет мәселелерін шектеу, оларды бір-бірінен ажыратып қарастыру. Девиантты мінез-құлықтың айқын мысалы — есірткі заттардың қолданылуы. Оның психологиялық мәселесі (есірткіге психоло­гиялык тәуелділік) және медициналық (наркотикті теріс пайдалану), физикалык тәуелділік — нашақорлық. В.Д.Менделевичтің бұл күрделі мәселені ғылыми тұрғыдан қарастыруы өзекті әрі қызықты. Әртүрлі көзқарастардың біржақты, тайыз кәсібилігін ескере отырып, ғалым «девиантты мінез-құлық психологиясының ғылым жүйесінде алатын орны туралы өзінің көзқарасын ұсынады.


девиантты
Психиатрия <> мінез-құлық <-> клиникалық < > психология
ПСИХОЛОГИЯСЫ


Бұл схема девиация түріндегі бір мінез-құлыктық құбылысты мамандардың психопатиялық симптом ретінде де, психологиялық құбылыс ретінде де түсіндіретіндіктерін көрсетеді. И.Д.Менделевичтің пікірінше, «нормадан ауытқыған кез келген мінез-құлық стереотипін девиантты деп белгілеу анағұрлым адекватты болып табылады».


девиантты 1. Психопатологияның белгілерінсіз
Норма <~> мінез-құлық 2. Психопатология негізінде
Автор қалыпты және гармониялық мінез-құлық құрамын бөліп көрсетеді: психикалық үрдістердің теңгерілуі (темперамент қасиеті). икемділік және өзін-өзі актуальдендіру (мінез-құлық ерекшеліктері), имандылық, жауапкершілік, ұяттылық (жеке тұлға денгейінде). Норма да, ауытқушылық та жеке тұлғаның осы аталған үш элементіне негізделеді. Өз көзқарастарының басты ой желісін ескере отырып, В.Д.Менделевич кітабында мынандай анықтама береді: «Адамның девиантты мінез-құлқы қоғамда қабылданған нормаларға қарсы келетін және психикалық үрдістердің теңсіздігінде, бейімсіздікте, өзін-өзі актуальдендіру үрдісінің бұзылуы кезінде және өзінің мінез-құлқына эстетикалық және өнегелі қадағалаудан ауытқу кезінде пайда болатын қылық жүйесі немесе жеке қылық болып табылады» 14-бет].
Қазіргі кезде девиантты мінез-құлықты зерттеу екі бағытта қарастырылады: біріншісі —- психикалық денсаулық нормасынан ауытқыған мінез-құлық ретінде (жүйке аурулары психосоматикалық бұзылулар, патологиялық күй және т,б.); екіншісі «әлеуметтендіру -- дезадаптация — оқшаулау» құқықтық, мәдени және әлеуметтік нормаларды бұзуымен байланысты әлеуметтікке қарсы мінез-құлық. Девиацияның ең айқын көрінісіне делин­квентті (кұқыққа қарсы) және криминалды (қылмыстык) мінез-құлык жатады. Психологиялық сөздікте девианты мінез-құлық «адамның белгілі бір коғамда бекітілген немесе қалыптасқан нормалар мен үміттерге сай келмейтін іс-әрекеті, қылығы» деген мағынада берілген. Сондықтан да ауытқыған мінез-құлық психо­логия, педагогика, психиатрия секілді ғылымдардың зерттеу нысаны болса, әлеуметтік құбыдыс ретінде әлеуметтану, құқық, әлеуметтік психология ғылымдарының зерттеу пәні болып табылады.
С.А.Беличева девиантты мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқуды былайша топтастырады:
а) пайдакүнемдік бағыттар: материалдық, қаржылық, мүліктік
пайда табуға ұмтылумен байланысты заң бұзушылық, теріс қылық.
Бұлар: ұрлық, тонау. Алыпсатарлық, алаяқтық және т.б.;
ә) қастандық бағыттар: жеке тұлғаға карсы бағытталған әрекеттер: тіл тигізу, бұзақылық, ұрып соғу, өлтіру, зорлау және т.б.;
б) әлеуметтік енжар түрлері: белсенді өмір салтынан қашқақтау, азаматтық міндеттерден бас іарту; жеке және әлеуметтік мәселелерді шешуге құлықсыз болу. Бұл топқа жұмыстан, оқудан бас
тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өз-өзіне қол жұмсау және т.б. жатады.
