1 тақырып. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда кіріктірілген тәсілді іске асыруды нормативтік-құқықтық



бет1/8
Дата27.09.2023
өлшемі1,26 Mb.
#111233
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1. тема каз.


1 тақырып. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда кіріктірілген тәсілді іске асыруды нормативтік-құқықтық
қамтамасыз ету


ТАҚЫРЫП ЖОСПАРЫ:
1. ҚР Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
2. Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары.
3. Бастауыш білім беру деңгейіндегі жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары.



  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ



Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ББМЖМС)

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңының 56 бабы және 5 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес әзірленген;


оқу жүктемесінің мазмұнына, ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.

ББМЖМС негізінде жүйелік-қызметтік тәсіл жатыр, ол:



  • өзін-өзі дамытуға және үздіксіз білім алуға дайындықты қалыптастыруды;

  • бастауыш сынып оқушылары үшін дамушы білім беру ортасын жобалау және жобалауды;

  • бастауыш сынып оқушыларының белсенді оқу-танымдық қызметін;

  • білім алушылардың жеке жас ерекшеліктерін, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру үрдісін құруды қамтамасыз етеді.



ББМЖМС келесі басты құндылықтарға негізделген:

  • құрмет

  • ынтымақтастық

  • ашықтық

  • қазақстандық патриотизм

  • азаматтық жауапкершілік

  • өмір бойы оқыту



Бастауыш білім берудің мақсатымынадай кең спектрлі дағдылардың негіздеріне ие, білім алушының тұлғасының үйлесімді қалыптасуы және дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру:

  • білімді функционалды және шығармашылық пайдалану;

  • сыни тұрғыдан ойлау;

  • зерттеу жұмыстарын жүргізу;

  • АКТ қолдану шарттары;

  • қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдерін, соның ішінде тілдік дағдыларды қолдану;

  • топта және жеке жұмыс істей білу қабілеті.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет