ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТАТЫН СЫНЫПТАР ҮШІН БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ
Ү лгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) – мемлекеттік нормативтік құжат (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 12.08.2022 ж. № 365 бұйрығымен, ББМЖМС бөлігі ретінде бекітілген), ол бекітеді:
Үлгілік оқу жоспары, бастауыш білім берудің білім беру бағдарламаларын игерудің төрт жылдық мерзімін көздейді
білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемін;
оқу пәндерінің құрамын;
сабақтан тыс жұмыстың бағытын;
сыныптар мен оқу пәндері бойынша білім беру мазмұнын игеруге бөлінетін оқу уақытын анықтайды.
міндетті (инвариантты);
вариативті.
ҮОЖ-ның инвариантты бөлімі – бұл барлық білім беру ұйымдарында іске асыру үшін міндетті білім беру мазмұнының құрылымын, міндетті оқу пәндерінің құрамын және оларды оқу сыныптары (жылдары) бойынша оқуға бөлінетін уақытты айқындайтын жоспардың бөлігі.
ҮОЖ-ның вариативті бөлімі – білім беру ұйымдарында іске асыру үшін міндетті жоспардың бөлігі, білім алушылардың жеке қажеттіліктері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге бөлінген сағаттармен ұсынылған. Білім алушылардың рұқсат етілген апталық жүктемесінің ішінде осы бөлікке бөлінген уақыт білім алушылардың әртүрлі мүдделерін қамтамасыз ететін оқу курстарын енгізу үшін пайдаланылуы мүмкін.
ҮОЖ-ның инвариантты бөлімі алты білім беру саласынан тұрады:
«Тіл және әдебиет»
«Математика және информатика»
«Жаратылыстану»
«Адам және қоғам»
«Технология және өнер»
«Дене шынықтыру»
Ү ОЖ 13 оқу пәндерін қамтиды:
«Әліппе», «Сауаттылыққа оқыту»
«Қазақ тілі»
«Орыс тілі»
«Шет тілі»
«Әдебиеттік оқу»
«Математика»
«Жаратылыстану»
«Цифрлық сауаттылық»
«Көркем сурет»
«Еңбекке баулу»
«Дүниетану»
«Музыка»
«Дене шынықтыру»
Міндетті және ең жоғары жүктеме деңгейі, «Білім беру нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидаларына сәйкес келеді. (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 29.12.2014 № 179 бұйрығымен бекітілген).
Достарыңызбен бөлісу: |