Даму мен мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалар санының артуы әлеуметтік девиация мен мектепке бейімделмеудің оқушылар арасында көбеюі «Девиантология» курсын енгізу қажеттілігін тудырды. Аталмыш курс студенттерді дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылық бар балалармен жұмыс істеуге, сонымен қатар оларды тиімді оқыту мен тәрбиелеуге даярлауды, болашақ мұғалімге психологиялық және педагогикалық түзету жұмыстары әлеміне енуге көмектесуді, бұндай балалармен жұмыс істеудің қиындықтары мен күрделі жақтарын көрсетуді, балалар мен жас өспірімдердің дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқулар мәселесін шешудің арнайы жолдары мен құралдары жиынтығын ашып көрсетуді; педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған және тәрбиелеуі қиын кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеудің алдын алу шараларымен таныстыруды көздейді. Дамуында кемшіліктері мен мінез-құлқында ауытқулары бар кәмелетке толмаған балалармен жүргізілетін тәрбиелік алдын алу және түзету-реабилитациялық жұмыс осы уақытқа дейін оқыту үрдісін ба­ланын жеке тұлғасын «қайта шыңдауға», «кайта жасауға» бағыттайтын қайта тәрбиелеу педагогикасына негізделген әкімшілік жазалау тұжырымына сүйеніп жүзеге асырылды. Сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің арнайы тәрбиелеу мекемелерінің тәжірибесі, Қазақстан Республикасындағы білім беру жуйесінің өзгеруі, мақсатты бағытталған психологиялық және педагогикалық зерттеулердің нәтижелері ерекше педагогикалық назар аударуды талап ететін балалар мен жас өспірімдермен алдын алу жұмыстарында бұл бағыттың келешегі жоқ екендігін көрсетті. Кәмелетке толмаған балалардың девиантты мінез-құлқының алдын алу мен психологиялық және педагогикалық түзетудің жалпы білім беретім мектепте педагогикалық үрдісті ізгіліктендіру мен дарашылдандыру (гумаиизациялау мен индивидуализациялау) қағидаларына сүйенетін тиімді және нәтижелі жолдарын колдану кажеттілігі туындады. Әкімшілік және ресми түрде жарияланатын тұжырымның орнына мінез-құлқы мен дамуында ауытқулығы бар балалар және жасөспірімдермен жүргізілетін тәрбиелеу жұмысының күзету-қорғау парадигмасы (ювеналды психология) қолданылуы тиіс. Аталған бағыттағы басты әрекеттер бейімделу, орнын толтыру, ақтау, тузету болып табылады, Алайда алдын алу психологиясы мен тузету педагогикасы (дефектологиямен салыстырғанда) қалыптасу сатысында тұр. Балаларды «норма ауытқушылық» аясында зерттейтін Ізденіс жұмыстары пайда болды (мысалы. мінезге баса назар аудару, қауіпті топ балалары және т.б.).
Сондықтан да мінез-құлық пен дамудағы ауытқушылықтармен жүргізілетін тузету психологиялық және педагогикалық жұмыстардың болмысы мен табиғатын анықтау үшін арнайы білім беру мекемелерінің ғылыми жаңалықтарына, алдын алу психологиясы мен арнайы педагогика салаларындағы ғылыми зерітеулерге баса назар аудару қажет.
l-тақырып бойынша сұрактар

  1. «Девиантологияның» ғылымның басқа салаларымен пәнаралық байланысы.

  2. В.Д. Менделевичтің ауытқыған мінез-құлық мәселелерін ғылыми зерттеуі.

  1. С.А. Беличеванын девиантты мінез-құлыққа жасаған тұжы-рымдамасы.

  2. Казақстан Республикасындагіғы кәмелетке толмаған бала­ларды тә рбиелеу - профилактикалық және психологиялық түзету жұмыстарының жай - күйі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет