1-тақырып. Биологиялық химияға кіріспе. Биологиялық химияның даму кезеңдері. Биологиялық химияның қол жеткізген табыстары


Углеводтар /Көмірсулар/. Көмірсулар қызметі. Көмірсулар классификациясы



Pdf көрінісі
бет10/28
Дата15.04.2023
өлшемі404,08 Kb.
#82742
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
лекция биохимия 2022

Углеводтар /Көмірсулар/. Көмірсулар қызметі. Көмірсулар классификациясы. 
Монсахаридтер. Моносахаридтердің циклдік формалары. Мносахаридтердің қасиеттері. 
Маңызды моносахаридтер. Дисахаридтер. Сахароза, лактоза, мальтоза, целлобиоза. 
Химиялық құрамы, формулалары, қасиеттері.  
Углеводтар немесе қанттар өсімдік организмінде синтезделеді. Углеводтар- барлық тірі 
организмде негізгі энергия беретін зат және көміртегінің көзі. Ал көміртегі дегеніміз- бүкіл 
тіршіліктің негізгі элементі.Өзінің атынан да көрініп тұрғандай «углеводтар» деген термин 
көміртегі мен су деген екі сөзден құралған. Қазіргі кезде құрамына кіретін сутегі мен оттегінің ара 
салмағы формуладағыдан өзгеше де заттар кездеседі, бірақ олар да сөз жоқ углеводтар класына 
жатады. 
Углеводтардың қызметі алуан түрлі. Ең алдымен углеводтар-өсімдіктер мен жануарлар клеткасы 
үшін энергия аккумуляторы, қуат көзі /глюкоза, крахмал, гликоген/. Бірқатар углеводтар 
өсімдіктер мен бактерия клеткаларының қабығы целлолозаның мықты талшықтарынан тұрады. 
Оны гемицеллюлоза, пектин және лигнин сияқты полисахаридтер бекемдейді.Бактерия 
клеткаларының қабырғасы құрамында азотты полисахаридтер бар , қатты да саңылаулы қабықтан 
құралады. Жануарлар белоктары мен липидтердің өздеріне тән ерекшелігі де углеводтарға 
байланысты. Моносахаридтер және бірқатар дисахаридтер белоктармен ковалентті байланысып 
гликопротеидтер, ал олар өз кезегінде липидтермен өзара әрекеттесіп гликопротеидтер құрайды.
Углеводтардың адам қанының қандай топқа жататынын анықтаудағы және клеткаларды ажыратып 
білудегі клетка сыртының ресепторлы қызметі өте маңызды. 
Өз молекулаларының күрделігіне қарай углеводтар 3 классқа бөлінеді. Олар: 
Моносахаридтер, дисахаридтер мен олигосахаридтер және полисахаридтер. Моносахаридтер 
гидролизденбейді, оларға: глюкоза, фруктоза, галактоза, манноза, рибоза және дезоксирибоза т.б. 
жатады.
Моносахаридтер – ең қарапайым углеводтар. Олар – құрамында бірнеше гидроксил топтары бар 
альдегидтер немесе кетондар, сондықтан альдозалар, не кетозалар деп аталады. Өзінің құрамына 
кіретін көміртегі атомдарының санына және гидроксильдік топтар санына ққарамай альдозаларда 
альдегидтік топ , ал кетозаларда карбонильдік топ функциональдық топтар болып табылады.
Гексозалар. Гексозалардың негізгі өкілдері: глюкоза (жүзім қанты), фруктоза (жеміс қанты), 
галактоза және манноза. Бұлардың ішінде тек фруктоза ғана кетозаға жатады, басқалары 
альдозалар. 
Моносахаридтің циклдік формалары. Осы уақытқа дейін сөз болған углеводтардың құрылымы 
ациклдік болатын. Ал шындығында моносахаридтер ерітіндісінде негізінен олар тұйық циклдік 
құрылым түрінде болады. У.Хеуорс (1929) қанттардың формуласын, оның сақинасының 
жазықтығында сақина ғана емес сонымен қатар сутегі атомдарының және гидроксильдік топтың 
орналасуы айқын көрініп тұратындай етіп беру керектігі жөнініде ұсыныс айтты.
Моносахаридтердің қасиеттері. Қантардың химиялық қасиеттері олардың молекуласы құрамында 
әрекет жасаушы альдегидтік және котондық, сонымен қатар гидроксильдік топтардың болуына 
байланысты. Сондықтан қанттар альдегидтерге , кетондарға және спирттерге тән реакцияларға 
қатысады.
Дисахаридтер мен олигосахаридтер. Табиғатта бос күйінде кездесетін дисахаридтар- сахароза мен 
лактоза кездеседі. Ал, крахмал гликоген және целлюлоза полисахаридтері шала гидролизденгенде
мальтоза, изомальтоза, целлобиоза түзіледі. Дисахарилтер гидролиз кезінде моносахаридтердің екі
ыдырайды. Сахароза глюкоза мен фруктоза қалдықтарынна құралады. (Қызылша н-е қамыс қанты) 
Лактоза (Сүт қанты). Бұл галактоза мен глюкоза молекуласының қалдығынан тұрады. Мальтоза 
крахмал мен гликогенннің шала гидролизденуі нәтежиесінде алынатын өнім болып табылады. 
Изомальтоза мальтоза сияқты крахмалдың және гликогенннің шала гидролизденуінен тұрады. 
Целлобиоза целлюлозаның шала гидролизденуінің өнімі. 


13- тақырып. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет