1-тақырып. Биологиялық химияға кіріспе. Биологиялық химияның даму кезеңдері. Биологиялық химияның қол жеткізген табыстары



Pdf көрінісі
бет13/28
Дата15.04.2023
өлшемі404,08 Kb.
#82742
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
лекция биохимия 2022

Гликогеннің синтезделуі. 
Клеткадағы углеводтар тотығу және энергия бөлу үшін ең тиімді субстрат. Бірақ клетка 
энергетикалық материал ретінде глюкозаны қор үшін жинай алмайды. Әсіресе қаңқа 
бұлшықеттеріндежәне бауырда қор үшін жиналатын тиімді углевод – гликоген. Қандағы 
глюкозаның айтарлықтай бөлігі осы ткандерге жиналады да, геликогенге айналады. Бұл процесс 
(гликоген түзілу) деп аталады. Гликогенез шағын мөлшерде жануарлардың барлық тканьдерінде 
дерлік кездеседі. 
Бұлшықеттерде және бауырда гликогеннің түзілуін қысқаша қарастырамыз. 
1. Гликогеннің синтезделуі АТФ энергиясы есебінен бос глюкозаның фосфорлануы арқылы 
басталады, бұл реакцияны гексокиназа ферменті (м.м104000) катализдейді, бұл фермент 
барлық клеткада кездеседі. Осы реакцияны катализдейтін екінші фермент глюкокиназа 
(м.м 2 000 000), бұл фермент организм туғаннан кейін екі жеті өтісімен пайда болады. 
Глюкозаның фосфорлану реакциясы магний ионы қатысында глюкозо-6-фосфат түзілу 
арқылы жүреді. Глюкозо -6- фосфат- гликогенннің метоболизмі кезінде негізгі заттың 
біреуі. 
2. Фосфоглюкомутаза ферментінің (м.м 62000) әсерімен глюкозо-6- фосфат қайтымды 
изомерленіп глюкозо-1- фосфатқа айналады. Глюкозо-6-фосфат- глюкозо1 фосфат 
3. Гликоген синтезіндегі аса маңызды кезең уридинтрифосфаттың (УТФ) қатысуымен 
глюкозаның активтенуі және глюкозаның активті формасы – уридиндифосфатглюкозаның 
түзілуі. Глюкоза-1-фосфат+УТФ-УДФ-глюкоза+пирофосфат. Бұд реакцияны глюкоза-1-
фосфатуридилтрансфераза ферменті катализдейді. 
4. Гликоген синтезінің қорытынды кезеңінде гликоген- синтетаза деп аталатын фермент 
реакцияға кіріседі, ол фермент глюкозаны УДФ- глюкозадан шығарып, полисахаридтардің 
өсіп бара жатқан тізбегіне қосады. Гликогенездің бұл сатысы өте күрделі және оның 
механизмі негізінен анықталған. Біз оны схема түрінде ғана береміз.
Гликоген синтезделуінің соңғы кезеңін қарапайым түрде былай көрсетуге болады. 
нУДФ-глюкоза----(С6Н10О5)н+н(УДФ) 
Гликоген молекуласы тармақталуының бағалы биологиялық маңызы бар. Ол полисахаридтердің 
ерігіштігін арттырады және оған катоболизм ферментінің әсерін күшейтеді. 
Гликоген синтезін инсулин гармоны стимульдейді, инсулин гликогенездің бірқатар 
ферменттерінің активтенуіне , солардың ішінде гликоген- синтетаза ферментінің активтенуіне 
қатысады. 


16- тақырып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет