Углеводтардың алмасуы. Зат алмасудың жалпы заңдылығы. Углеводтардың ыдырауы. Тірі организм дегеніміз- белгілі құрылымы бар биологиялық система. Тірі организмде үзіліссіз зат
алмасу жүріп жатады. Зат алмасу дегеніміз өзі оргнизмде жүріп жататын барлық химиялық
процестердің жиынтығы. Организмдегі зат алмасу тіршіліктің нгеізгі белгісі болып табылады. .
тірі организм зат алмасудың нәтежиесінде пайда болып жарыққа шығады, тіршілік етеді, өсіп
жетіледі.
Соңғы кездерде зат алмасу дегеннің орнына метаболизм термині жиі қолданылады. Организмдегі
зат алмасу (метоболизм) екі процестен тұрады.: каоболизм және анаболизм.
Катаболизм – күрделі органикалық қосылыстардың ыдырап, қарапайым молекулаға айналуы.
Азық- түлік жем шөп арқылы организмге енген және тканьдар меноргандарға барған белоктар,
липидтер, углеводтар бірқатар катоболиздік реакциялар нәтежиесінде ыдырап, ақырғы өнімге
айналады да сыртқа бөлініп шығады. Анаболизм – бұл белоктар, липидтер, нуклеин
қышқылдарының және клетка тканьдегі басқа да биомолекулаларының синтезі. Мұндай синтез
катаболизм кезінде пайда болған заттардың есебінен іске асады.
Углеводтардың ыдырауы. Углеводтар жануарлар үшін негізгі қорек. Ол азық рационының 70
пайыз шамасындай. Ал адам қорегінің 50 пайызы углеводтардың үлесіне тиеді. Қорытылу
ерекшілігіне қарай углеводтарды мынадай екі топқа бөледі: 1) крахмал, гликоген, сахароза,
лактоза, 2) целлюлоза, маннандар, лигнин, пектиндер, пентозандар және т.б. Екінші топқа
жататындар углеводтарды омыртқалылардың бәрі бірдей қорыта алмады. Оларды күйіс
қайыратын және кейбір жануарлар ғана микробтық ферменттердің көмегімен қорыта алады.
Крахмалдың, гликогеннің ыдырауы ауыз қуысынан басталады, ол екеуінің қорытылуына аздап
болса да сілемей ферменттері әсер етеді. Сілемейдің негізгі қызметі- қоректі ылғалдандыру, сөйтіп
оның шайналуына және ас қорыту жолымен жүруіне жағдай жасау. Сілемейдің құрамында
шырышты гликопротеидтер бар, олар қорекке жағылып, оны жұмсартады.
Сілемей дегеніміз түссіз (қойда, жылқыда), немесе азғана майлы су түсіндей (сиырда, итте) сұйық
зат. Ірі қараның және қойдың сілемейінің рН көрсеткіші 8,2-8,5, жылқыда 7,2-7,8, адамда 6,9-7,0.
Күйіс қайырмайтын мал асқазанында углеводтардың ыдырауы. Қоректік заттар ауыз қуысынан
әрі қарай сөлінің күшті қышқылдық реакциясы бар қарынға түседі. Қышқыл ортада сілемейдегі
амилаза ферменті өзінің әсерін тоқтатады да , углеводтар одан әрі ыдырамайды. Қарын сөлінде
амилаза ферменті болмайды. Крахмал амилазадан және амилопектиннен құралады. Ол екеуінің
ұйқы безінен шыққанамилаза ферменті әсерінен болатын гидролизі ретсіз емес, 2-6
байланыстарды альфа байланысы бойынша біртіндеп ыдырату жолымен жүреді.
Гликогеннің ыдырауы. Гликогеннің маңызды қасиетінің бірі- оның организмнің қажет етуіне
қарай қор ретінде жиналатындығы және ыдырап глюкозаға айналатындығы. Гликогеннің ыдырау
процессі гликогенолиз деп аталады. Қан қүрамындағы глюкоза мөлшері төмендеген кезде
адреналин және глюкоган гармондарының әсерінен цАМФ синтезі күшейеді де гликогенолиз
процесі жүреді. Гликогеннің бұлшықетте көбірек ыдырауын адреналин іске асырады., глюкагон
гармоны гликогеннің бауырда ыдырауына күштірек әсер етеді.
Гликогенолиз мынадай кезеңдерден тұрады: 1) Гликогеннің ыдырау реакциясы фосфоролизден
басталады, бұл кезде гликогеннің шеткі глюкозасы фосфоролиздік жолмен (гидролиздік емес)
ажырайды да, оған бейорганикалық фосфат қосылады. 2) Гликогеннің фосфоролиздік жолмен
ыдырап ажырауы нәтежиесінде түзілетін глюкозо-1- фосфат, фосфоглюкомутаза ферментінің
әсерімен қайтымды изомерленеді де , глюкозо -6- фосфатқа айналады. 3) Глюкозаның босап
шығуы. Бауырда глюкозо-6- фосфотаза ферментінің әсерімен глюкозо-6- фосфат гидролизденеді
де, бос глюкоза мен бейорганикалық фосфат бөлініп шығады. Бұл реакция қайтымды емес.