ББМЖМС–ге келесі міндеттер қойылған:
оқуды, жазуды үйрету;
оқу іс-әрекетінің тәсілдерін үйрету:
ойларды қисынды түрде жеткізу, себеп-салдарлық байланыстар орнату,
жас ерекшеліктеріне сәйкес ақпаратты іздеу, талдау және түсіндіру дағдыларын дамыту;
үштілдік білім беру саясатын жүзеге асыру;
білім алушының үлгерімін объективті бағалауды қамтамасыз ету және одан әрі жеке даму траекториясын құру мақсатында, білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін пайдалану.
Б астауыш білім берудің мазмұны оқыту нәтижелеріне бағдарланады және мынадай аспектілерді ескере отырып айқындалады:
қазіргі қоғамның динамикалық сұраныстарына сәйкес келу;
сыни, шығармашылық және позитивті ойлауды дамыту қажеттілігі;
оқу пәндерінің мазмұнын кіріктіруді күшейтудің орындылығы;
оқу, тәрбие және даму бірлігін қамтамасыз ету.
Бастауыш білім берудің мазмұны, алты білім беру саласы бойынша құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған:
«Тіл және әдебиет» білім беру саласының мазмұны:
Қазақстан аумағында тығыз тұратын этностарды, оқыту тілі бар білім беру ұйымдарында, «Тіл және әдебиет» білім беру саласына, осы этностың «Ана тілі» оқу пәні қосымша кіреді. Ұйғыр/өзбек/ тәжік тілінде оқытатын білім беру ұйымдарына арналған, «Ана тілі» оқу пәні үлгілік оқу жоспарының инвариантты құрамына енгізіледі.
Әліппе, Сауаттылыққа оқыту;
Қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі;
Орыс тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі;
Қазақ тілінде оқытпайтын сыныптардағы қазақ тілі;
Орыс тілінде оқытпайтын сыныптардағы орыс тілі
Әдебиеттік оқу;
Шет тілі оқу пәндерінде жүзеге асырылады.
«Әліппе», «Ана тілі» пәндерінің әріпке дейінгі және әріптік кезеңінің міндеттері, бірінші жартыжылдықта «Әліппе» оқулығымен, екінші жартыжылдықта қазақ тілінде оқытатын білім алушыларға арналған «Ана тілі» оқулығымен жазудан кейінгі кезең жүзеге асырылады.
«Букварь», «Сауаттылықты оқыту» бірінші жартыжылдықта, «Букварь» оқулығымен, екінші жартыжылдықта орыс тілінде оқитын білім алушыларға арналған "Сауаттылықты оқыту" оқулығымен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |